Türk Ulus Budun
Would you like to react to this message? Create an account in a few clicks or log in to continue.

You are not connected. Please login or register

Антисоветские восстания

2 posters

Go down  Message [Page 1 of 1]

VIPER

VIPER
Tarqan
Tarqan

АНТИСОВЕТСКИЕ ПОВСТАНЦЫ АЛТАЯ

Антисоветские восстания 99886610

Групповая фотография арестантов, причастных к антисоветскому восстанию в марте 1931 года в Кош-Агачском районе нынешней Республики Алтай. На фото под номерами 1, 3, 4, 5 – алтайцы-теленгиты. Все остальные – казаки (казахи).

Восемь из арестантов были расстреляны в августе 1931 года. В ноябре 1931 года Кош-Агачскому пограничному отряду ОГПУ было вручено Революционное Красное Знамя за подавление восстания.

https://www.facebook.com/QazaqOrda

VIPER

VIPER
Tarqan
Tarqan

БУНТАРЬ ВО ВРЕМЯ ДОПРОСА

Антисоветские восстания 98865310

Кутбай Акимбайулы родился в 1883 году в Семипалатинской области. Возглавлял массовое выступление против советской власти в Кош-Агачском районе нынешней Республики Алтай (РФ). 20 февраля 1931 г. арестован. Фотография сделана во время допроса. 19 августа 1931 г. Кутбай Акимбайулы был расстрелян.

Кош-Агачский район граничит с Казакстаном, Китаем и Монголией и является местом компактного проживания казаков (казахов), которые составляют более половины населения района. Казаки также являются подавляющим большинством в приграничных районах Китая и Монголии, примыкающих к горам Алтая.

https://www.facebook.com/QazaqOrda

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Материал на казакском про восстание известное под названием Асандар көтерілісі


Ардақ Беркімбай. Қазалы көтерілісі



«Қазалы көтерілісі» кейбір деректерде «Асан көтерілісі» деп аталып жүр. 1930 жылы қыс-көктем айларында ет және шикізат дайындау науқандарында Қызылорда округінде әртүрлі асырасілтеушіліктердің орын алуы осы наразылықтың өршуіне негіз болды. Бірнеше қайтара салынған астық салығын жинау, адамдарды қорлау, олардың намысына тию аса дөрекілікпен жүзеге асырылды. Осындай жағдайға қарсылық ретінде Арал және Қазалы аудандарынан 3000-ға жуық адам күреске шықты.

Бұлардың көпшілігі Сыр­дарияның сол жағалауын мекендеген Асан руының азаматтары еді. Ауызекі әңгімелерде бұл көтерілістің «Асандар көтерілісі» деп айтылатыны сондықтан. ОГПУ бұл мәселеге байланысты 1930 жылдың 20 қарашасында тергеу жұмыстарын жүргізген екен. Ол мәлі­меттерден білетініміз - бұл қыл­мыстық іс бо­йынша 16 адам жауапқа тартылған. Олардың ішінде Иімбетов Әбдіхалық, Еділқараев Қалымбет, Өмір­беков Мұстафа, Құрекеев Пірімбет, Мәмбетеев Насыр, Нұрым­бетов Арызхан, Таңата­ров Айжар­қын, Қарақұлов Әбдіра­ман, Қонысов Жұбанған, Асанов Дәрмен, Қалды­баев Бошай, Қалды­баев Аңсат, Ма­ша­қов Жақан, Дошманов Ниязымбет, Жақыпов Сүйе­ніш­әлі және Ізім­бетов Әли бар. Бұл аталғандар, әри­не, көтерілісте ерекше белсен­ділік көрсеткен және оның ұйымдас­ты­рушы тобына енген белсенділер еді.

Тарихи деректерге қарасақ, көтеріліс 22-ші ауылда басталған. 1930 жылы тамыз айының соңғы күн­дерінде ОГПУ қызметкерлері астық салығын төлеуден бас тартқан осы ауылдың азаматтары Д.Асановты, Ж.Тілеубаевты, А.Қалдыбаевты және Б.Тілеулиевті тұтқынға алған. Азаматтарын қамауға бергісі келмеген ауыл тұрғындары келесі күні-ақ қарсылық күшпен тұтқындағыларды босатып алған. Көп кешікпей бұл ауылға 19, 20, 21, 23, 25 ауылдардың да және Қазалыға көршілес Арал ауданының кейбір ауылдары да қо­сылып, толқуға қатысқан адамдар­дың қатары 1000-ға жуықтаған. Кө­терілісшілер өздерінің орталарынан хан сайлап, оған 22-ші ауылдың тұрғыны Иманмақсым Орынбетовті (ОГПУ деректерінде - Сырымбетов) ұсынған.

Қазалы көтерілісін біршама те­рең зерттеген тарихшы Н.Бай­қада­мов өзінің еңбегінде мынандай құжат­ты алға тартады. Ауылшаруа­шылық өнімдерін дайындау науқа­нындағы қателіктерді және асыра­сілтеушілікті реттеу үшін жоғарыдан Қазақ Өлкелік комитетінен Сәрсеков деген келген. Бұл уәкілдің мәлімде­месінде мынандай жолдар бар:

«Біріншіден, жоспарлар әр кедейдің, батырақтың отбасына да салынып, бес күн ішінде салықты төлеп тұруға тиіс болған. Қамаудан, тәркілеуден қорыққан қазақ шаруалары иттерді, есектерді, түйелерді сойып, сүйектерін өткізген. Кей жерлерде сиырлардың мүйізін қырқуға мәжбүр еткен. Екіншіден, өткізілген өнімдер үшін 1 тиын да төленбеген».

Дінмен күрес кезінде де партия өкілдері солақай саясатымен тағы да көзге түсті. Мешіттер тартып алынып, тұқым сақтайтын қоймаларға, кеңсеге, адам қамайтын абақтыға айналдырылды. Қазалы, Қармақшы аудандарында сыртқа көшкен бай отбасыларының салығын елде қал­ған кедейлер мен орташалардың мойнына салады. Ол үшін белсен­ділер көп ойланып жатпады. Мысалы, Қазалы ауданының ауыл шаруа­шылығы бөлімінің меңге­рушісі Қай­нарбаев дінге сенушілерге арнайы салық салуды енгізді. Сол ауданның 19-шы ауылының тұрғыны Жәлекенің екі атына және бір сиырына 112 пұт астық салығын салды. Себебі, ол кісі ел арасында сопы деген атпен танылған екен.

Осы сияқты, жағдайлар қарапа­й­ым халықты «коммунистер жойылсын», «дін бостандығы берілсін», «дінді қорғайық» деген ұрандармен бас көтеруге итермеледі. Қолдағы бар деректерге қарағанда, көтері­ліске қатысушылар ауылдарды аралап жүрген өкілдерге өздерінің ашу-ызаларын, наразылықтарын айқын білдіре бастаған. Мысалы, Алтыарық елді мекенінде жоғарыдан белгілен­ген 23 000 пұт астық өткізу жоспарына қарсы жергілікті тұрғындар жиналыс жасап, ашықтан-ашық қарсылық білдірген. Олар астық өткізуге ша­қыр­ған ауылдық кеңестің төрағасы Молдабаевтың сөз сөйлеуіне мүм­кіншілік бермеген және астық жинау­шы өкілдерге таяқ ала ұмтылып, жиналыста арнайы хаттама жасап, ауылдық кеңестің атынан мөр бастырып, шешім қабылдаған.

Осындай жиналысты Қазалы милициясының бастығы Қайыпов Нұрмақан бастаған уәкілдер тобы Қара­арық деген жерде өткізуге талпынған. Асанов Дәрмен, Қалды­баев Бошай бастаған халық жина­лысқа келмей қойған. Наразы­лық білдіруші халық 11 тамызда 22-ауыл­дың Қасқа деп аталатын елді меке­нінде Ақжан Ақмамбетовтің үйінде жиналып, қалыптасқан жағ­дай­ды талқылаған.

Енді өкіметке қарсы көтерілу қажет деген тоқтамға келіп, жина­лыс­та мынандай шешім қабылдаған: біріншіден, кеңес үкіме­тінің астық дайын­дау шараларына қарсы жұрт­шылықты ұйымдастыру қажет, екін­шіден, қалың бұқараны кеңес үкіме­тінің халықты жұтата­тынына, дінді жоятынына сендіріп, оларды үгіт-насихатпен бір тудың астына жинау керек. Осыған байланысты Әбдіха­лық Иімбетов, Насыр Мәме­тев бас­таған бірқатар азаматтар жақын көрші ауылдар арасында үгіт жүр­гізу­ді қолға алған.

Әрине, жергілікті басшы­лар­дың барлығы бірдей надан, топас болған жоқ. Олардың арасында да жағдайды түсінуге тырысқан азаматтар болды. Мысалы, 22-ші ауыл­дың партия ұйымының хатшысы Әли Ізімбетов көтерілісшілерге қосылып, 22-ауылдағы наразылыққа қатыс­қан. Жергілікті партия ұйымы­ның хатшысы мұндай әрекетке неге барғанын тергеу кезінде берген жауабы айқындап тұр. Оған қарағанда, 6 тамызда Қазалы қаласынан 22-ші ауылға аудандық атқару комитетінің тапсырмасымен милиция бастығы Қайыпов уәкіл болып келіп, жергілікті партия және комсомол мүшелерін қатыстыра отырып, шағын жиналыс өткізген. Бұл жиналыста осы ауданнан белгіленген астық жоспарымен жергілікті активті таныстырып, енді оны орындауды талап еткен. Бұл жос­парда шаруалар үкіметке 23 мың пұт астықты өткізу керегі ашық жа­зыл­­ған еді. Бұл шешімге ауылдық пар­тия ұйымының хатшысы Ізім­бетов Әли ашықтан-ашық қарсы болған. Оның тергеуде берген жа­уабында мынандай жолдар бар екен: «Үстіміздегі жылы ауданнан берілген 23 мың пұт астықты дайындау жос­парын орындауға бізде мүлде мүм­кіндік болған жоқ.

Өйткені су тапшы­лығына байланысты көп жерлерде егін шықпай қалды. Сол се­бепті мен мұндай жос­пармен халық алдына шы­ғуға болмайтынын Қа­йыповқа ескерттім. Бірақ менің ұсы­нысымды Қайыпов қабылда­мады».

Қайыпов өзінің үгіт-насихатын басқа елді мекендерде де жүргізсе керек. 8 тамызда ол Алтыарық деген жерде 300-дей шаруаны жинап, жиналыс өткізіп, астық дайындау жос­парын орындау қажеттігін атап көрсетеді. Жергілікті жерден сөз алған­дар: «Үкіметке өткізетін ондай астық бізде жоқ», - деп, ашықтан-ашық өздерінің наразылықтарын білдіреді. Жанжалдың мұнан әрі қарай қалай өршігенін нақты деректерден байқай аламыз. «Алаш» тарихи-зерттеу орта­­лы­ғынан жарық көрген ру-тай­палар тарихының 13-томында осы көтеріліс туралы былай жазылған:

«Мемлекет кедей шаруалар тұрмысына, хал-жағдайларына дұрыс көңіл аудармайды. Керісінше, жүрек жалғап отырған астығымыздың соңғы дәніне шейін сыпырып алғысы келеді. Біз осы уақытқа дейін мұның бәріне көніп келдік, ендігі жерде ел болып, халық болып әрі қарай тіршілік ететін болсақ, бірігіп кеңес үкіметінен қорғануымыз керек».

Жиналған жұрт бұл айтылған сөз­дерге түгелдей қосылып, өздерінің келісімін, ризашылығын білдіріп, отырған орындарынан тұрып, дауыс көтере бастаған. Осыдан кейін-ақ өтіп жатқан жиналыстың сәні ке­тіп,соңы у-шуға айналған. Шаруа­лардың кейбіреулері бар пәле осылардан деп, ауылдық кеңестің төрағасы мен белсенділеріне: «Сендер ауданға егістік жайы туралы дұрыс мәлімет бермегенсіңдер, сол себептен бізге олар іске аспайтын жоспар беріп отыр», - деп, нара­зы­лықтарын білдірген. У-шудың аяғы ұрып-соғуға дейін барған. Бірақ Асанов Дәрмен мен басқа ауылдың адамдары ұрыс-керісті тоқтатып, ауылдық кеңестің хатшысы Қожа­мұратов Нысаға № 22-ауылдың тұр­ғындары атынан ауданнан жіберілген астық дайындау жоспарының іске аспайтыны жөнінде акт жасатып, оның көшірмесін Қайыпов арқылы аудандық атқару комитетіне жолда­ған. Келесі күні ауылдық кеңестің мәжі­лісі шақырылып, онда да астық дайындау жоспары қаралған. Мәжі­ліс мүшелері халық жағына шығып, бұл жоспарды бекітпеген. Қабыл­данған шешімді сол күні ауданға хабарлаған.

Арада 4-5 күн өткен соң Қызыл­орда қаласынан ОГПУ қызмет­кер­лері Чекалин, Ықсанов және бас­қалары келіп, мың қаралы шаруа­ны жинап, астық дайындау нау­қанының мән-жайын түсіндірген. Бірақ жинал­ғандар жоспарды тағы да қол­дамаған. Жиналыс біткен соң, ОГПУ қызметкерлері ауылдың бел­сен­ділерімен ақылдаса отырып, «ел­ді бұзып жүрген» Асанов Дәрмен, Тлеубаев Жұмаш, Қалдыбаев Аңсат және Тілеулиев Бақы деп көрсетіп, тұтқынға алған. Алайда 200-ге тарта ауыл адамы олардың соңына түсіп, тұтқындарды күшпен босатып алған.

Осы оқиғадан кейін кеңес өкіметінің күштеу саясатынан қауіп­тенген 22-ші ауылдың азаматтары өз беттерімен қорғану үшін ұйымдаса бастаған. Олар көрші ауылдарға арнайы адамдар жіберіп, «Алты арық», «Мақпал», «Майдакөл» деген жерлерде бірнеше жиналыс өткізіп, Ке­ңес өкіметінің шараларын айыптап, оған қарсы көтеріліске шығу туралы шешім қабылдайды. Көтеріліс­шілер­дің ең соңғы жиналысы 2 қыркүйекте «Ханшүңгіл» деген жерде болып, онда біз жоғарыда атап көрсеткен Орынбетов Иман­мақ­сым­ды хан сайла­ған. Ханға уәзір ретінде (тергеу құжаттарында екінші хан деп аталған) Иімбетов Әбдіхалық сайланды. Олардың басқаруымен 2-4 қыркүйек күндері 3000-ға жуық адам жазалаушы отрядпен соғыс­қан. Кө­те­рілісшілер қамшы, қара­пайым таяқ және шоқпар тәрізді қарулармен қаруланған. Сондықтан да жазалаушы отряд көтерілісті аз ғана уақыт ішінде талқандады.

Көтеріліс басшыларының ішінен Иманқасым Орынбетов, ханға уәзір болған Әбдіхалық Иімбетов туралы арнайы деректер сақталып қалған. Әбдіхалық 37 жасқа келген, бай атан­­ғанымен, шын мәнінде, 4 ірі қара­сы және үлкен тамы бар қатар­дағы шаруа еді. Иманмақсымның дін­дар екендігін ескеріп, зерттеу­ші­лер көтерілістің негізгі ұйым­дас­тырушысы және басшысы осы Әбді­халық Иімбетов болса керек деп топшылайды. Бұған себеп мұрағат құжат­тарында Иімбетовтің атының жиі кездесуі болса керек.

Осы шай­қастарда жергілікті көте­рілісшілердің 40 адамнан айырыл­ғаны, 14 адамның жараланғаны ОГПУ деректерінде көрсетілген. Бұл, әрине, аз шығын емес. Хан сай­ланған Иманмақсым осы ұрыста қаза тапты. Мұнан кейінгі жазалау шаралары аса қатал болды. Көте­ріліске қатысқан 98 адам тұт­қын­далып, 31 адамға іздеу салынды. 1931 жылдың басында ОГПУ үшті­гі­нің шешімімен 9 адам ату жазасына кесілді. Бұлар 1931 жылы 4 мамырда Қызылорда қаласында атыл­ған. 28 адам 2 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге лагерьге айдалып, 16 адам жер аударылды. Көтеріліске қатыс­қандардың көпшілігі жазадан қашып, Қарақалпақстанға, Өзбек­станға және т.б. жерлерге ауа көшіп кетті.

Зерттеушілердің кейінгі жыл­дардағы сот құжаттарымен танысуы тергеу ісінің кезінде шала және немкетті жүргізілгенін анықтап бер­ді. Шын мәнінде, көтеріліске қатыс­қандар асығыс жиналған тізім бо­йынша жазаланған. Қылмыстық істер­ді жүргізу кодексі өрескел бұр­ма­ланып, қамауға алынған адам­дарға прокурордан санкция алын­баған. Тергеу орыс тілінде жүр­гізілген, аудармашы іске қатыспаған. Жауап алу хаттамаларында сауатсыз, қара­пайым шаруа адамдарының қолы орнына, сияға басқан бар­мақ­тарының ізі ғана бар. Тергеуді тер­геуші емес, оперативтік қызмет­кер­лер жүргізген. Сонымен бірге жауап­қа тартылған адамдардың кінә­лары нақты дәлелдермен көрсе­тілмеген.

P.S.: Қазалы көтерілісіне қатысты ел ішінде айтылып жүрген әртүрлі аңыздар бар. Олардың барлығының болған оқиға деректері негізінде тараған тарихи шындық екені мәлім. Қанды оқиғаның о дүниелік болған кугерлерінен естіген әңгімелеріңіз болса, газет редакциясына хат жазуларыңызды сұраймыз. Мұндай жазбаларды біз «ДАТ» баспагерлік жобасы дайындап жатқан «Ереуіл­деген ел болған» деген жинаққа енгізуді жоспарлап отырмыз.

«Общественная позиция» ( «DAT» № 42 (79) 24 қараша 2010 жыл.

http://abai.kz/node/5896

Sponsored content



Back to top  Message [Page 1 of 1]

Permissions in this forum:
You cannot reply to topics in this forum