You are not connected. Please login or register

Приметы и обряды тюрков

Go to page : Previous  1, 2

View previous topic View next topic Go down  Message [Page 2 of 2]

Таңертеңгі асты ішіп отырғанда ерлі-зайыпты адамдар ұрыспайды. Таңғы тірлік басталады. Күн шуағымен өмірге бақыт келеді. Ырызық тасыған, көңіл шалқыған күн туады деп, ыстық ықыласпен таңертеңгі асты ойнап-күліп отырып ішеді. Сонда қабақтар жадырап, жақсы күн болады деп ырымдалады.

Жүкті әйелдер түйенің етін жемейді. Жесе - баланы он екі ай көтереді, толғағы қатты болады деп ырымдалады. Түйенің етін жеп, уағында толғатып, мезгілінде босана алмаса - сол үйдің төріне өлген бураның бас сүйегін іліп қояды. Онысы - әйел қиналмай, тез босансын дегені.

Сәбилер тоңқайып, екі бұтының арасынан қараса - жақсы нысанға баланады. "Жолаушы келеді", "Жол ашылады", "Алыстан туыстар қатынасады" деп қуанысады.

Аяқты көкке көтеру - жақсы қимыл емес, оспадарлық. Онда аспаққа асыласың, аяғың көктен келеді, үйде өлім-жітім, қорада мал шығын болады, Көк тәңірі шамданады деп жорылады.

Қазақ баласы жаңа шыққан көк шөпті жұлмайды. Ағаш бүрлерін үзбейді. Көк шыбықты сындырмайды. Өйткені, жас өндірдің бәрі бақыттың бастамасы, барлық тірліктің қайнар көзі. Көк жұлсаң - көктей орыласың, қарғыс атады деп ырымдалады.

Қазақ баласы бастау басына, бұлақтың қасына дәретке отырмайды. Барлық тірліктің атасы да, жан біткеннің анасы да сол бұлақ, сол бастау деп біледі. Сондықтан бұлай істегенде оның киесі атады, қарғысы тиеді. Тазаны арамдасаң - арың кірленеді, абыройың төгіледі деп ырымдайды.

Қазақ жапан даладағы жалғыз ағашты кеспейді, зақым келтірмейді. Саясына барып паналап, ұйықтамайды. Олай істесең сол ағаштай сопиып жалғыз қаласың, дүниеде жалғыздықтан өткен жамандық жоқ. Жаның құлазудан асқан қорлық жоқ. Жалғыз ағашты жамандық тілеп тұрған жауыздықтың нысаны деп қарайды.

Қазақ қосарланып өскен, қатар біткен ағашты кеспейді. Олай істегенде қосағыңнан айырыласың, қанатыңнан қайырыласың, бақайыңнан майырыласың, тамырыңмен қырқыласың деп шошиды. Дүние түгел егізден жаралған. Егіздің сыңарын құлатқан оңбайды. Көңілі қарауытып, санадай сарғайып, зарығып, қиналып өтеді деп ырымдайды.

Далада жатқан, шала жанған ағашты үйге кіргізбейді. Өйткені, күйелі ағаштай пәле жұққыш болады. Көңіл шаладай бықсып, үй ішінде алауыздық туады. Қорадағы қой, өрістегі жылқы, қотандағы сиыр, даладағы түйе шала туып, шығын көбейеді. Береке кетіп, бақыт сөнеді, адам өледі деп ырымдалады.

Үлкен тойда, аста немесе салтанатты мереке-мейрамда сыйлы қонаққа көк қасқа тай, ақ сары бас қой, атан түйе, дөнен өгіз сойылады. Сонда барлық тілеу қабыл болып, зор бақыт қонады деп сеніп, ырымдалады.

Соғымға сойылған малдың жілігін шаққанда майы толық болса, сол жылы мал майлы, көңіл жайлы, тоқтылық болады деп ырымдалады.

Қазақ үйіне қонған қонақты да ырымдайды. Қонақ қонған түні мал төлдесе, құйрық асып қонақты сыйлайды. Әрі киіт кигізіп: "Ақ жолтай қонақ" деп шығарып салады.

View user profile
Қазақ бейіт баспайды, қолмен нұсқап көрсетпейді. Бұлай істесе аруақ атады. Бейіт басқан адам топ, сал ауруына ұшырайды, қол-аяғы тартылып қалады деп ырымдайды.

Қазақ "Бүлінген елден бүлдіргі алма" деп, өз ішінен бұзылған елге теріс қарайды. Бұлай істесе бүлік жұғады, пәлесі қалады, жала жабылады деп ырымдайды.

Қазақ пышақтың жүзі көкке қарап жатқанды жаман ырымға жатқызады. Ондай пышақ өлім тілеп жатыр деп ырымдап, пышақты жалпағынан жатқызады.

Қазақ жақсы көретін адамына пышақ сыйламайды

Қазақ түнде үрейлі түс көрсе, таңертең жерге үш рет түкіреді де: "Түс - түлкінің боғы" дегенді үш рет айтып, түкірікті оң аяғының табанымен үш рет басып таптайды. Онысы - тоймас қара жер жаман түсімді жесін деп ырымдайды

Қазақ оң жағындағы иығына қарап түкірмейді. Сол жақ иықтан түкіреді. Өйткені оң жақ иықта періште отыр. Сол жиркенеді

View user profile
қазақ түнде айнаға қарамайды. Айнаның бетін жауып қояды

View user profile
Қазақ әйелдері қасын боямайды, жұлып тақырламайды. Бұлай істесе - қастасы көбейеді, жауы басына шығып, басынады деп жориды.

Қазақ басқа үйді айналмайды. Айналса, сол үйдің пәлесі жабысады немесе өзіне қонуға тиісті бақ адасады деп ырымдайды.

Қазақ теңделген жүкті буып байлаған жіпті кеспейді. Бұлай істегенді өзіңдікі өзіңе бұйырмайды, талапайға түседі, жолда тоналасың, жау шапқандай болады деп, жаман ырымға жориды.

Қазақта кетік, жырық ыдыспен қонаққа ас бермейді. Себебі, ыдыстың кетігінен сайтан қосарлана ас ішеді, қонақ қорланады, қонақтың жебеуші иесі шамданып, кәрін төгеді деп ырымдайды.

View user profile
Дастарқан оң бетімен жайылады. Дастарқан қос қабатталған болса, қонақ келгенде оның тұйық жағын қонаққа қаратып, оң бетін келтіріп жаяды. Мұны "дастарқан оң болмай, ісіңде жол болмайды" деп ырымдайды. Дастарқан - береке-бірліктің, тірліктің бейнесі ретінде қастерленеді.

Қазақ жазғытұрым далада ұйықтамайды. Бүл қыс пен жаздың өларасы, шегі. Ыстық пен суық алмасар түс. Осы мезгілде жер бетіне жын-перілер соғысып жатады. Далада ұйықтап қалған кісінің бет-аузы қисаяды, жынданып ауырады деп ырымдайды.

Атты кісі бейіт тұсынан шауып өтпейді. Бұл аруақты сыйламағанның қылығы. Сондықтан аруақ атады, сайтан жабысады, аруақ соңынан қуалап үйге келеді деп ырымдайды.

Малға оба тисе, қасиетті саналған адамдардың моласынан топырақ әкеліп, малды ұшықтайды. Себебі, оба да бір қасиеттің белгісі. Оның да күшті қорғаушысы болады деп ырымдайды

View user profile
Қазақ дос-жаранына, туыс-туғанына сары түсті заттарды тарту-таралғыға ұсынбайды. Сары түс - дерттің белгісі, сары ауру жабыстырады, жазылмас дертке ұрындырады деп жориды.

View user profile
Жолаушы сапар шегіп келе жатқанда жол бойында тұмсығы жолға қарап аттың не түйенің қу басы жатса, жол ақ, оң болады деп ырымдалады. Ал керісінше жатса, жолаушы аттан түсіп, қу бастың тұмсығын жолға қаратып қойып кетеді.

Қазақта сейсенбі күні алыс сапарға аттанбайды, үлкен іс бастамайды. Себебі, бұл ауыр күн болып есептеледі. Бас зеңіп тұрады деп ырымдалады.

Тырнақ пен шаш бейсенбі, жұма күндері алынуы тиіс. Түнде тырнақ пен шашты алмайды. Себебі, адамның жаны түнде тырнаққа ілініп тұрады екен. Ал түнде шаш алу бас алумен бірдей деп жорылады.

Тамақты тек қана оң қолмен жеу керек. Сол қолмен жеген ас сіңімді болмайды деп ұйғарылады.

Шалбарды, ыштанды, дамбалды отырып кию керек. Бұл - ибалылықтың нышаны, құтты өмірдің қалпын бейнелейді. Түрегеп тұрып кию - жаугершілікті, қанды қырғын соғысты елестетеді. Сондықтан, мұндай теріс әрекеттен аулақ болу керек.

Түнде беті ашық қалған асты жемейді. Себебі, мұндай ас бұзылады, айниды. Асқа сайтан сарыды деп ұйғарылады.

Таңертеңгісін жол үстінен алғаш кезіккен әйел еркектің оң жағынан өтпеуі керек. Бұлай істесе, ердің жолы бөгеледі, бақыты шайқалады, қырсыққа ұрынады деп ырымдалады.

Жаңа босанған әйел қырық күнге дейін қолын суық суға малмауы керек. Салқын заттарға қол тигізбеу керек. Жаңа туған нәресте суық жүрек, тасбауыр болып өседі деп ырымдалады.

Жаңа туған сәбидің кіндігін киелі әйелге немесе жасы үлкен парасатты кемпірлерге кестіреді. Себебі, "Нәресте кіндік шешесіне тартады" деген сенім бар. Ауру-сырқат немесе жарымжан әйелдер кіндік кессе, бала соған тартып кетеді деп ырымдалады.

Нәресте туғанда кіндігін ай балтамен кесіп, таза жіппен байлайды. Кіндік кескен балтаны пайдаланбай, сақтап қояды. Кіндік үш-төрт күнде түседі. Ұл баланың кіндігін "үй күшік болмасын, далада өскен батыр болсын" деп, қырдан асырып лақтырып жібереді. Ал қыз баланың кіндігін "үйдің құты болсын" деп, от басына ошақтың түбіне көмеді. Бала оқымысты болсын деген ниетпен кітап арасына сақтап қоятын да, ат құлағында ойнасын деген тілекпен, аттың жалына байлап қоятын да дағды бар. "Тілегімізді кіндік кескен жерден, кіндік қаны тамған жерден бер" дейтін сөз осындай ырымдардан қалған.

Жаңа босанған әйелге ақ сарыбас қой сойып, ақ тілеу айтып, қалжа жегізеді. Себебі, туыттағы тері шықпаса, ана мен баланы қырық түрлі қырсық шалады, қалжа жемеген әйелдің баласы ынжық болады деп ырымдалады.

Бала емізіп отырған әйел омырауын басқа кісілерге көрсетпеуі тиіс. Баланы қалқалап отырып емізеді. Бұл кезде сөйлемейді. Себебі, басқаның көзі омырауға түссе - емшегі ісінеді, сыздауық шығады деп ырымдалады. Ал сөйлесе бала шашалып, қолқасы қабынады да, ауруға шалдығады.

View user profile
Қонақ келгенде есікті үй иесінің өзі ашады. Ал қонақ шығарда есікті үй иесі ашпайды, қонақтың өзі ашып шығады. Қонақ үйге келгенде құт бірге кіреді деп жориды. Қонақ кетерде үй иесі есік ашып берсе, құт та әлгі кісімен ілесіп кетеді деп ырымдалады.

Қазақ ұғымында, үкі - қасиетті құс. Үкінің үлпілдек жүні, басы, сирағы және қауырсынын жын-сайтаннан қорғайды деп, төсектің басына, бесікке, бас киімге қадайды.

Тіл тиюден, көз сұғынан сақтану үшін "Есек тас" деп аталатын белгі тас тағылады. Сонда көз сұғы, тіл зары тасқа тиеді деп ырымдалады.

Қазақ жын-сайтан бурадан және кірпікшешеннен қорқады деп жориды да. Үйдің бір қолайлы тұсына бураның бас сүйегін, кірпінің түрпісін іліп қояды.

Қазақ үйінде ыдыс-аяқты салдырлатпайды. Онда ырыс үркеді. Дім шамданады, бақ жоламайды деп ырымдалады.

Қазақта "ақты телміртпе" деген сөз бар. Алдыға қойылған айран, сүт, қымыз секілді тағамдарды көп тостырмай, тез ішу керек. Ақ көп телмірсе, аққа адам да телміріп, зарығатын болады деп ырымдалады.
Қазақта: "Сыйға - сый, сыраға - бал" дейтін сөз бар. Жігіт жағы құдаларды есік көрсетуге шақырады. Мұндағы мақсат - қалыңдықтың барлық туыс-туғандарын күйеуге таныстыру, өз ел-жұртын, дәулеті мен сәулетін көрсету. "Өлі-тірісіне" бір мал аталады. Бұл - аруақ разы болсын дегені. Егер өлі-тірісіне мал аталмаса, келін ауруға шалдығады деп есептейді.

Қазақта шын көңілмен, адал ниетпен құдаласып, қонақ болып отырғанда табақ тартар алдында құйрық-бауырды араластырып турап, үстіне айран құяды да, құдаларға асатады. Бұл асатудың әзілге ұласатын жағы да бар. Алайда адал ниет те қабысып жатады. Айран араластыруы - тілек ақ болсын, іші-бауырымыз араласып мың жылдық құда боламыз деп ырымдағаны.

Қазақ бір үйге алып барған өзінің сыбағасынан өзі жемейді. Онда әйелі қыз табады деп ырымдайды. Ұдайы жаугершілікке ұшырай берген қазақ елді қорғайтын ер-азаматты көксегендіктен ұл баланы ерекше тілейді.

Қазақта түн ортасында қораздың шақыруы теріске жорылады. Ондай қораздың басын кеседі де, жерге көміп тастайды. Өйтпесе, адам өлімге ұшырайды деп есептейді.

Жаңа түскен келіннің бала көтеріп, жерік болғанын сезсе, қайын енесі ағынан жарылып, "төсек той" жасап, көршілерін де қуантады. Жиналғандар төсекке теңге, қыран құстың қасиетті саналған дене мүшелерін іледі. Жастығының астына пышақ жастап қояды. Онысы бала аман-есен жарық дүниеге келсін. Тіл-көзден аман болсын дегені.

Жас жұбайлардың алғаш жататын төсегі - "Ақ некенің ақ төсегі" деп аталады. Енесі мен жеңгелері төсекті аршамен аластайды, иіс су себеді. Төсекті бұлай аластамаса, жын-сайтан жабысып, неке бұзылады деп жориды.

Қазақ мойынға жіп салмайды. Өйтсе сайтан есінен тандыра аздырып, өзін-өзі білмей буынып өледі деп ырымдайды.

View user profile
Қазақ қазанды теппейді. Тәптә жай аяқ тиіп кетсе, тәу етіп кешірім сұрайды. Аяқпен қазанды, дастарқанды, неме тамақ салынған кез келген ыдыс аяқты түртуге болмайды

View user profile
Қазақ қазанды құр қоймайды. Ең болмаса бір қасық май салып қоб керек. Қазан қаңсымасын деген ниет

View user profile
Қазақта айдалада жалғыз кетіп бара жатып, түнге қалса, мұсылмандардың моласындағы мазарға түнеп шығады. Таңертең аруақтарға бағыштап құран оқып аттанады. Жалғыз адамды түнде аруақтар қорғайды деп жорылады.

View user profile
Қазақта ұзатылған қыз жыл толмай төркініне келмейді. Себебі, отаудың оты лаулай түссін дегені. Бұл мезгіл бұзылса - ақ төсек суиды, көңілге жел кіреді деп ұйғарылады. Мұндай кезде туған бала безбүйрек, қатал болады деп сенеді. Сондықтан отауды жайнатып ұстап, отбасына самауырды қайнатып қойып, келген-кеткенді ашық-жарқын қабақпен қарсы алу арқылы жас келін келген жеріне әбден бауыр басып кетуі керек. Содан кейін ғана төркініне баруға болады. Төркіндей барғанда дауыс айтып, сағынышын да білдіруге ерікті. Қуанышты көрісу - жақсылық. Ата-анасы сағынып келген қызын жылы шыраймен, ақ пейілмен күтеді. Қайтар кезінде қалағанын береді. Қыз марқайса - ел көңілі өседі деп жориды.

Қазақта "Күйеу аяқ" дейтін ырым бар. Жігіт қалыңдығын өз үйіне түсіргеннен кейін қызын ұзата барған енесін қошаметпен қайта жеткізіп салады. Сонда ата-енесі күйеу балаға мал атайды. "Күйеу аяқ" дегені сол Бұл күйеудің аяғы жеңіл болсын, көңілі ашық боп қайтсын дегені.

Қазақта "жарыс қазан" деген ырым бар. Бір әйел толғатып жатқанда, басқа үйдің әйелдері қазанға жеңіл-желпі тамақ салып, оны босанатын әйел бала тапқанша пісіріп үлгеру үшін жарысады. Қазақ ұйғарымында туатын бала "жарыс қазанға" қатынасып, пісетін тамақтан бұрын жарық дүниеге келуге ұмтылады.

Көрші-қолаңнан біреу алыс жолға аттанғанда ауылдағылар жолаушының тоқымын қағады. Бүл - тоқымқағар деп аталады. Жолаушы аттандырған үйдің иесі дастарқан жайып, жиналған жұртты сыйлайды. Жұрт жолаушыға ақ тілеу айтады.

Қазақта "тобық жұту" деген ырым бар. Жұтатыны - қоян тобығы. Шарты былай, тобық жұтатын адам мынадай серт айтады:
Батыр болсам - Жүрегімнен шық, Палуан болсам - Білегімнен шық. Шешен болсам - Таңдайымнан шық, Бақытты болсам - Маңдайымнан шық.
Тобық жұтқан адамның қасиетіне қарай айтқан тұсынан шығады деп есептеледі.

Қазақта "тұмар тағу" ырымы да бар. Бала не жасы кіші біреу ауырса молдаға дұға жаздырып алып, оны ақ шүберекке не теріге үш бұрыштап бүктеп тігеді де, дұға арналып жазылған адамның мойнына тағып қояды. Бұл тұмар сол адамды не баланы пәледен, тіл-көзден, ауру-сырқаудан сақтанды деп сенеді. Тұмардың түрі көп. Кейде жас төлдерге де, ботаға да, ауырған малға да тағады.

Қазақ ұғымы бойынша шаруамен бір үйге кірген адам тізе бүгеді, тіпті өте асығыс болғанның өзінде де тізе бүгіп, үй иесіне ілтипат жасауға тиіс. Бұл - шаңырақтың құрметі. Егер келген адам түрегеп тұрып шаруасын айтып, тізе бүкпей шығып бара жатса, үй иесі: "Неге тізе бүкпейсің, біздің үйдің сиыры түрегеп тұрып бұзауласын дегенің бе?" деп өкпе айтады. Қариялар: "От ала келген жоқсың, тізе бүк!" деп бұйырады. Бұл - үйдің иесіне тағзым ету.

Қазақ салты бойынша от алуға келген кісі от алғалы келгенін айтпайды. Отты алады да, үнсіз шығып кетеді. Тек от алып жатып: "От ана, сақтай гөр!" деген тілек айтады. Әсілі от алу - жақсы әдет емес, сондықтан от алушы басқалармен сөйлеспейді. "Отқа келген әйелдің отыз ауыз сөзі бар" деп, өсекті лаулатып айтуға тыйым салады. "Ел іші ала, кереге басы пәле болмасын" деп ұйғарады.

View user profile
Ас-тамақтан, жел-құздан, иіс-қоқыстан ұшынған адамдарды ұшықтау ертеден келе жатқан емдеу тәсілі. Жығылған адамның бір жері ауырып қалса да, сол жерде: "Кет, пәлекет, кет!", "Ұшық-ұшық" деп ұшықтайды. Науқас адамды күн батар алдында жерге жатқызып ұшықтап, үйге әкеліп жылы жауып тастайды.

Әдетте басқа ауруды да үшкіріп, ұшықтап емдейді. Үшкіру де емдеу тәсілінің бір түрі. Емші дұға оқып, "сүф-сүф" деп үшкіреді. Емделуші сол үшін оған мал, орамал секілді садақа береді. Онысы - аурудың жолы болып, тез оңалсын дегені.

Ұзатылған қыз соңынан ерген сіңлісіне өзінің тақиясын, бөркін береді. Бұл: "Ендігі кезек сенікі, бағың ашылсын" дегені. Мұны қазақ "Шарғы" дейді. Шарғылы қызға жеңгелері, құрбылары: "Бағың жансын, бағың ашылсын" деп жақсылық тілейді. Жасы үлкендері: "Маңдайың жарық болсын" деп маңдайынан иіскейді.

Келін түскенде, қыз ұзатылғанда, жолаушы сапардан оралғанда, құда не туыс-туған келгенде, тағы басқа қуанышты күндерде ауыл әйелдері құрт-ірімшік, қант-кәмпит, күміс тиын араластырып, топтасып тұрған адамдардың ортасына "Шашу, шашу!" деп айқайлап тұрып шашады. Шашуды барлығы теріп алып, ырым ретінде үйлеріндегі балаларына апарып береді. Шашуды әйелдер ғана шашады. Еркек шашпайды. Шашуды балаларға берудің себебі "ырысты болсын" дегені.

Қошқардан күйек аларда "шашыратқы" жасайды. Қошқардың күйегін алып, саулықтарға қосып жіберген соң, мал иелері тілеу тілейді. "Төл көбейсін, егіз-егізден болғай" деп, мәре-сәре болады. Әйелдер дастарқан жайып, қонақтарды күтеді. Осы ас шашыратқы деп аталады. Сонда: "Мал төлді болады, шөп басы екі аша шығады, қой егіз табады" деп қуанысады.

Шөп басын сындыратын ырым да бар. Бүл жақсылыққа, өтелген іске байланысты ырым. Сараңдар жомарттық жасаса, қорқақтар ерлік көрсетсе, біреу оқыс әрекетімен көзге түссе, соны естіген кісі: "Мынау шөп сындыратын іс екен" деп, жерден шөп не қу шырпы алып сындырады. Бұл тіл, көз тимесін дегені.

Қазақ өрттің алдына ақ құяды. Онысы - өрт тез сөнсін, апат болмасын дегені.

Адам қатты ауырғанда, басына күн туып, бағы тайғанда, қауіп-қатерге жолыққанда, алладан медет сұрап, ақсарыбас қой сояды. Пәледен құтқар деп тілейді.

Баланың төбе шашын ұзын өсіріп, моншақ араластырып өріп қояды. Бұл "Айдар" деп аталады. Айдарлы адам айбарлы көрінеді, оған тіл-көз тимейді деп біледі.

Айт күні ренжуге болмайды. Жайраң қағып, жылы шыраймен, ыстық жүрекпен, тасыған мереймен жүреді. Айт күні ренжісе, келесі айтқа дейін ашу тарқамайды деп жориды.

Айттан бұрын үй тазаланады. Ескі-құсқыны, кетік ыдыс-аяқты тастайды. Айт күні жаңа нәрселер ғана істетіледі. Онысы - жаңа дүние көбейсін, бақ орнасын дегені.

Қазақ баласы түнде қасқырдың атын атамайды. "Ит-құс" деп бүркемелеп сөйлейді. Қасқыр десе - қастасып, қораға шабады деп жориды.

View user profile
Келін қайын атасының, енесінің, қайын ағасының, қайын жұртындағы үлкен-кіші туыстардың атын атамайды. Ата-енесінен басқаларға қосалқы ат қояды. Бұл - қайын жұртына құрметі әрі сыйлағаны, жақсы келін атанудың жөні.

Қазақ баласы айға телміріп, ұзақ қарамайды, түнде жұлдыз санамайды. Айда бір кемпір бар, айға телміріп қарасаң, әлгі кемпір сенің кірпігіңді санайды, кірпігі саналған адам қазаға ұшырайды деп жориды.

Қазақта жаңа туған айға сәлем беретін әдет бар. Жазды күні айға сәлем берген жерінің шөбін жұлып, үйге алып келіп, отқа салады. Онысы - пәле-қазадан аман болайық дегені.

Қазақ ұғымында от - үйдің жарылқаушысы, шам-шырағы. Қазақ отты ерекше құрметтейді. Жаңа түскен келінді үйге кіргізгенде үлкен үйдегі отқа сәлем бергізеді. Одан кейін от басына төселген жұмсақ бөстекке (теріге) отырғызады. Онысы - оттай жайнап түр, терідей жұмсақ бол дегені.

Жаңа түскен келін отқа сәлем бергенде: "От - ана, Май - ана, жарылқа!" деп тілеу тілейді. Басқа әйелдер отқа май құйып, алақандарын қыздырып алып, келіннің бетін аластайды. Бұл - келіннің жүзі жылы, дидары ыстық болсын, тіл-көз тимесін дегені.

Наурыз күні кетік ыдыстарды пайдаланбай тастайды. "Жаңа күн - жаңа өмір, жаңа жыл" деп біледі. Бұл күні кетік ыдыспен ас ішсе - көне пәле, көне сүрдек қалады, жаңа күннің жаңа ырысын көре алмаймыз деп жориды.

Бірге туған бауырына, қарындасына қатты ашуланған кісі екі қолымен екі бүйірін таянып, көзін шарт жұмып тұра қалса, ашуы басылады, көңілі сабасына түседі деп жориды. Қазақ "Ашу - дұшпан, ақыл - дос" дейді.

Екіқабат әйел "ұл табамын" десе, еркектің қару-жарағын, шалбарын басына жастанып жатады. Ал қыз тапқысы келсе - қызыл ала шыт, әйелдің көйлегі, жүзік, сырға, алқа, маржан білезік, моншақ жастанады.

Ағайынды кісілер араздасып қалса, басқа бір туысы ақ дастарқанына шақырып, дәм сыйлап, татуластырады. Кейде араздасқандар бірін-бірі шақырып, дәм береді. Онысы - түгі жығылып жүрсін, таспен ұрғанды аспен ұр деп ұйғарғаны.

Сұраған кісіге инені ұшығымен бермейді. Ұшық - қастыққа, өштікке, араздыққа ұрындырады деп жориды. Инені қайтарғанда да иесіне ұшықсыз қайтарады. Қолға бермей, жерге тастайды. Бұл - иненің шаншуы жерде қалсын дегені.

Торқалы тойдың, өлім-қазаның ас-суы елге үлестіріледі. Бұл - береке сақталсын, дәм-тұз таусылмасын, қазан қаңсымасын дегені.

Адамның, малдың құлағына ауызды тақап тұрып айқайламайды. Құлақтың пердесі жарылып, саңырау боп қалады, миға зақым келеді деп жорылады.

Ұйықтап жатқан адамды айқайлап, не қатты жұлқып оятпайды. "Ұйқыңды қи, құдай оңдай гөр, қыз ұйқысын бер" деп, ақырын жұмсақ үнмен атын үш рет атайды. Ұйқыдағы кісі оянып, көзін ашқанда, орныңнан тұр дейді. Айқайлап, жұлқылап ояту - жүйкені тітіркендіріп, ызаландырады деп жориды.

View user profile
Түнде жатқан төсегіңді таңертең өзің жина. Жиналмай, қалған көрпе-жастықтың ішіне сайтан кіріп алады да, адамға жамандық тілейді. Жиналмаған төсек-орын жаугершілікті де еске түсіреді. Төсектің жиналмауы - әйелге де сын. "Салпы етек, салақ, бос әйел" деген қаңқу сөз тарайды. Сөзге іліккен әйелдің үйінен құт қашады деп ұйғарылады.

View user profile
Емшекте баласы бар әйел жалаң бас отырып, бала емізбейді, орамал салып алуға тиіс. Жалаң бас болса, қайызғағын шайтан баланың аузына салып жібереді, бала есейгенде мәңгүрт болады, анадан безеді, басына шығып, аяқ асты етеді деп біледі

View user profile

Sponsored content


View previous topic View next topic Back to top  Message [Page 2 of 2]

Go to page : Previous  1, 2

Permissions in this forum:
You cannot reply to topics in this forum