Türk Ulus Budun
Would you like to react to this message? Create an account in a few clicks or log in to continue.

You are not connected. Please login or register

Сартай батыр Байжанұлы

Go down  Message [Page 1 of 1]

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Хочу разместить тут информацию о Сартай батыре Байжанулы, о герое фильма "Жау жүрек мың бала".

Из Википедии:

Сартай Байжанулы (1711 — 1785) — батыр.

Происходил из подрода Жакайым рода Шекты племени Алимулы Младшего жуза.

Родился недалеко от аула Аралкум Аральского района. В 32 года был избран бием Родов Торткара Шекты Каракесек Таз и Тама за боевые заслуги.

Имя Сартая часто встречается в письменных источниках, таких как:

А. И. Левшин “Описание киргиз-кайсацких орд и степей”
А. И. Тевкелев “Дневники”
М. П. Вяткин “Сырым батыр”.

Тевкелев в своих дневниках пишет что встретился с ним 6 марта 1732 года. По "Реформе управления Младшим жузом" барона Игельстрома 1785 года племенем Алимулы управляли Сартай батыр, Кара Кобек би, Муратбек би.

Нурмагамбет Косжанулы написал героический эпос "Мың бала", который также называется "Сартай батыр", где описывались подвиги батыра. За это произведение Н.Косжанулы в 1937 году был репрессирован, а эпос оказался под запретом. В нем рассказывается как 15 летний Сартай возглавил войско из 1000 юношей и девушек, и что они были в составе войска Абулхаир хана. Есть реальные исторические сведения о том что Сартай участвовал в сражениях - Шубартениз, Калмак кырылган и Аныракай.

По сведениям из уст народа Сартай был не только батыром, но и бием. Из писем Тевкелева и Мейера мы видим что Сартай би НЕ поддерживал  вступление Младшего жуза в состав Российской империи.
Он был одним из предводителей шектинцев, которые подняли на кошму и избрали ханом Батыр султана.

По просьбе самого батыра, он был похоронен в пустыне Кызылкум Кызылординской области в некрополе Косым кожа.

В 2011 году на основе фактов из жизни Сартай батыра был снят художественный фильм "Жаужүрек Мың Бала".

2011 год в Аральском районе Кызылординской области был объявлен годом Сартай батыра так как в том году батыру исполнилось 300 лет



Last edited by Бипыл on Sat 6 Jul 2013 - 19:26; edited 5 times in total

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

В статье ниже приводятся имена знаменитых батыров из Приаралья которые входили в войско Сартай батыра.

"МЫҢ БАЛА" ЖАСАҒЫ

Ата-бабаларымыз аңсап өткен тәуелсіздіктің оңайлықпен келмегенін бүгінгі жас ұрпақтың санасына сіңіре беру алдыңғы толқынның парызы. Осы ретте аудан басшысы Нәжмадин Мұсабаевтың «балала­ры­­мыздың тарихи тамырынан кіндік үзбеуі тиіс, ұрпақ өзінің тарихын, тұлғаларын біліп өссін» деуі орынды. Міне, бұл үлкен тәрбие. Оларды Мың баладай жаужүрек етіп тәрбиелесек, олардан Отанын сүйетін, елжанды, ұлттық құндылықтарымызды қадірлейтін ұрпақ өсіп шығары сөзсіз.

Осыдан үш ғасыр бұрын 17 жастағы Сартай мен 13 жастағы Жылқаман мың ба­ладан топ ұйымдастырып, жоңғарларға қарсы соғысқа аттанады. Жас балалар басқыншыларға қарсы жан аямай күрес­кен қазақ сарбаздарына үлкен көмек көр­сетеді. Олардың соғысқа мінетін аттарын баптайды, қару-жарақтарын қайрай­ды. Әс­кери тапсырмаларды орын­дап, барлау жұмыстарын жүргізгенін зерттеп жазған еді республикаға еңбегі сіңген жаттықтырушы, жерлесіміз, журна­лист Өмірзақ Жолым­бетов.

Бес жылдан кейін елге оралған Жыл­қайдар, Жылқаман, Толыбай, Төркінбай атақты батырлар санатына қосылады. Жоңғарлармен айқаста, Бұлантыда әйгілі әскербасы Әбілқайыр ханның қол астында мың бала «Бес шектілеп» ұрандап, май­данға кірісіп кетеді. Алғашқы қақтығыста-ақ мың баланың бес жүзі шейіт болады. Белгілі шайыр, ақын Нұрмағанбет Қос­жанұлы бес жүз баланың өліміне арнап:

Өрімтал елі үшін жанын қиған,

Жаратқан өздеріне берсін иман, - деп өлең жазған. Бүкірек батырдың ұрпағы экономика ғылымдарының кандидаты Жантеке Жәрімбетов ағамызбен байланыс­қанымызда: «Мың балаға бата берген мерген, Бүкірік батыр екенін біреу білсе, біреу білмес» деп бабасын зерттеп жүргенін айтты.

Мың баланың бірі - Қара Шора Қар­мыс, Құлымбет Олжабай, Қожамжар Дула, Бәйімбет Асандар болған. Байғара батыр да осы мың баланың құрамында болған. Өңірімізге белгілі журналист, ұстаз Иман­бай Әйтімов те Байғара батырды жан-жақ­ты зерттеуде. Ол өзінің әңгімесінде: «Әкесі Қожас Байғараны ерекше еркелететін. Мойыны жауырынына қоса біткен Байға­раның желкесінен құйымшағына дейін жуан төрт елі жалы бар киелі бала болатын. Жиырманың үстіне енді шыққан, көзсіз батыр­лығымен көзге түскен Байғараны Арал мен Ырғыз бойы батыр атап кеткен. Жайық казактарымен шайқастан соң, Байғараның аты аңыз болып айтыла бас­тады. Батыр бабамыз көзі тірісінде «Ға­сырлар өтер, қазақ деген елін сүйген адам­ның жақсы атын өз ұрпақтарының бір буы­ны шығарар. Оған мен кәміл сенемін», - деген батырдың арманы, міне, араға үш ғасыр салып жүзеге асты.

Сасықбай бабамыздың тұңғыш ұлы Пұсырман да мың баланың құрамында болған. Иә, бақ та, бата да құдіреттің күші­мен берілетіні ақиқат. Аруақ шақыратын қобызы қолынан түспегені, болжамы қалпел кетпеген, тылсымның тілін білген құдіреті, ерекше қасиеті болған.

«Осы күнде істеп жүрген ісіміз, жұмы­сымыз, мінез-құлқымыз тарих болып қалады. Кейінгілерге ғибрат аларлық үлгі тастап кетіп, алғыс аламыз ба? Тарих - түзу жолды үйретуші. Тарих - түзушіліктің кі­табы. Тарих-тіршіліктің көшбасшысы», - деген екен Әлихан Бөкенйханов.

Иә, «сол жылдардағы күрестердің ар­қа­сында ғана қазақ елі Атыраудан Ал­тайға дейін, Тобылдан Қордайға дейінгі созылатын қазіргі мемлекеттің террито­риясына ие болып отыр. Оны ұмыту, бәрін ұмыту, оны сыйламау - бәрін сыйламау», - деген еді Әбіш Кекілбаев.

***

Ел арасындағы аңыздарға қарағанда, Бүкірік қалмақ ханы Аюкенің қазақтарға жасаған жорығын тоқтатуға атсалысқан. Бекович-Черкасский экспедициясын талқандауға қатысқан Бүкірік батырдың 1726 жылғы Бұланты шайқасында сексен жаста болды делінуі әсірелеу болар, бәлкім. Өйткені, Жантеке Жәрімбетовтің әкелері Қалила Жәрімбетов пен Құрманияз Ізмәмбетовтің қалдырған «Ататек» шежіресінде 1682 жылы туған деп көрсетілген. Ол Бұланты шайқасында өлмеген, тек жараланған. Еліне оралғаннан соң жасы тоқсанға жуықтаған шағында қайтыс болған.

Белгілі қоғам қайраткері, жазушы Әбіш Кекілбаев өткен ғасырдың алпысыншы жылдары Арал-Шалқар өңірлерінде болып, көнекөз қариялармен әңгімелесіп, Орын­бор мұражайынан алған тарихи дерек­терімен нақтылап, былай деп жазған еді: «Ол садақты тізесіне салып тартып, жалпақ жауырын атанған Бүкірік батырдың хан мен сұлтанға сіңірген еңбегі аз болды дейсің бе, салған олжасы аз болды дейсің бе? Бұл жорыққа бармағанмен, бұрын белгілі жо­рықтардан қалмаған осы ауылдың Жыл­қаман, Жылқайдар батырлары аз жағала­сып, аз қан төгісіп пе еді? Кіші жүз­дің Әлімі қатыспай қазақтың қай шаруасы оңып еді?! Әлім дегенде Шекті баласы араласпай қай ісінің абыройы аспандап еді?!» - деп жазды ол «Елең-алаң» тарихи рома­нында.

Иә, ол тарихта «Сегіз сүйем оқты Бү­кірік батыр» деп аталады. Оның бұлай аталу себебі екі садағы болады екен. Бірі - жеңіл қол садақ, екіншісі - кісі бойындай ауыр көн садақ. Сол көн садаққа сегіз сүйем (бас бармақпен шылдыр шүмектің керген­дегі арасы бір сүйем, сүйем қарыстан ұзын­ы­рақ) ұзын жебе салып, көн садақтың кірі­сін аяғының басына іліп, өзі шауып бара жат­қан аттың екінші қапталына еңкейіп, бүкірейіп әлгі жапырма ұзын оқты топтал­ған жауға атады екен. Шын есімі - Бұрқан, соған бола халық оны Бүкірік атап кеткен.

Батырлар киетін сауыттың екі түрі болған. Оның бірі - торғайкөз, екіншісі ба­данакөз деп аталады. Бүкірік батырдың сауыты кіреуке сауыт, бұл сауытты тек хан­дар мен қолбасшылар ғана киген. Бабадан атаға, әкеден балаға беріліп отырған сауы­тын Жантеке ағамыз көзінің қарашы­ғындай ұстап, тәу етіп келеді. Кезінде баба­дан қалған тәбәрік деп ұрпақтары бөліп алып­­ты. Жәкеңнің қолында батыр баба­сы­ның кіреуке сауытының етегі тұмардай сақтаулы.

Бүкірік батырға арналып салынған ке­сене «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халық­аралық автожол бойынан 290 метр қашық­тықта Сексеуіл кенті мен Сазды ауылдық округі ортасында орнатылған. Мұны Ақтау қаласынан инженер-архитектор, белгілі шебер Олжас Көпболұлына өткен жылы салдыртыпты. «Өлі риза болмай, тірі байымайды» деген. 1682 жылы Ақшатау ауы­лында дүниеге келіп, кесене салынған Айғырбұлақ маңында өмірден өтіпті. Бүгін өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбие­леу үшін осындай аға ұрпақтардың ерлігін, өмірін кеңінен насихаттап, саналарына сіңіре бергеніміз ләзім. Бұдан ұтпасақ, ұтылмасымыз анық.

Ел Тәуелсіздігінің таңы атқанына да 20 жыл уақыт толды. Осынау 20 жылда ға­сырға бергісіз ауқымды істер атқарылды. Аудан әкімі Нәжмадин Мұсабаев 2011 жылды Арал ауданында «Мың бала» жылы деп жариялады. Міне, араға үш ғасыр са­лып ел ағасы батыр бабалардың аманатын ісімен көрсетіп жатқаны қандай ғанибет! Әрине, «Мың бала» жасағындағы 13-20 жастағы сарбаздардың жоңғар, қалмақ шапқыншылығына қарсы көрсеткен көзсіз ерліктері мен батырлықтары бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге, мақтаныш.

Құндыз ДӘУІТОВА.

Арал ауданы.
2011-04-02 13:47:28

http://www.syrboyi.kz/page.php?page_id=10&lang_id=1&article_id=6036

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Плеяды - созвездие нaдежды
Абиш Кекилбаев

http://www.rulit.net/books/pleyady-sozvezdie-nadezhdy-read-196240-1.html

книга о хане Младшего Жуза Абулхаире. Но она затрагивает и других активных деятелей того периода

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

терме о Сартай батыре

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

дастан  Нурмагамбет жырау о Сартай батыре. Полная версия. Прекрасное исполнение



Last edited by Бипыл on Sat 6 Jul 2013 - 2:28; edited 1 time in total

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Бауыржан Еңсепов. Сартай батыр туралы тарихи деректер не дейді?



Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел, не істеп, не қойғандығын білмейді, келешекте басына қандай күн туатынына көзі жетпейді. Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынан өзі де жоғалуға ыңғайлы боп тұрады.

Ахмет Байтұрсынов


Аңырақай шайқасында мың баладан қол жинап, жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен жаужүрек Сартай батыр туралы әр алуан пікірлер айтылып жүргені мәлім. Кейбір тарихшы ғалымдар Сартайды аңыздан құралған батыр десе, кейбірі оның шығу тегі мен жасаған ерлігін басқа батырға әкеліп тірейді. Ал шындығында Сартай кім, қайдан шыққан, ол туралы тарихи деректер не дейді? Міне, біз енді соған жауап іздеп көрейік. Зерттей келе Сартай батыр туралы тарихи деректерді екі топқа бөліп қарастырдық. Бірі ол туралы ел аузында сақталған аңыз-әңгімелер мен тарихи-жырлар болса, екіншісі Сартай батыр жайлы жазылған жазба деректер болып табылады.

Алғашқы дерек көздеріне Нұрма­ған­бет Қосжановтың «Мың бала» дастанын жатқызамыз. Онда Сартай батырдың азаттық қозғалыстағы қаһармандық ерлігі жан-жақты сипатталады. Осы шығармасы үшін ақын Нұрмағанбет Қосжанов 1930 жылы саяси қудалаудың нысанасына ілігіп, жазықсыздан 5 жылға сотталады. Саяси қудалау онымен тоқтамай, 1937 жылдың 29-тамызында Ақтөбе қаласының НКВД үштігі Нұрмағанбет Қосжанұлын «халық жауы» деп айыптап, ату жазасын кесіп, үкім сол жылы 4-қыркүйекте орындалады. Осыдан соң Сартай батыр бастаған шығармаға тыйым салынып, 70 жыл бойы айтылмай келді. Ақын Нұрмағанбет Қосжановтың Сартай батыр атты тарихи поэмасында мың баланың жасағын басқарған 15 жасар Сартайдың Әбілқайыр хан басқарған қазақ халқының әскерімен бірге Аңырақай шайқасындағы ерлігі жырланады. Тарихи жырдағы дерекке сүйенер болсақ, Сартай 1710-1711 жылдары дүниеге келген деп топшылауға болады. Сонымен қатар Сартайдың шығу тегін Арал өңірі қазақтарының шежірелік мәліметтерінде ол кіші жүз Әлімұлы тайпасының шекті руына жатқызады. Ақын З.Шүкіровтің жа­зып қалдырған шежіресінде Жама­нақ / Шек­ті / Шыңғыс – Жақайым, одан – Ақ­бура, оның үлкен әйелінен – Абат, кіші әйелінен – Асан. Асаннан үл­кен Асан және кіші Асан. Ал кіші Асаннан – Қосқұлақ, одан Байжан. Бай­жан бидің екінші әйелінен – қолбас­шы, би, батыр Сартай шамамен 1711 жылы туып, ұзақ өмір сүріп, 1817 жылдың қыс мезгілінде қазіргі Қызылорда облысы, Арал ауданы (бұрынғы Райым бекінісі жанында) Ақшатау елді мекенінде қайтыс болып, Қазалы ауданында жерленген. (Сартайдың атасы Қосқұлақ Асанұлы шамамен 1575-1580 жылдары туған. Көп жыл Ташкент, Хиуа, Бұхара жағында тұрып, би болған. Сонымен бірге елшілік қызмет атқарған, қазақ елінің сұлтаны Бабаның сөзін алып, Бұхарадағы өзбек ханы Абдаллахқа бірнеше рет барған (Материалы по истории казахских ханств ХV-ХVІІІ веков. Алматы, 1969. 248 с.). Елге келгесін тағы екі ұлды болған. Байжан және Мерген. Қосқұлақұлы Байжан би шамамен 1640-1650 жылдары туған. Байжан би З.Шүкіровтің «Сыр бойы» атты этнографиялық шығармасында Хиуа ханының бас биі болған. 1736 жылы Джон Кэстль өзінің күнделігінде Байжан бидің башқұрттар тұтқынынан босанған кезін көріп, шал екенін жазған).

Сартай батыр (Жаужүрек мыңбала) туралы тарихи деректер не дейді?

Сартай батыр туралы жазба деректер 1732-1817 жылдары Ресей Федерациясының мұрағаттарындағы құжаттарда, оның ішінде қатынас хаттар мен сирек кездесетін әдебиеттерде ұшырасады. Алғашқы мәліметтер М.Тевкелевтің күнделігінде жан-жақты баяндалады. Тарихшы ғалым Г.Б.Избасарова өзінің «ХVІІІ ғасырдағы қазақ-башқұрт арақатынасындағы саяси және этникалық үрдістер» атты зерттеу еңбегінде «ХVІІІ ғасырдың 30-шы жылдарының басындағы аймақтағы ішкі саяси жағдайды жалпы сипаттауда Тевкелев «Күнделігінде» қазақ қоғамының дәстүрлі билеуші элитасы және оның сол кездегі неғұрлым көрнекті өкілдері (Әбілқайыр, Семеке хандар, Нұралы, Батыр, Нияз сұлтандар, т.б., Кіші жүз батырлары Бөкенбай, Есет, Құдайназар мырза, т.б.) туралы алуан түрлі мол мағлұмат келтірілген және бұл толықтай алғанда сұлтан, би, батыр және старшындардың әлеуметтік тобының негізгі мәртебелік сипаттамасын, көшпелі қоғамды басқару жүйесіндегі олардың әрқайсысының қызметтік рөлін және артықшылыққа ие боларлық сословиялық-корпоративті топтардың өз арасындағы және қатардағы қауымдас қазақтармен өзара қарым-қатынастарын белгілі бір мөлшерде анықтауға мүмкіндік береді. Бұл деректерде А.И.Тевкелевтің Кіші жүз батыры Бөкенбаймен кездесуі, қазақ даласының үш жүзге бөлінетіні туралы, олардың хандары, шекаралары, қалалары бойын­ша мәліметтер жинақталған» деп көрсетеді. М.Тевкелевтің «Күнделігінде» Бөкенбай батырмен бірге, шекті руының батыр-билері Сырлыбай би, Баба би (Баби – Б.Е.), Байжан би және Байжан баласы Сартай батыр, Ақша батыр, Өтеп батыр туралы мәліметтер де кездеседі. Мәселе негізінен Кіші жүздің бірқатар руларының Әбілқайырдан ант қабылдатуға келген орыс елшісі, башқұрт Мәмбет Тевкелевке қарсылығынан туын­дайды. Соның ішінде Тевкелев Жаппас Баймұрат батыр мен Сырлыбай, Сартай бастаған шектілер тарапынан қауіпті қарсылықтарға тап болғанын байқауға болады. М.Тевкелев күнделігінде 1931 жылдың 3-қарашасында Ресей үкіметіне бодан болуға қарсы топтың қазақтарының (Шектілер – Б.Е.) шабуылына ұшырап, екі жақтың қақтығысында қазақтың бір ел ағасы (Жақайым Байқара батыр – Б.Е.) өлгенін, қазақтардың өзіне ештеңе істемей, тек 17 жылқы мен 3 түйесін тартып алғанын жазады. Ресей империясының сенімді өкілі М.Тевкелев бір жағынан жеке басын қорғап қалу үшін, екіншіден, Кіші жүздегі руаралық қақтығыстарды ушықтырып Сырлыбай, Баби, Байжан билер мен Сартай батыр бастаған шектілерге Әбілқайыр хан мен табын Бөкенбай батырды қарсы қою арқылы Кіші жүздегі патша үкіметінің отарлау саясатын жүзеге асыруда алғашқы қадам жасағанын аңғарамыз. Оған Тевкелевтің Кіші жүздегі 1731-1733 жылдардағы қызметі дәлел болады. 1731 жылдың 5-қарашасында Бөкенбай батыр мен інісі Құдайназар мырза жасағымен Тевкелевке көмекке келіп, қасық қаны қалғанша соғысып, оны шектілерге бермейтінін және орыс патшасына адалдығын айтады. Бөкенбай батыр мен інісі Құдайназарға Тевкелев осынау қызметі үшін 90 руб. түрлі тауарлар береді. 1731 жылы 8-қарашада Әбілқайыр хан, Бөкенбай және Қара батыр інілерімен бірге Тевкелевке патша ағзам үшін оны қорғайтынын және қарсы жақты тыныштандыруға уәде береді. 1731 жылы 10-қарашада Бөкенбай батыр Тевкелевке келіп қарсы жақты тоқтату (Сырлыбай, Сартай бастаған шектілерді Б.Е.) мүмкін еместігін ескертеді. 1731 жылы 13-қарашада Әбілқайыр хан ордасы Арал теңізінің жағасына көшіп барады. Тевкелев керуені де хан ордасымен бірге болады. Әбілқайыр хан құс салып аң аулауға Тевкелевпен бірге шыққанда Сырлыбай би бастаған шекті руының жігіттерімен қақтығысып, башқұрт Таймас батыр қолға түседі. 14-21 қараша аралығында Тевкелев Таймас Шайымовты құтқару мақсатымен шектілермен ымыраға келу үшін Нияз сұлтанды пайдаланады. 22-қарашада Тевкелев Әбілқайыр хан, Бөкенбай батыр және жаңадан ант берген 30 адаммен мәжіліс өткізіп, патша үкіметіне қарсы шекті руының биі Сырлыбайды көндіріп, Таймасты босатуын сұрайды. Нәтижесінде 24-қараша күні Дауымбай бек, Құдайназар мырзаның сұрауы бойын­ша қарсы топтың көсемі Сырлыбайды көндіріп, Тевкелевті құтқарып алады. Есесіне Сырлыбайға 100 руб. көлемінде сыйлық береді. Сонымен қоса Сырлыбай тағы да көйлек, жасыл кармазин шұғататар шапанын, бешпетін, тіпті Тевкелевтің үстіндегі күміс оқалы сары жібек күртесін шешкізіп алады.

Сартай батыр (Жаужүрек мыңбала) туралы тарихи деректер не дейді?1732 жылдың 6-наурызында аға­йын­ды Қара батыр мен Бәйімбет батырлардан Ресей империясының бодандығына қарсы көптеген қазақтар Баба би (Баби – Б.Е.), Жантұма би, Исманбет би, Өтеғұл би, Байжан би, Майлы би, Өтеп батыр, Ақша батыр, Сартай батыр бастаған топ келе жатқанын хабарлайды. Ал осы хабарды Тевкелев 1732 жылдың 7-наурызында Бөкенбай мен Есет батырларға жеткізеді. Осы жылдың 9-наурызында Әлімұлы руларының ел ағалары Баба би мен Жантұма би көп адаммен Әбілқайыр ханның ордасына жақындап Тевкелев­ке екі кісі жіберіп: одан Баба бидің (Баби – Б.Е.) інісі Байқараны атып өлтірген башқұртты беруін немесе оның құнына қазақтың ежелгі әдет заңы бойынша (Байқараның құнына 100 жылқы, 1 сауыт, 1 құл, 1 қаршыға, 1 мылтық, 1 түйе) құн төлеуін сұрайды. Бұған қанағаттанбаса, кісі өлтірген адамға өлім жазасы кесілетінін, егер осы талаптарды орындамаса, Тевкелевтің аман кетпейтінін ескертеді. Бұған жауап ретінде Тевкелев: «қазақ заңы бойын­ша ұры үшін адал адамның жаны қиылмайды және ұрыға өтеу жоқ. Ал шекті руынан шыққан Байқара түн ішінде көп бүлік жасап, адамдарымызды ұрып-соқты, былтыр 1731 жылдың 3-қарашасында өзіне шабуыл жасап, 17 жылқы мен 3 түйесін тартып алғанын, қай мемлекетте болса да ұрының өліміне құн төлемейтінін, сондықтан Байқара өз жазасын тартқанын айтып, Баба би, Жантұма би, Сартай батыр бастаған шекті руының сенімді өкілдерінің талаптарынан бас тартады. Орыс елшісінің хабарын естіген соң, Баба би мен Жантума би және Сартай батыр бастаған шектілер он күн бойы елшілік қонысын қоршауда ұстайды. 1732 жылдың 21-нау­рызы күні түнде қарсы жақтың (Сартай батырдың серіктері Ақша мен Құл батырлар бастаған шекті руының жігіттері – Б.Е.) қазақтары жиналып, қарақалпақ жерінен шыққан башқұрттарға шабуыл жасап, тек Бөкенбай батырдың сарбаздарының көмегінің арқасында кейін шегінгені туралы жазылған. Істің шиленіскенін түсінген орыс елшісі Тевкелев шектілердің талабын қанағаттандырып, құнның көлемін 347 сом, 56 тиынға бағалап, ақшалай есептеседі.

М.Тевкелев күнделігінен саралай келе Сырлыбай би мен Сартай батыр бастаған шектілердің Тевкелев сияқты орыс елшілерімен қақтығысуы Ресей империясының Кіші жүздегі отарлау саясатына қарсы алғашқы азаттық қозғалыс болып табылады. Ресейдің елшісі М.Тевкелев өзінің «Қызметтік жазбалар күнделігінде: (1731-1733) «Кіші жүзде Шекті адам саны жағынан көп әрі әлеуметтік жағдайы мықты, әлуеті күшті ел» деп жазады. Академик Манаш Қабашұлы Қозыбаев «Ресей елшісі М.Тевкелев пен Қазақстанның империяға қосылуын қолдаған Әбілқайырға қарсы Қыз Жібектің әкесі Сырлыбай би бастаған қозғалысты, бір ұрыста оққа ұшқан Байғараны «азаттық үшін күрестің алғашқы құрбандығы» деп атады. Тевкелев бастаған топ елшілік деп аталғанмен, оның қарауында 500-дей қарулы казак-орыстар мен башқұрттар бар болатын. Шекті руының биі Сырлыбай елшілік пен хан әскеріне бір жылға жуық қарсылық көрсетті. Бұл қозғалыста Сырлыбай би жағында Сартай, Ақша, Жылқайдар, Жылқаман, Сырғақ, Байғара, Теке, Баби, Шеке батырлар, Әбілқайыр хан жағында тама Есет, табын Бөкенбай, қарақалпақ Оразай батырлар, Нияз сұлтан, башқұрт Таймас тархан, тағы басқалар болды. (Шектілердің шежіресінде Қожастың бес баласы болған. Олар – Баби, Сырлыбай, Байғара, Теке, Жамансары. Бұлар Сартаймен туыс болып келеді. Сартай Жақайымның Ақбурасынан тарайтын Асан руынан болса, Баби, Сырлыбай, Байғара Жақайымның Тоқбурасынан тарайтын Бердіңғұл руынан. Шекті руының биі Сырлыбай «Қыз Жібек» дас­танында Жібектің әкесі ретінде де жырланады. Аталған тұлғалардың ұрпақтары Қызылорда облысының Арал ауданы мен Ақтөбе облысының Шалқар ауданын және Өзбекстан республикасының Қарақалпақ автономиялы облысын мекендеген. Қазіргі таңда олардың әрқайсысы рулы елге айналған).
Сырлыбай би мен Сартай батыр бастаған қозғалыстың тарихы Тевкелев күнделігінде, кейін ғылыми айналымға түскен еңбектерде, Ә.Кекілбаевтың «Үркер», Ю.Сергеевтің «Петербургс­кий посол» романдарында егжей-тегжейлі жазылды. Бірақ заман ағымына сәйкес бодандыққа қарсы шыққан ерлер Тевкелевте «ұры-қарылар», тарихи құжаттарда «қарақшылар», Ю.Сергеевте «есерсоқ-бұзықтар» болып көрсетілген. Бұл қозғалыс қазақ тарихшылары тарапынан өзінің лайықты бағасын ала алмай келеді. Сол қозғалыс кезінде Сырлыбай, Сартай бастаған шектілер тұтқынында болып Тевкелев құн төлеп басын босатып алған башқұрт Таймас батыр екі жылдан соң 1733 жылы 3000 әскермен Кіші жүзге жорыққа аттанып, алғашында Торғай даласында жайбарақат отырған шекті елін біраз шығынға ұшыратады. Бірақ Сартай, Жылқаман батырлар дереу қол жинап жаудың бетін қайтарады. Бұл жайлы И.Крилов 1734 жылы 1-мамырдағы патшайым Аннаға жолдаған ақпаратында жазады.

Сартай батыр туралы деректердің келесі тобына Гарбердің орыс патшасы Аннаға жазған рапорты жатады. Оқиға Гарбердің рапорты бойынша Арал теңізінің солтүстігінде болады. Орыс патшасының жарлығымен Хиуаға Гарбер керуені ұйымдастырылады. Керуеннің басты мақсаты қару-жарақ беріп, хиуалықтарды Әбілқайырға еріп патшаға ант бермеген, Сырдария­ның құяр сағасы мен Арал теңізінің солтүстігін мекендеген шекті руына айдап салу болатын. ХVІІІ ғасырдағы Кіші жүз тарихын зерттеуші М.Вяткин Тәуке хан өлгеннен кейін қазақ қоғамының ішкі басқару жүйесі дағдарысқа ұшырап, соның ішінде Әбілқайырдың билігі де Кіші жүзде толық тарамай, Шекті руының Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі бойының арасын қыстаған общиналарын дұрысында сұлтан Батыр билеген. Бұл сұлтан Әбілқайырға жау Жәдіге сұлтан тұқымынан шыққан адам деп көрсетеді. Жергілікті журналист Ө.Жолымбетов «Әбілқайыр ханның басты бақталасы Батыр сұлтанның түркімендерге қарсы жорыққа аттанғалы жатқанынан білген Гарбер керуені Хиуа жеріне жөнелтіледі. Осы жайтқа хабардар болған Сартай батыр бастаған шектілер, Батыр сұлтанның әскерінен бөлініп, Гарбер керуенінің жолын тосып, оған тосқауыл қойып, керуенге артылған жүктің жартысы жерлерінен өткені үшін баж салығына және Тевкелевке қарсы қозғалыс кезіндегі шығынның өтемінің есесіне алынады да, Ресейде жасалынған Хиуа мылтықтары мен оқ-дәрілер түгел тәркіленеді. Бұл оқиға патшайым Анна Ивановаға жетіп, ол 1732 жылы 7-қазанда Әбілқайыр ханға хат жазады: «Киргиз-қайсақтардың» жүгенсіздігі айтылған осы хатта «…получены здесь извести, коим образом киргиз-кайсаки, противно своему обещанию и присяге быть в верном подданст­ве, полк артиллерии нашей Гарбера и отправленной с ним в Хиву и Бухару купеческой караван разграбили и в нем людей и подданных наших до смерти побили» дей келіп ханға: «…все погребленные из каравана сыскать и возвратить, и участников того воровства наказать и вперед от таких противников поступков унимать и жить как добрым и верным подданным принадлежить»[ Казахское-русское отношения в ХVI-ХVIII веках. Т-1. Алматы, 1961.] деп талап қояды.

Сартай батыр жайлы деректердің мол шоғыры ХVІІІ ғасырдың 80-90 жылдарымен тұспа-тұс келеді. Кіші жүздің Сырым Датов, Қаратау би, Софы би, Бөдене би, Тормамбет би, Сартай би және тағы басқа елуден астам би-батырлары 1785 жылдың 21-шілдесінде Екатерина ІІ патшайымға Нұралы ханды тақтан түсіру жөнінде өтініш жазады: «Ее, величеству всемогущей великой императрице и самодержице всей России и прочих, и прочих краев повелительнице, государыне Екатерине Алексеевне. Аксакалов и всего верноподанного ее величества народа Малой Орды киргиз-казахского журта прощение. Мы, простой народ Малой Орды киргиз-казахского журта, люди все, исключая хана и начальство, совершающие набеги на российский журт в гневе на Нур-Али хана в виду его дурного отношения к российскому журту и не совершающие набегов, – все в одинаковом положении и с равным единодушием единодушно обещали: ни в коей мере не оспаривать и не сопротивляться повелениям и ярлыкам ее величество падишаха, если будут отст­ранены от ханства дети Абулхаир хана и не будут приниматься во внимание все письма Нур-Али хана. При этом условии мы все старосты и весь народ Малой Орды обещаем повиноваться и потому признаем величие журта ее и. в. и будем исполнять ее волю, а падишаха, ее величество, признаем милостивой и милосердной. Признаем, что происходившие до сего времени у нас с вами взаимные перестрелки и набеги (возникали) по причине губительных действий Нур-Али хана, из-за его честолюбия и жадности. Он (причинил) бесконечное и бесчисленное множество подлостей как киргиз-казахскому журту, так и журту России. Знает ли ее величество падишах об этих его предательствах? Возводить такого предателя в ханы и правители, не зная о том, едва ли уместно. Если вы не отстраните детей Абулхаир хана от ханства, у нас с вами не будет мира и спокойствия, не потому что мы терпим от падишаха что-либо худое, а в виду злодейство хана. Поэтому мы единодушно решили не вести с вами переговоров и не заключать мира, до тех пор (пока он не будет отстранен). Прежнее наше условие с вами было нарушено жадностью хана, а настоящее он нарушит, если не будет изгнан из нашей среды. В случае, если вы примете настоящее условие, просим освободить всех находящихся в ваших руках пленных и заложников; в особенности и прежде всего пришлите, сделав милость, Шукур-Али, который был торговцем на Белом базаре и хорошо знает способы успокоения нашего журта. При этом мы отправили посланными от народа следующих 5 человек: муллу Шафибахадура, Абдуллатифа Бухари, Искендербая, Мажан бахадура и Женкибая. За неимением у нас, киргиз-казахов, печати, мы поставили имена всех аксакалов на месте печати.

Рода Шекты: Кудаш бий, Сегизбай, Баиш бий, Нурбай бий, Сартай бий, Жан-Сары. Рода Торткара: Отябас бий, Кара-Кобек бий, Тилбай бахадур. Рода Каракесек: Айдарбек, Кара-жан бахадур. Рода Шомекей: Арсланбай бахадур, Актан бий. Рода Кете: Коккоз бий, Макул бахадур, Отеп бахадур. Рода Алаш: Азамат бий, Сафар бий, Отевли бий. Рода Серкеш: Тормамбет бий, Есен-Аман бий, Косем бахадур, Жаркын-бай. Рода Тазлар: Колжабай. Рода Ысык: Берды-Али бий, Каратау, Косек-бай…»

Өтініште Сартай бидің есімі жа­зылған. Бұл хатты сол кездегі Кіші жүздің пірі болған Әбдужәлел Қосымқожаұлы мен Сырым батыр бекіткен [Материалы по истории Казахской ССР (1785-1828гг.) – М-Л., 1940. - Т.4. – 543 с.]. Сартай батыр жайлы келесі деректерді барон О.А. Игельстром реформасындағы құжаттардан табамыз. 1787 жылы қыркүйек айында Хобда өзенінің бойында Орынбор генерал-губернаторы барон О.А.Игельстромның ұйымдастыруымен Кіші жүз елінің старшындарының жиналысы өтіп, онда генерал-губернатор О.А.Игельстромның Кіші жүз елін Қаракесек, Байұлы және Жетіру аталықтарына, яғни үш ордаға бөліп басқару туралы ұсынысы қабылданады. Старшындар мен халықтың жалпы жиналысы әрбір «басты орданы» басқаратын старшындарды сайлайды. Қаракесек руына – Сегізбай би, Байұлына – Тормамбет би, Жетіруға – Тіленші батыр старшын болып бекітіледі. Жаңа сайланған старшындарға барлық рудың үстінен қарау міндеті жүктеледі. Осы жиналыстың өтуіне басты себепкер болған, халық алдында зор беделге ие болып, Нұралы ханға басты қарсылас бола білген Сырым батыр үш орданың да кеңесшісі болады. Дегенмен, жаңа сайланған старшындар басқару реформасын патша әкімшілігі ойлағандай жүргізе алмайды. Бұны қазақтарға белгілі билердің сайланбауынан көрген генерал-губернатор О.А. Игельстром өзі­нің реформасына қосымша енгізеді. Ба­рон О.А.Игельстром патшайым Екатерина ІІ-ге жазған мәлімдемесінде: «…басқа­­ларға қарағанда өздері артықшылық халде боларлықтай қызмет жүктеу қа­жет» екенін білдірген. 1787-1789 жыл­дар аралығында сайланған тексеру-басқару с­таршиналығына Қаракесек тайпасына (Әлімұлына) Сартай би, Қаракөбек би, Мұратбек би, Байұлына – Сырым батыр, Қаратау би, Жетіру әулетіне – Тіленші мен Жанболат батырлар тағайындалады. Бұдан басқа Сырым батырға «тархан» атағы беріледі. Бұл жиналысқа патша әкімшілігінің өкілі, сарай кеңесшісі А.Бекчурин мен Орынбор губерниясының бірінші ахуны, муфти Мухамеджан Хусаинов та қатысады. Осы жиналыстан кейін старшындар өздері басқаратын рудың қожалықтары атынан патша ағзамға, оның өкіметіне адал болуға ант қабылдайды. 1786-1787 жылдардағы орыс-қазақ қатынастары атты құжаттар жинағында, осы жылғы ант беру құжатына басқа билермен қатар шекті руының он мың үйі атынан Сартай бидің де ант бергені туралы жазылған[Вяткин М.П. Батыр Сырым (Освободительное движение в Казахстане в конце ХVШ в.). – М-Л.: АН СССР, 1947. -392 с]. 1787-1791 жылдары Түрік елі Бұхара хандығын Ресей империясына қарсы көтеру мақсатында хат жолдайды. Осы жылдары Осман түріктері мен Ресей империясының арасында соғыс жүріп жатқан болатын. Ал Бұхара хандығы Ресей империясымен көршілес жатқан Кіші жүз қазақтарын осы соғысқа араластырмақшы ниетпен басты-басты билерге, батырларға хат жібереді. Ол хатта: «Храбрым воинам, биям и старейшинам Сарытай-бию, Сырым батыру, Шукурали бию, Садырбеку, Барак батыру, Даждан батыру мир и благославение, а потом слово наше. Слава Вышнему Богу. По милости Его Святой все наши дела текут благополучно. Одна только у нас скорбь: недавно от православного турецкого государя, наместника божия, прибыл к нам посол с грамотою, извещающею, что неверные россияне со всех сторон собирались и соединясь с семью европейскими державами против турецкого государя, выступили поход. А как вы живете к россиянам ближе, нежели мы и следовательно, сражаться с ними умеете лучше нас, то мы ­предлагаем всем рабам Божим и последователям Мухаммеда, уповающим на ходатайство Пророко нашего, соединиться с войском турецким делами и духом и отправиться на поражение неверных, за что великую мзду получить можно. Если же кто в том походе упустит нанести неверным возможный удар, тот имеет опасаться от Бога жестокого гнева и на ходатайство Пророка нашего да не уповает. Впрочем, просим словесному объявлению посланного дать веру». «Слышим мы, что у вас, казахов, собственных мудрецов или ученых людей нет; почему никак не можете исполнить узаконений Пророка нашего. Поелику же господь Бог всем народом повелел знать учение его и сооб­разуясь с оным молиться, содержать пост и давать милостыню из имения своего, то познание грамоты для чтения книг принадлежит к богослужению. У нас ныне находится источник мудрости: ибо из всяких народов, а именно из узбеков, таджиков, арабов и туркменцев много есть учащихся в школах наших, а от вас, народа столь многочисленного, не находится ни одного ученика. В Коране Пророк наш предписал, чтобы всякий правоверный, не только муж и жена, но и малые дети учились закону, боялись Бога и когда в состоянии найдутся, то друг друга увещевали бы, а потому советуем вам прислать сюда из всякого рода по два или по три человека для научения. Ежели увещаний ваших не послушают, то силою возьмите от всякого рода по два или по три человека. Пропитание им будет от нас. Когда же они окончат учение и сделаются сведущими в законе, то возвратятся в дома свои с правилами благочестия, с привычкою к молтиве и посту. Если же вы, народ казачий, имея возможность исполнить наше предложение, оставите оное без исполнения, то сделаетесь на сем свете изменниками Богу, а в день Воскресения будете гореть в адском огне. Ежели бы мы сей истины вам не предложили, то сами заслуживали бы в сем свете название неверных, а в будущем подвергли бы себя вечному адскому огню. Впрочем, с нашим почтением пребываем. Лета 1202 от Эгиры, (или 1788 от Рожд. Христова)». К письму сему приложена была чернильная печать бухарского аталыка (первого министра) Шаг-Мурата [Левшин А.И.Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких, орд степей. – Алматы: Санат, 1996. – 656 с.]. Бұхара хандығынан Кіші жүздің батыр-билеріне хат келгенінен хабар алған генерал-губернатор О.А. Игельстром шекті еліне, Орта Азия хандықтарымен шекаралас жатқан төртқара, шөмекей руларының арасына құпия мәлімет жинау үшін жауап­ты тапсырмамен Орынбордың мүфтиі Мухамеджан Хусаиновты бірнеше рет жібереді. Көне ноғай жолымен Арал теңізінің жағалауын бойлап, Сырдария өзенінен өтіп, Қызылқұмдағы төртқара, шөмекей руларын аралаған М.Хусаинов Бұхара, Хиуаға дейін сапар шегеді. Орта Азия хандарымен астыртын сөз байласқан М.Хусаинов өзбек хандығын қару-жарақпен жабдықтап, қазақтарға айдап салмақ болады. Татар купецінің баласы М.Хусаиновтың сапарының жиілеуінен күдіктенген Сартай би Сыр шектілерін көтеріп, 1790 жылы М.Хусаиновтың керуенін тонап, өзін Ресейге кері қуады. Бұл оқиға туралы Ералы сұлтан 1794-жылғы 4-қаңтарда Екатерина ІІ-ге жазған хатында мәлімдейді [Материалы по истории Казахской ССР (1785-1828гг.) – М-Л., 1940. - Т.4. – 543 с.]. Сартай Байжанұлы туралы жазба деректердің соңғысы 1817 жылдың 16-тамызында кіші және орта орда билерінің патша ағзамға жазған мәлімдеме хатында Шерғазы Айшуақұлын өздеріне хан етуді ұсынып, ол турасында дәйекті деректерді алға тартқан жүзден астам билер қол қойған. Міне, осы хаттағы тізімде 21-ші болып, «мен Сартай Байжанұлы өзімнің мөрімді бастым» деген сөздер бар. Сонымен қатар бұл құжатқа Сартайдың баласы Жабы да қол қойған. [Материалы по истории Казахской ССР (1785-1828гг.) – М-Л., 1940. - Т.4. – 543 с.].

Ел аузындағы аңыз әңгімелерде Сартай Байжанұлының қарақылды қақ жарған би, елін қорғар батырлығымен бірге діни сауаттылығы және әулиелік қасиеті де айтылады. Сол аңыздардың бірінде Ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен сұңғыла би, ақын, дала данагөйі, пәлсапашы Мөңке би өлерінде «жаназамды жақайым Байжан бидің баласы Сартай би шығарсын» деп аманаттайды. Арал өңірі халықтарында сақталған аңыздардың бірінде, «Қосым қожа, төртқара Дәулет бақсы, жақайым Сартай батыр үшеуі Қызылқұмның құмында келе жатып, алдарынан шыға келген қоян бұлардан үрікпей, арқан бойы жерде көрініп тұрған сексеуілдің түбіне жата кетеді. Сонда ат тізгінін тежеген Қосым қожа «Менің өлгеннен кейінгі бейітім – анау қоян жатқан жер. Сен Сартай оң жағыма, Дәулет сол жағыма жайғасарсыңдар» депті. Жасы ұлғайып, қартайған Сартай батыр бабамыз дүниеден озар шағында ағайын-туыстарымен қоштасып: «Мені Қызылқұмдағы Қосым қожаның оң жағына жерлеңдер» деп өсиет айтады. Қазіргі таңда Қызылорда облысы, Қазалы ауданының Қызылқұм жақ бетінде Қосым қожа, Даулет бақсы және Сартай батырдың қорымы бар. Шежірелік мәліметтерге сүйенсек, Сартай батырдың қазақ, башқұрт, қарақалпақ, қалмақ әйелдерінен алған төрт әйелі болған. Бабамыздың қарақалпақ әйелінен Мұса, Дүйсе атты екі бала туады. Мұсадан Мәукен, Мәукеннен Жұмахмет туады. Жұмахмет Мәукенұлы 2001 жылдың наурыз айында Арал ауданының Шижаға ауылында дүниеден өтеді.

Қорыта келе, ХVІІІ ғасырда қазақ қоғамында, оның ішінде Кіші жүзде өзіндік ықпалы бар шекті руының биі әрі батыры Сартай Байжанұлының қо­ғамдық-саяси қызметін тарихи тұрғыдан талдап, оның Қазақ тарихындағы алатын орнын көптеген дерек көздері арқылы ашып көрсету үшін зерделі зерттеу жүргізу қажет. Ол үшін Сартай батырға қатысты Ресей Федерациясы Орталық Мемлекеттік Мұрағаты мен Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік Мұрағаты қорларындағы құжаттармен танысып, ғылыми негізде саралау керек.



Бауыржан Еңсепов,
тарих ғылымдарының кандидаты,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің аға оқытушысы,

Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі

http://qasym.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=1341:2013-06-11-03-22-48&catid=8:sarli-saz&Itemid=9

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Сартай батыр Байжанұлы 19810

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Төменгі мақалада Сартай батырдың аты жазылмаса да, 18 ші ғасырдың аяғында Кіші Жүз қазақтарының арасында болған жағдайды жақсы сипаттайды. Мақала Кіші Жүз Әлем ішіндегі үлкен ру Төртқара руының рубасылары туралы. Өте қызық материал

http://www.egemen.kz/%D0%BC%D2%B1%D1%80%D0%B0%D2%93%D0%B0%D1%82-%D0%B4%D0%B5%D1%80%D0%B5%D0%BA%D1%82%D0%B5%D1%80%D1%96-%D3%99%D0%B9%D1%82%D0%B5%D0%BA%D0%B5-%D0%B1%D0%B8-%D2%B1%D1%80%D0%BF%D0%B0%D2%9B%D1%82%D0%B0%D1%80/

Мұрағат деректері Әйтеке би ұрпақтары туралы не дейді?

Атақты Болпыш бидің балалары Әжібай мен Арал алыстан ат арытып бүгінгі Өзбекстан жеріндегі Нұрата төңірегін жайлаған төртқара Жалаңтөс батырдың немере інісі Әйтеке бидің ақ батасын алуға келгенде, қазақ кемеңгері: «Ел жайы – ер азаматтың күндіз есінен, түнде түсінен шықпайтын киелі ұғым. Бұл қазақ нені бастан кешпеді, қазақ болғалы. Өткен – ереуіл, қалған – салауат деумен күн артынан ай, ай артынан жылдар өткізумен, талай қайырма мәуе­сі күйсе де, тамыры аман келе жатқан жер бетінде екі халық болса бірі – қазақ, бір халық болса – өзі екенін мен ежіктемей-ақ өздеріңізге мәлім. Сонда оның тамырын сақтаған – әуелі бір Алла тағала, сосын мына өздерің секілді сенімді сайыпқыран жампоздар. Шеге тағаны сақтайды, таға тұлпарды сақтайды, тұлпар ерді сақтайды, ер елді сақтайды. Елді сақтар ерлер аман болғай», – деп елінің ертеңіне сеніммен қа­ра­ған екен. Міне, осы Әйтеке биден бата алған асыл ұрпақ ата-баба сенімін ақтауға барын салды. Тарих соқпағы бұралаң жолдарда олар­ды сынға салды, шыңдады. Оның дана­лы­ғын сезінген Әжібай да, Арал да ұрпақтарына өздері алған батаны аманаттады.

XVIII ғасыр­дағы Ресей мұрағаттары дерек­тері Әжібай мен Аралдың Қазақ елінің қоғам­дық-саяси өмі­рін­де белді рөл атқарғанын ай­ғақ­тайды. Орынбор шенеуніктері Әбілқайыр, Әбіл­мәмбет хандар және Нұралы, Абылай, Барақ, Ерәлі сұл­тандар, Есет батырлармен бірге әр­дайым олар­дың тұрғылықты мекендері туралы ақпараттар жинап отырған (РИССМ, 122 қ., 1747, 122/1 т., 3 іс, 268 п.; КРО 1, С. 369). Өз бауырларымен бір­ге Ембі өзенінің ар жағын­дағы Көктөбеде көшіп қонған Әжібай бидің Орын­бор губернаторы И.Неплюевке 1747 жылы 10 шілдеде жол­да­ған хаты мұрағатта сақталған (КРО 1, С. 339). Әжібай би­дің тағы бір бауыры Ал­тай батыр есімі 1736 жылы Кіші жүз ханы Әбіл­қа­йыр­дың қабыл­дауында болған ағылшын сурет­шісі Джон Кэстль еңбе­гін­де аталады (Кэстль Джон. 1736 жылы Кіші жүз ханы Әбілқайырға барып қайт­қан сапар туралы. – Алматы, 1996, 32 б.). Алтай батыр аға­лары атынан 1742 жылы қазақ пен қалмақ арасында бір ұрпаққа дейін, яғни сол кездегі «ең­бек­теген бала еңкейген кәрі болғанға дейін» соғыс ашпау туралы бітім жасауға қаты­сып, Әбілқайыр ханды қолдаған (РИССМ. 122 қ., 1742, 122/1 т., 4 іс, 50-57 п.; КРО 1, С. 201).

Әйтекеден Өтебас, Жалтыр, Қонысбай ту­ған. Шежірешілер бұл тізімге Тоғанды да (кей­біреулер Құрыс дейді) қосып, Өтебасты бәйбі­шеден, ал қалғандарын әмеңгерлік жолмен алған қайтыс болған ағасының әйелінен таратады («Аңыз адам» № 24, желтоқсан, 2011). Өкі­нішке қарай, Тоған жөнінде мұрағат дерек­терін­де ештеңе айтылмайды. Сонымен бірге, Әйтеке бидің кенже қызы Шақшақ Жәнібекке тұр­мыс­қа шыққан екен. Орыс мұрағаты дерек­терінде Әйтеке би ұрпақтарының есімі алғаш рет 1748 жылы тамыздағы Әбілқайыр хан өлімі­нен ке­йін атала бастайды. Хан өлімін анық­тауға бар­ған аудармашы Я.Гуляев қазан айы басында «Төртқара руынан Әйтеке би балалары Жалтыр мен Қонысбай» Батыр сұлтан ауылына кел­гендігін айтса, Кіші жүзде сол сәтте болған казак атаманы Смайл молда Абдрезяков та атал­ған ауылда төртқара руынан Қаратоқа, Қоныс­бай билердің, Жалтырдың, Мырзагелді батыр­дың, Дәулет бидің болған­ды­ғын Орынборға жеткізеді (КРО 1, С. 430, 433). Яғни, Әйтеке би балалары атақоныстан қашық емес Арал теңі­зінің оңтүстік-батыс бағытында көшіп қонып, Хиуа ханы Қайыппен, оның сол маңда тұрақ­таған әкесі Батыр сұлтанмен тығыз араласқан. Өтебай, Жалтыр мен Қонысбайлар аға ретінде Қаратоқа бидің айналасында бол­ған. Қаратоқа би төртқара Сейітқұлдан тараған ұрпақтар атынан Я.Гуляевке: «Батыр сұлтан­ның баласы Қайыптың Хиуада хан болғаны­ның өзі оған (сұлтанға) жарайды. Ал хан сайлау, сайламау біздің шаруамыз», деп ашық айт­қан. Сонымен бірге, 1748 жылы 23 қыркүйекте Әбіл­қайыр хан­ның күйеу баласы Жәнібек сұл­тан Барақ сұл­тан­ның өзінің болашақ тағдырын төрт­қара Қара­тоқа, Қаракесек Қозанай, Мамет ата­лық, баға­налы найман Өтебай билерге тап­сыр­ғанын және билердің шешіміне көнетіндігін естіген (РИССМ. 122 қ., 1748, 122/1 т., 4 іс, 357 п.; 8 іс, 34 п.). Мұның барлығы Қаратоқа бидің төрт­қара руы ғана емес, барлық қазақ рулары алдында үлкен сенімге ие болғандығын дәлелдейді.

Орыс шенеуніктері Батыр сұлтанның соңғы жылдардағы тұрғылықты мекені Ұлы жүзбен шектесіп жатыр деп көрсетеді. Бұл жерде қазақ рулары мен Қайып хан, Батыр сұлтан, т.б. Әбіл­қайырдың Ресеймен қарым-қатынасына сенім­сіз­дік танытып, орыс патшасының әрбір қадамы­на күдікпен қарағанын көреміз. Ол 1748 жылы 15 қазанда Батыр сұлтанның хан сайлануынан анық көрінді. Жәнібек тархан шөме­кей, шекті, қарасақал руларының билерін төрт­қара руы қазақтары арасында жүрген Батыр сұлтанның жанынан кездестірген.

Сонымен Әйтеке би балалары Өтебас, Жалтыр, Қонысбай, немере ағалары Қаратоқа, т.б. 1748 жылы 2 қазанда Ырғыз өзенінің сол жақ тармағындағы Қайыңды өзені жағалауында өткен Нұралы сұлтанды хан сайлау рәсіміне бармайды. Мұның өзін олардың Ресей аралас­қан хан сайлауына ашық қарсылығын білдірсе керек. Бірақ төртқара руынан Құдайназар, Дәулет, Апай, Болат, Тілеубет билер Нұралыға барып қайтады (РФ ОрОММ 3 қ., 1 т., 18 іс, 177 п.). Көп ұзамай елдің оңтүстігінде Кіші жүздің екінші ханы Батыр сұлтан ақ киізге көтеріліп, хан сайланады. С.Абдрезяковтың айтуынша 1748 жылы 15 қазанда Әлімұлдарының шекті, шөмекей, қарасақал, төртқара руларының 20 белгілі би, батыры Батыр сұлтанды өздерінің ханы ретінде мойындаған. Кейін Нұралы ханға келген қазақтар «Батырдың хандыққа өзінің өтініші бойынша сайланғандығын және одан ешқандай қауіп-қатер болмайтындығын» ха­бар­лаған (РФ ОрОММ 3 қ., 1 т., 18 іс, 311-312 пп.). Бұл жайды зерттеген орыс зерттеушілері де оңтүстіктегі хан сайлауын «Ресейге қар­сылық» ретінде түсіндіреді (Мейер Л. Киргизская степь Оренбургского ведомства. – СПб., 1865, С. 12; Терентьев М.А. История завоевания Средней Азии. Т – 1, СПб., 1903, С. 57). Қа­ра­то­қа би 1748 жылдың аяғында Барақ сұл­тан­ның мәселесін қараған билер сотына қаты­са­ды. Сот құн төлете отырып, Барақты ақтап алады. Бұл арада соттың Батыр иелігіндегі жерде өтуі және сот мүшелерінің Батыр, Барақ иелігінде көшіп- қонуы да белгілі дәреже ықпал етсе керек.

Батырдың хан сайлануы, Барақ сұлтанның ақталуы сырт көзге қазақ қоғамындағы шие­леніс­тің басталуы болып көрінгенімен, оның арты ішкі бірлікті бұзатындай талас-тартысқа ұласпады. 1749 жылғы 11-25 шілдеде Орынбор қаласында өткен орыс-қазақ келіссөзіне белгілі сұлтан, би-батырлар түгелге жуық жиналды. Кездесуде Нұралы хан бастауымен Ерәлі, Қожахмет, Айшуақ сұлтандар, Есет, Жәнібек тархандар, Серке батыр, төртқара Қаратоқа би, т.б. көрінеді. Келіссөз барысында Қаратоқа би екі қайта сөз алып Орынбор губернаторы И.Неплюевке Әбілқайыр ханның орнына Нұралы­ның сайлануын және оны Ресейдің мойын­да­ғанын құптап, екі жақты өзара пайда үшін сауда-саттықтың еркін дамуына қолдау көр­се­тетінін жеткізген. Кездесу барысында Батыр хан қарамағында шекті Төлеміс бай басқа­ра­тын 500, шөмекей Бөбек би басқаратын 200, төртқара Қонысбай би басқаратын 300 түтін бар екендігі белгілі болды (КРО 1, С. 462, 463, 472).

Қаратоқа би 1749 жылы 3 тамызда Батыр ханмен бірге Әбілқайыр ханның асына қатыс­қан. Капитан А.Яковлевтің айтуынша асқа Кіші, Орта жүзден 200-ге тарта белгілі тұлға­лар болған. Жәнібек, Есет тархандармен бірге төртқара руынан Құдаш би, Дәулет би, Құтылымбет би, Сары молла, Момын би, кете руынан Алыбай жасауыл, Алтай, Арал батырлар, алаша руынан Байсақ би, Тілеу би, Бабатай би, адай руынан Мырзатай батырлар Барақ сұлтанды іздеп табу, Әбілқайыр ханның қалмақ әйелінен туған қызын Жоңғар ханына қалың­дыққа беру, тұтқындар алмасу мәселелерін арнайы талқылаған (РИССМ. 122 қ., 122/1 т., 1749, 4 іс, 245-248 пп.). Сонымен бірге, А.Яковлев шекті руы қазақтарының Нұралыны «аға хан» деп атауға келіскенін атап өтеді.

Дегенмен бұл кездесулерге Әйтеке би балалары бармаған. Олар немере ағалары Қаратоқа би, Құдаш билерді жіберіп өздері оңтүстікте қалған.

1750 жылы 18 қаңтарда Нұралы хан И.Неплюевке жолдаған хатында төртқара руының Сейітқұл бөлімінің сауда-саттықта өзіндік орын­дары бар екендігін ашық жазып, кей жағ­дай­да оларға өз билігінің жетпей қала­тын­дығын да мойындайды (КРО 1, С. 490).

XVIII ғасырдың екінші жартысында оңтүс­тіктегі төртқара руы қазақтары шамамен 3000 түтінге жеткен. Өтебас би, Жалтыр би, Қоныс­бай би және Қонысбайдың балалары Қара­кө­бек би, Есекене мырза Қайып хан балалары Сейіт, Шомқара, Ескендірмен бірге Сырдария бойындағы Бұрлыбас елді мекенінде тұрақ­таған (РМКАМ 10 қ., 3 т., 585 іс, 44 п.). Әйтеке би балалары, немерелері бұл кезеңде алдымен Батыр ханға, ол 1771 жылы қайтыс болғаннан кейін Хиуадан Сырдария бойындағы өз иелігіне оралған Қайып ханға бағынады. Сонымен бірге олар Кіші жүздің оңтүстігіндегі кей­бір қазақ руларын басқарған Ерәлі сұлтанмен де сенімді қарым-қатынас орнатқан.

1776 жылы 25 маусымда Нұралы хан Орынбор губернаторы И.А.Рейнсдропқа хат жолдап, өзінің қыстан кейін ел аралап, табын және тама руларындағы Көзкөрмес, Әулие, Арбағыш немесе Жанкөрмес, Көктемір (есімдері өзге-өзге болғанымен бәрі бір адам) бастаған қозғалыс­ты анықтауға күш салғандығын хабарлайды. Ерәлі сұлтанның ханға жазылған хатында төрт­қара руынан Өтебас, Қаракөбек билерді жібер­гендігі айтылған. Хан: «Досалы сұлтан мен Жетіру қазақтарын адастырып жүрген Көзкөр­мес деп жүргеніміз әйел адам, оны өлтіріп, үйін өртейін деп барсам, ол Ерәлі сұлтан иелігіндегі Қиыл өзені бойына көшіп кетіпті», деп хабарлайды (РФ ОрОММ. 3 қ., 1 т., 153 іс, 123-126 пп.; Мұқтар Ә.Қ. Азаттық таңы жолында. А., Ғылым, 2001, 118 б.). Хаттан белгілі бол­ғандай Өтебас, Қаракөбек билер ханмен бірге ел ішіндегі орыс тұтқындарын босатумен бірге, Көзкөрмес қозғалысын, сауда-саттық мә­селелерін талқыға салған. Осыдан кейін Ерәлі сұлтан, төртқара билері өз малдарын Бұхара, Хиуа, басқа да Азия елдеріне саудаға шығару туралы келісімге келген.

1776 жылы қыркүйек айында Ерәлі сұл­танға хан атынан Сырым батыр келген. Сырым сұлтан қол астындағы билермен кездесіп, шек­ті руы қазақтары тоқтатқан орыс керуені мен оның адамдарын іздестірген (РФ ОРОММ, 3 қ., 1 т., 153 іс, 171, 268-274 пп.). Біздіңше, осы жолы Сырым Әйтеке би ұрпақтарымен де кездес­кен. Сөйтіп Өтебас би өзінің немере інісі Қара­көбекті Нұралы хан төңірегіндегі билермен таныстырып, ел ісіне араластыруға кірісті. Қара­көбектің осы жолғы Сырым батырмен бірге ма­ңызды мәселелерді шешуге талпынысы өзара сенім мен достыққа ұласады. Араға уа­қыт сала Қаракөбек Сырым бастаған ұлт-азат­тық қозға­лыстың негізгі тұлғаларының біріне айналды. Ол немере ағасы Өтебаспен бірге Кіші жүздегі би, батыр, старшындардың 1785 жылғы шілде­дегі жиналысына қатысқан. Жиналыс жайылым мәселесін шешу, Жайық бо­йын­дағы казак-орыс әскерлерінің озбырлығын тоқтату сияқты күрделі күн тәртібін талқылап, Нұралы ханның өз билігі мен халық сенімінен айрылғандығын атап өтіп, оны орнынан босату туралы бір ортақ пікірге тоқтады. Содан Кіші жүздегі 25 рудың 21-нің атақты би, батырлары қол қойып, хатты орыс патшасы ІІ Екатеринаға жолдайды (Материалы по истории Казахской ССР (1785-1828 гг.). Москва-Ленинград, 1940. С. 53). Төрт­қара руынан Өтебас, Қаракөбек билер, Телбай баҺадүрлер ел ішінде беделді шек­ті Сегіз­бай, кете Көккөз, шеркеш Тұрмам­бет, Жар­қын, ысық Қаратау, адай Атағозы, беріш Қара, Саржала, масқар Дөкен, байбақты Сырым, жағалбайлы Тотай батырлармен бірігеді. Қазақ рулары қа­лыптасқан жағдайда оңтүстік­тегі Батыр ханның ұлы Қайыпқа үміт артып, оның хан тағына отыру мүмкіндігін көтере бас­тайды. Әрине оның сенімді үгітшілері негізі­нен шекті, төртқара ру­ларының беделді билері болатын. Олар Қайып­тың ата-бабасының қазақ­тың бас ханы болған­ды­ғын, оның тегінің парсы елімен, Хиуа, Бұ­харалармен байланысын еске­ріп, Ресейдің саясатына айтарлықтай байлаулы еместігін түсін­ді. Бұл уақытта Қайып ханның Қаракөбек би­дің иелігінде екендігі анықталды. Оны Сырым батырға Ақсақал Барбы мекенінен келген бауыры Дос хабарлайды. Дос 1785 жылы 2 қазанда Қаракөбек бидің Қайып ханды тұтастай отбасымен, ағайындарымен бірге өз жанына көші­ріп алып, қазақ билері мен батырларынан хабар күтіп отырғанын жеткізеді ( Исмурзин Ж.А. Батырұлы Қайып хан және оның әулетінің тарихы (1745-1860 жж.). Тарих ғ. к. дәрежесін алу үшін дайын­даған диссертациясы. Орал 2008, 69 б.).

Сонымен Кіші жүзді ұзақ жылдар бойы басқарған, соңғы жылдары елімен байланысын үзген Нұралы ханды ауыстыру мәселесі күн тәртібіне қойылады. Сырым батыр да Қайып Батырұлына сеніммен қарайды. Бұл саясат жүзеге асса Әбілқайыр өлімінен кейін екіге бөлінген хандық қайта бірігетін еді. 1785 жылы Орта жүзде болған капитан И.Г.Андреев өз жазбасында: «Алшын болысында айрықша хан Қайып бар. Ол Нұралы, Уәли хандардан еш кем емес. 12000 шаңырақты басқарып, Сырдария өзені бойында көшіп қонады», деп жазады (Андреев И.Г. Описание Средней Орды киргиз-кайсаков. – Алматы, 1998, С. 118). Ал 1786 жылы 9 наурызда Сырым бастаған Халық Кеңесі­не куә болған ахун М.Хұсайнов пен адъютант М.Черкасский Әбдіжәлел қожадан Қайыптың бұрын Хиуаны басқарғандығын, 16 жылдан бұрын Кіші жүзге оралғандығын, қазір Ұлы Борсықта мекендейтіндігін естиді (РМӘТМ. 52 қ., 1/194 т., 367 іс, 102 п.). Кеңеске қатысқан би, батырлар, барлығы 1000 жуық елдің игі жақ­сылары Қайыпқа үміт артады.

Шамамен 1786 жылдың маусымында (РИССМ 122 қ., 122/3 т., 1786-1787, 12 іс, 27-28 пп.) Сырым Ерәлі сұлтан иелігіне күшпен әкетілді деген хабар тарайды. Мұрағат дерек­тері Сырымды Есім сұлтанның төртқара руының биі Қаракөбек ауылына ертіп келген­дігін айғақтайды. Сырымтанушы М.П.Вят­кин бұл жағдайды ескере отырып, Қаракөбек би Ерәлі сұлтанды қолдап, еш негізсіз Сырымды ауылында ұстап, батырға дұшпандық көз­қа­раста болды деп түйіндейді (Вяткин М.П. Батыр Срым. Москва – Ленинград, 1947, С.232).

Орынбор обер коменданты Я.М. Зен­бу­ла­тов­тың орыс әкімшілігіне жазған хатында да Ерәлі сұлтанның шекті Сарытай биге, төртқара руының басшысы Өтебасқа Сырымды ешқайда жібермеу­ді тапсырғаны, бірақ Қаракөбек пен Басықара­ның келісіп Сырымды босатып жібергені жазыл­ған (РФ ОрОММ. 5 қ., 1 т., 29 іс, 331-338 пп.).

Мұның барлығы Сырым батырдың Әйтеке би ұрпақтарымен сенімді қарым-қатынаста бол­ғандығын дәлелдейді. Бұған қоса дәл осы кезеңде, 1787 жылы жазда Қаракөбек бидің немере бауыры Орынбордағы сауда үйіне оң­түс­тіктен керуен бастап келеді. О.А.Игельстром онымен жеке кездесіп, Қаракөбекке хат жол­да­ған. Нәтижесінде Сырым батыр оңтүстіктен Жа­йық бойына қайтып келеді (Материалы по истории Казахской ССР (1785-1828 гг.) С. 114-115).

Содан 1787 жылы 14 қыркүйекте Сырым, Сегізбай, Саржала, Көккөз, Атағозы, Қара­кө­бек, Бөдене, Қаратау, Сопыра, Дөнен барлығы 18 би қол қойып, О.А.Игельстромнан Нұралы хан мен Айшуақ сұлтанды елге қайтаруды талап етеді. Нәтижесінде Айшуақ елге оралды (РИССМ. 122 қ., 122/3 т., 1786-1787, 12 іс, 50-51 пп.). Хатқа назар аударсақ қол қоюшылар арасында төртқара Басықара бидің де есімі кездеседі. Ол – Қаракөбек бидің немере бауыры, атасы Сейітқұлдың үшінші баласы Төлес­тен тарайтын ұрпақ. 1787 жылғы қыркүйекке дейін Қаракөбектің есімі үнемі немере ағасы Өтебас бимен бірге аталса, бұдан әрі оның жанынан Басықара биді байқаймыз.

Осы кезеңде патша шенеуніктері Кіші жүзде хандық басқаруды жоюдың бастапқы ша­ра­лары ретінде Байұлы, Әлімұлы және Жеті­ру бірлестіктерінде 3 расправа құрып, бір­тін­деп ел билігіндегі сұлтандарды ығыстыра бас­тайды. О.А.Игельстром расправаның қыз­меті жанданбай тұрған кезде билікті бас стар­шын­дарға жүктейді. Әлімұлдарына Сарытай, Қара­көбек, Мұратбек билер, Байұлдарына Сырым, Қаратау билер, Жетіруға Тіленші, Жанболат батырлар басшылыққа ұсынылды. Елді бас­қарудағы өзгерістерге қарамастан қазақ рулары патша реформасын, яғни қазақтың дәс­түрлі басқару жүйесін жойып, жаңа орыс­тық басқару енгізуге ашық қарсылық танытты. Билер Қайыпты хан сайлау жоспарларын жалғас­тыра берді. Мұны ескерген патша үкіметі Сырым батырға, Қаракөбек биге тархандық атақ беріп, оларды өз саясатын қолдаушылар қа­тары­на қосуды көздейді. Алдымен, 1787 жылы 19 қарашасында Сырым батырға тархандық атақ берілсе, 1789 жылы наурыз айында Қара­көбек биге арнайы грамота жіберілді. Тар­хан­дық грамота мәтінінде: «Қазақтың Кіші Ор­да­сының Әлімұлы руының старшыны Қаракөбек бидің бізге адал қызметімен берілгендігі үшін, оның балалары мен ұрпақтарына тархандық атақ берілді. Қырғыз-қазақ сұлтандары мен би-батырлары және барлық қырғыз-қазақ жауын­герлері мен қарапайым халқы Қаракөбек биге берілген тархандық атақты танып, құрмет тұ­тып, сыйлауларын және барлық хаттарда есімі­не тархан шенін тіркеп жазуды бұйырамын. Қаракөбек бидің және оның балалары мен ұрпақтарының біздің ықыласымызды сезініп, бізге адал қызметімен берілгендіктерін дәлел­дейтін қызметтерін және қайырымды істерін мәңгі жалғастыра беретіндіктеріне сеніп, Қара­көбек биге осы тархандық грамотаны тарту еттік» делінген. (Вяткин М.П. Батыр Срым. С. 258; КРО-1,С.132-133). Патша сыйлаған тар­хан­дық атаққа билер масаттанбай, керісінше оның шекара бойындағы кейбір мүмкіндіктерін пайдаланып, қазақ-орыс қатынасындағы күр­делі мәселелерді шешуге ұмтылды. 1790 жылы 2 тамызда Қаракөбек тархан мен төртқара Жантөреұлы Шұбар би Ресей Сыртқы істер коллегиясының мүшесі А.А.Безбородкоға: «Атаман Д.Донсков басқаратын казак-орыстар әйел­дерді өлтірді, кейбіреулерінің ішін жарып, балаларын суырып алып, бастарын шапты», деп ашына хат жолдады (Мұқтар Ә.Қ. Азаттық таңы жолында. 162 б.).

1794 жылы 10 маусымда Ерәлі хан қайтыс болғаннан кейін 1795 жылы 17 қыркүйекте Есім сұлтан хан сайланған кезеңдегі тарихи оқи­ға­ларда Әйтеке би ұрпақтарынан осы кезде елге беделді Қаракөбектен басқа оның інісі Басы­қара, Боранбай, Өтебас би баласы Жанас есім­дері аталады. Жаңа жағдайда Есім Әйтеке би ұрпақтарының сеніміне ие болуды көздейді. Сол үшін сұлтан 1794 жылы 10 қыркүйекте Шақ­ға­зыұлы Абылай сұлтанды Әбілғазы мен Қара­көбекке жіберіп, «Ресеймен татуластырам» деген уәде береді (РФ ОрОММ 5 қ., 1 т., 53 іс, 131 п.). Ал Жанас Өтебасұлы 1794 жылы 18 маусымда Орынбор экспедициясына Мұрат­бек Айбасов, Қараша Қалыбеков, Базарбай Құдайбер­генов­тер­мен бірге Есімді хан сайлау қажет деп хат жолдайды (РФ ОрОММ 5 қ., 1 т., 58 іс, 16-17, 49 пп.).

Мұндай жағдайда Сырым мен Қаракөбек билер бауырлары байбақты Қойсары мен төрт­қара Боранбайды қайта-қайта Есімге жі­беріп, оны ел ортасында өтетін жалпы қазақ­тық кеңеске шақырған. Бұл жайды Есімнің өзі 1794 жылы 17 қазанда А.А.Пеутлингке хабарлаған (ҚРОММ 4 қ., 1 т., 190 іс, 1-5 пп.).

Есім хан сайланғаннан кейін Ресей бағытын ұстанып, ел ортасындағы кеңестерге бармай қояды. Өзара келісім үшін жасалған қадамдар сәтсіз аяқталып, оның соңы 1797 жылы 27 наурызда Есім ханның өлтірілуіне әкеп соғады.

Сонымен Әйтеке би ұрпақтары XVIII ға­сыр­да ел алдына жарқырай шығып, қоғамдық-саяси өмірдегі белсенділігімен көрінді. Ресей саясат­керл­ері оларды қазақтың қамқоры ре­тін­де таныды. Өтебас, Қаракөбек, Боранбай би­лердің, олар­дың бауыры Басықараның ел ішін­дегі беделін үнемі есепке алып, назардан тыс қалдырмады. Әсіресе, Әйтеке бидің немересі Қаракөбектің Ордада аса беделді екендігіне, тіпті Айшуақ ханға қарағанда халық алдында Қаракөбектің сөзі өтімділігіне куә болды. XVIII ғасырдың соңғы 50 жылын саралаған Орынбордың әскери губернаторы Н.Н.Бах­метев орыс патшасы І Александрға: «Ордада шекті, төртқара, шөмекей рулары өз ер­кін­дігімен, әрі көптігімен көзге түседі. Олардың басшылары Қаракөбек, Жанназар билер Сырдария, Қуаңдария бойларында, Ембі, Елек өзен­дері­нің жоғары жақтарында көшіп-қонады. Оларды 10 мың әскери күшпен бағындыру қажет», деп хабарлайды.

Кейін Қаракөбек бидің ХІХ ғасырдың басында Әбілғазы хан, Шерғазы сұлтан, шекті Жанназар, Жанұзақ, өз бауырлары Есекене, Басықара, Жанас, Манас, Боранбай, олардан басқа төрт­қа­раның Құламан бөлімінен Қара Алтай, Сары Алтай, Ақтүн бөлімінен Ақбұт, Ал­тай билермен бірге көшіп-қонатыны анық­талды. Бұған қоса 1805 жылы 25 маусымдағы мүфти М.Хұ­сайынов­тың жазбасы арқылы төрт­қара руының үлкен 4 бөлімге, ал олардың 41 бөлімшелерге бөліне­тін­дігін, солардың ішін­де Қаракөбек тархан мен оның інісі Есекене (қайтыс болған) билердің бар­лық отбасылары, балалары, немере, шөбере­лерін қосқанда 100 түтіннен асатындығы белгілі болды ((Материалы по истории Казахской ССР (1785-1828 гг.). С.195, 222, 227). ХІХ ғасыр басында Қара­көбек би Қайып хан әулетімен құданда­ла­сып, Шерғазы сұлтанды өзіне күйеу бала етеді (РФ ОрОММ. 6 қ., 10 т., 278 іс, 9 п.).

Әйтеке би ұрпақтары туралы құнды деректерді 1803 жылы 23 шілдеде Орынбордан Бұхараға шығып, кейін 30 қыркүйекте қайта оралған поручик Я.П.Гавердовский қалдырды. Ол сапар барысында Қаракөбек, Басықара, Боранбай билермен кездескен. 1803 жылы 12 тамызда Басықара ауылына келіп, қонақ болған поручик: «Бізді киіз үйден қашықтау жерден бидің балалары күтіп алып, аттарымызды жетектеп үй алдында күтіп тұрған Басықараға әкелді. Би көңілденіп, әрқайсымызды аттан түсіріп, қонақжайлық танытты. Киіз үйге қым­бат кілем төселген. Бәріміз отырған соң, би өзі қымыз құйып, балалары арқылы бізге берді»,  деп жазған. Орыс елшісі Қаракөбек ауылына 14 тамызда келген. Осында Я.П.Гавердовский төртқара руының шығу тегі туралы естіп, оны жазбаға түсірген. Би ауылында орыс керуенінің Бұхараға жетуі туралы кеңес болып, оны Қара­көбек бидің өзі жүргізген. Поручик төртқара руының Қаракөбек биге бағынатындығына көзі жеткізіп, әрі оның отбасында 100-ге дейін адам бар екендігін анықтайды. Бұған қоса: «Қара­көбек – бізге кездескен қазақтар ішінен ең дәулеттісі. Оның 2000-дай жылқысы, 10000-дай қойы басқа да малдары бар. Оның киіз үйі керуен тауарларына толы», деп сипаттайды (История Казахстана в русских источниках XVI-XX веков. V том. – Алматы, 2007. С.72, 82, 194, 209).

Мұның барлығы Әйтеке бидің ұрпақтары мен бауырларының қалың қазақтан оза шығып, еліне қызмет жасағандығын дәлелдейді. Би, батыр, мырза атанған олар халқымен бірге кө­шіп-қонды, қиын қыстау жаугершілік заманда ауыртпалықты елімен бірге көріп, одан шығар жолды бірге іздеді. Ел азаттығы үшін Сырым көтерілген тұста оның жанынан табылып, қазақ-орыс қатынасының шиеленіскен жылдары қауіп-қатерге қарамастан ел игілігі үшін Орынбор-Бұхара керуен жолдарын өз мойындарына алып, оңтүстіктегі Хиуа, Бұхара хан­дық­тарымен, ал ел ішіндегі түрлі мәселелерді Әбіл­қайыр, Батыр хандар ұрпақтарымен бір­лесе шешіп отырған.

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Сартай туралы терме
орындаушысы басқа адам

http://music.nur.kz/150619-terme-sartajdin-termesi

Sponsored content



Back to top  Message [Page 1 of 1]

Permissions in this forum:
You cannot reply to topics in this forum