Türk Ulus Budun
Would you like to react to this message? Create an account in a few clicks or log in to continue.

You are not connected. Please login or register

Көне сөздер- көне көздер! (старые слова)

3 posters

Go to page : Previous  1, 2

Go down  Message [Page 2 of 2]

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Жақсы мен жаман туралы, жақсы адам мен жаман адам туралы, қайтсек жақсы боламыз сол туралы


Ақылы жоқты аға тұтпа
Қасиеті жоқты қадір тұтпа
Ақылы жоқты аға тұтсаң
Кішілігіңді кемшіліктей көрер
Қасиеті жоқты қадір тұтсаң
Кісілігіңді ерсіліктей көрер


Үлкен алдында иіліп сөйле
Кіші алдында сызылып сөйле
Иіліп сөйлегеннен белің бұгілмейді
Сызылып сөйлегеннен сөзің үзілмейді


Екі ойлы болма
Екі ұшты сөйлеме
Ұрының қасында жүрме
Өтірікшінің қасында жүрме
Ежелгі доспен ұстаспа
Жаманмен кеңеспе
Баламен егеспе


Таңдап алған сұлудан
Таңдамай алған текті артық
Тамыр берген түйеден
Тәңірім берген тоқты артық


Төрде орын бар да төменге отырма

Жан ашырың жоқ болса
Жатпен бірге жүрмеңіз
Қолдаушыңыз жоқ болса
Білсеңіз де білмеңіз

Арғымақ аттың баласы
Аз ғана оттап көп жусайды
Жақсы адамның баласы
Аз ғана сөйлеп көп тыңдайды

Удай ащы болсаң түкіріп тастайды
Балдай тәтті болсаң жұтып алады

Жуас болғанша шуаш бол

Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер

Ненің қызығын көп іздесең, соның күйігін бір тартасың

Әдепті әдепсізден үйрен

Алдыңа келгені намысыңның біткені

Үйіңе келгенде үйдей дауың болса да айтпа

Алдыңа келгенде атаңның құны болса да кеш

Жол білмеген тоқтағыш, жөн білмеген боқтағыш

Ала сөйлеп ұлыққа жаққанша, адал сөйлеп халыққа жақ

Жетім көрсең жебей жүр

Ымды түсінбеген дымды түсінбейді

Олақтан салақ жаман

Сиыр сипағанды білмейді жаман сыйлағанды білмейді

Оқ жетпес жерге қылыш суырма

Шақырмаған жерге барма, шақырған жерден қалма

Ұл бала ынтыққаннан өлсін
Қыз бала тұншыққаннан өлсін

Тентек көпке тоқтайды
Жомарт жоққа тоқтайды
Асыл қынға тоқтайды
Арлы шынға тоқтайды

Біреу сөз береді
Біреу бөз береді
Бөз бергеннің бөзін алсаң
үстіңе көйлек болар
Сөз бергеннің сөзін алсаң,
басыңа бейнет болар

жапалақ құс мақтанса
жардан тышқан алдым дер
жаман адам мақтанса
жақсыны аяғынан шалдым дер

бәрің бірдей қойшы болма, құл боларсың
бәрің бірдей тойшы болма, қу боларсың


сөздің азы жақсы
бастың тазы жақсы

сөз мәнісін білмеген сөзді өз басына келтірер
көш мәнісін білмеген көшсе көлік өлтірер

құдай малыңды алса да пейіліңді алмасын

бермесіңді қызартпа

жаманға жалынғанша, жат та жаныңды қарма







Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Алматыда жаңбыр жауып тұр!



Алатаудың бауырында,

Атам-әжем ауылына,

Ақша бұлтар, ауа берші,

Жау-жау, жаңбыр, жауа берші.



Бақыт болып жаушы, жаңбыр,

Менің әсем қалама,

Менің байтақ далама.

Алматыдай астанама,

Жасыл желек жас қалама.

Бұлттар, бұлттар, ауа берші,

Жау-жау, жаңбыр, жауа берші.

детская песенка! Very Happy

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Мынадай сөздерді кездестіріп қалдым:


Сен бұзау терісі – шөншіксің,
Мен өгіз терісі – талыспын, -

Бұқар жырау

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

туысқандық, ағайындық туралы мақалдар

Апам үйі ақ жайлау

Төркін десе қыз төзбейді
Көкпең десе түйе төзбейді

Екі аяқтыда бөле тату,
Төрт аяқтыда бота тату

Балалығыңды сағынсаң нағашыңа бар
Жігіттігіңді сағынсаң қайын жұртыңа бар

Жеңім жаман болса да, жағам жақсы
Өзім жаман болсам да, ағам жақсы

Құда болғанша құлын бие сұрас
Құда болған соң құл болса да сыйлас

Өз ағасын ағаламаған
Кісі ағасын сағалайды

Құдайдың бергені баюға жақсы
Ағайынның бергені мақтануға жақсы

Алыс жерде құдаң болса түйе түйе ас келер
Жақын жерде құдаң болса түйе түйе сөз келер

Жарлы болайын деген жігіт байталын атқа сатады
Жалғыз болайын деген жігіт ағайынын жатқа сатады

Жыласуға жақын жақсы
Сыйласуға жат жақсы

Әуел бастан жанаспа
Әуел бастан жанассаң
Артық кемін санаспа

Адам бірге туыспау керек
Туысқан соң бәле қуыспау керек

Ауыз тамыр алып беріп күн көреді
Сүйек тамыр сүйенісіп күнелтеді

Жерде қалмайды, жиенде қалады

Жаман түйе жабуын жалмайды

Өзіңнен жаман тумасын
Кісіден жаман келмесін

Түбі бір түртпейді
Бірге туған кетпейді

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Тұрмағамбет жыраудың коллекциясынан мақалдар

Адам үш түрлі: ел үшін, мал үшін, қатын менен бала үшін (қазіргі адамдардың тең жартысы мал үшін, екінші жартысы қатын мене бала үшін жүрген сияқты. ел үшін жүрген ерлер жоқтың қасы)

ердің ісі келіс, әйелдің ісі керіс

түйе- байлық, қой- мырзалық, жылқы - сан

суды құм бөгейді
дауды қыз бөгейді (көп дауды қыз алып қыз беріп құдандалы болу арқылы жабатын болған ғой кезінде)

таспен жапалақты ұрсаң да жапалақ өледі
жапалақпен тасты ұрсаң да жапалақ өледі

ауыр жігіт дегенше ауру жігіт де (менің түсінгенім семіздік аурудың түрі дегенге меңзеп тұрған сияқты. немесе көңілінің қошы жоқ елгезек емес жігіт те негізі ауру болуы керек дегені ғой)

өкпе бер бауыр бер
сыбағамды тәуір бер

қараның тері шыққанша
сарының жаны шығады  (мынау тып тура  рас мақал)

сағымнан су табылмайды
дүниеден опа табылмайды

жалғыз үйдің тамағы  жетсе де, табағы жетпейді

бүлінген елден бүлдіргі алма

тентек өзін дәу санайды
жантақ өзін бау санайды

сауда сақал сипағанша (бұл заң туралы мақал. онда қаралатын сұрақ -  "момент достижения соглашения о совершении коммерческой сделки" Smileқазақтың кейбір мақалы қазіргі кодекстердегідей баптардың орнында жүрген ғой )

төреге ерсең ер арқалайсың
қожаға ерсең тері арқалайсың

кепіл болма, болам десең болып көр

сорлының батыры шошқаға шабады

қарның ашса от жақ
тоңсаң от жақ
жалғызсырасаң от жақ

жын да бейімін ұрады

жас баланың уысынан жылан өледі

тоймасқа берме
толмасқа құйма

құдай бергенге құлай береді

құлақтай ет жеп қырмандай сорпа іш

аза арымайды, дау шірімейді

әкім ерім болсын деген қатынның өзінде үш тамыры болады

тере берсең тезек те қызық

бітерге дүние келгенде ғашық болған қыздай-ды
кетерге дүние келгенде қолға ұстаған мұздай-ды

әкімің залым болса, жердің үстінен асты жақсы

аллаңнан ойбайым тыныш

шақырусыз барған төсексіз орынға отырады

төркіні жақынның төсегі жиналмайды

молданың хаты қалады
жақсының аты қалады
ұстаның даты қалады
жаман бүркеніп жатып алады

ұры жете алмайтын жаядыкін алады
сұрай алмайтын баяудыкін алады

қонақ берсең атыңды жейді
бермесең бетіңді жейді

жоқпен құда болғанша бармен барымталы бол

жақсы қатын арша ұнын кәуәп етер
жаман қатын бидай ұнын харап етер

жыраққа қойсаң жақыннан аларсың

құлан қақтан жерісе
қақ табылмай шөлде өлер
өзінің басын зор тұтқан
ағайынның басын қор тұтқан
атасы басқа елде өлер

жақсы көретін адамыңның жұмысын келерде сұра
жек көретін адамыңның жұмысын кетерде сұра

екі қарбыз бір қолтыққа сыймайды
екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды (белгілі мақалдың ұмытылып қалған жалғасы бар екен. Тұрмағамбет жыраудың жазбалары сонысымен қадірлі. бұл дәптерден көптеген таныс мақалдардың ұмытылып қалған бөліктерін табуға болады)

құн берген баиды
құн алған құриды (бұл мақалдың мағынасы, менің ойымша, халықтың өз адамының өлімінен пайда көріп құныққанына жол бермеу үшін ойлап табылған. негізі құнды тек намыс үшін сұрайтын болған. негізі құн алу руласыңның өлгені сияқты ауыр да қайғылы жақсы нәрсе емес деп түсінген)

әйелің шалпы болса, елдің бейбітшілігінен не пайда?
етігің тар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда?

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Тұрмағамбет жыраудың жинағынан

Жаман болса да ағамыз
жақсыны қайдан табамыз
ауру емес жынды емес
мінезді қайдан табамыз


жатық айтсам жынды дейді
тік айтсам тұрпайы дейді

аз да бітер, көп те бітер
татулыққа не жетер?

батыр емей немене атқан кісі
қатын емей немене қашқан кісі

тау белгісі тас болар
бай белгісі ас болар
азған елдің белгісі
бұратанасы бас болар (бұратана орысша инородцы)

шеберден олжа, шешеннен сауға
(батырдан олжа, аңшыдан сауға сұрайды деп ойлаушы едім.)

туманың туарын айтпа, тұрарын айт

тісің барда ысқыр, мұрның барда пысқыр

атпен ойнағанша атаңның басымен ойна (атты зорықтырып жануарды шаршататын жастарға айтыладын сөз болу керек )

қапияда қатын табады

жуас түйе жүндеуге жақсы

келмек сүндет, кетпек рұқсат

бергенің әкеңе ұқсайды,
қайтып алғаның шешеңе ұқсайды

бек болсаң бергеніңді айта
ер болсаң көргеніңді айтпа

көсеумен түрткеннің кегі кетпейді

айға жетпес асыңды ауылдастан аяма

істің ағы білмейді
жігіттің бағы біледі

аштың аңы жүрмейді
тоқтың тобасы жүрмейді

ері баққан қатын елін бағады

ер илейді, ит жейді

екі жақсы қосылса бірін бірі қия алмас
екі жаман қосылса бір шұңқырға сия алмас

жүріп шаршаған тұрып тынығады
тұрып шаршаған отырып тынығады
отырып шаршаған не қылып тынығады?

бойыңдай бой табылғанмен, ойыңдай ой табылмайды

ұсатман жақын болсаң
мүйіз кесерін аларсың
қайықшымен жақын болсаң
дауылды күні кемесін суға саларсың
ұры қарымен жақын болсаң
ақырында ұятқа қаларсың

санасызға сан айтсаң да болмайды

кешкі күн құлақтанса
келінің ұл тапқандай сүйін
ертеңгі күн құлақтанса
еліңді жау шапқандай күйін

ер жігіт үйінен шықса үйіріне қосылады

көзі жоқ құлағы саудың ақылы толады
құлағы жоқ, көзі саудың ақылы солады (қазіргі заманда керсінше сияқты ғой)

құс жаманы саңғығыш
адам жаманы қыңғығыш

шерлі өлмейді, борышты өледі
қайғылы өлмейді, қарызды өледі

от отынға тоймайды
жер жұтуға тоймайды
адам ойға тоймайды
бөрі қойға тоймайды

керісудің кесірі келесіні кетірер

көп істеген құп істейді

жақсы айғырдың ұйірін ат сақтайды
ерді құдай сақтайды
етікті ніл сақтайды
жігітті ия жоқиық қоспайды, ия тоқтық қоспайды

ортаншыға оқ тимейді
оқ тисе де боқ тимейді

балықта сүт жоқ, баласын теңіз асырайды




Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

жалғасы

істесең -тістейсің

жерлі құланды терлі құлан аудырады

жаман қатын қотыр мая
оған қылған еңбек зая

көрмегенге көсеу таң

ит жарасын жалап бітіреді

жақсы мал жалғыз жоғалмайды

күшті адам күшенсе күші енеді
күшсіз адам күшенсе күші үзіледі

ұл-орнында отырған жұрағат
қыз-әр жерден салған рабат

халықтың қорғаны- батыр
құты-бай

батыр- байдың малайы

ескі сөз жаңа сөздің қазығы
жақсы жаманның азығы


қатты қаңтар болмаса
су теңізі тоңбайды
қатыны шалпы болмаса
ер жалғыз үйге қонбайды
алғаны жақсы жігіттің
талабын тәңірі оңдайды
алған жаман жігіттің
ойындағысы болмайды

қарманған қарап қалмайды

жасыңда калжыңбас болсаң
қартайғанда мылжыңбас боларысың

момындық жамандықтың ағасы

тар қазан тасқалақ
ақылсыз адам сасқалақ

аштықта жеген құйқаңды тоқта ұмытпа

жіңішкені мақтар жуанды мін

құдай бергенге құлай береді


екі бас: екі бастың мұрнының боғы да ас

пышағыңды шыныңмен бер
шыныңмен берсең қыныңмен бер

кісі ақылын талғап ал
жарамдысын таңдап ал

бір түйеде екі өркеш
бірінен соң бірінің күші жоқ




Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

жан бергенге жай бер (бата есебін де жүретін мақал)

жұртты жеген жігітте күй болмайды
шабақ жеген шортанда ми болмайды

есектің жүгі аз болса жатаған келеді

ұйқы жастық сұрамайды

аштық ас таңдатпайды
ғашықтық жар таңдатпайды

бай байығанда, жарлы да қарап тұрмайды

жарты қарсақ та пайда,
бүтір қарсақ қайда?

жанымды алмаған ауру жаным

қайырсыз пайдадан қайырлы зиян артық

ар жауырға шыдамайды
ер бауырға шыдамайды

үйдің жылы суығы
қыс түскенде білінеді
кімнің жақын адысы
іс түскенде білінеді

алыстан арбалағанша
жақыннан дорбала

қазақ көшсе баиды

жақсы болар жігітті кісесінен танырсың
жүйрік болар жылқыны мүшесінен танырсың

тоғыз қабат торқадан
тоқтышағымның терісі артық

қарға тартпағанның қары сынсын

ораздының он тамыры бір келеді
(Ораз деген ат Серікбол Қоңдыбайдың айтуынша: Ор тамыры Үр деген сөзден шыққан. Үрім бұтақ дегенді білдіреді. Аз деген ескі түрікшеде көптік жұрнақ дейді. Сонда Ораз деген Тұқымы жайылғыр дегенді білдіреді, тұқымы көп болсын деген тілекпен қойылады)

жігіті жүзге жеткен елді
жүзі қара кемітеді

кім бай болайын демейді
құдайы қаламайды
кім би болайын демейді
жүрегі дауаламайды

отты қозғама өшіресің
қоңсыны қозғама көшіресің

тек жүрсең тоқ жүрерсің


қайғысыз қара суға семіреді

тентек дуға, бұқа буға

атан айында туады
інген жылында туады

жоққа жүйрік жетпейді

қызы бардың назы бар

есі жоқтың ісі жоқ

жақсының жаманы өлсе қалма
жаманның жақсысы өлсе барма

хан елімен қатын ерімен

жұтаған шүкірге тоймайды

мың қарғаға бір кесек

жын мен жиен тең

қараңғыда қалтырағанша
жарықта жалтыра

бар мақтанса табылар
жоқ мақтанса шабылар

көшпелі елде ақың болса,
көше көше қасыңа келеді

берген жомарт емес, алған жомарт

жұтқаның бұйырған
шайнағаның некүман

ұры бол, қары бол ынсаппен бол

жол қуған қазынаға жолығады
сөз қуған пәлеге жолығады

құлақтан кірген суық сөз
жүрегіңе барып мұз болар

байдың талтаңы қалмайды
жарлының қалтаңы қалмайды

күнге күле қарасаң
көйлегіне жамау сұрайды

біреудікі біреуге қыздай көрінеді

ер боларда тақ сияқты
оларды сыйлау бақ сияқты

жігіт бақтың қонғанын білмейді
ұшқанын біледі

айырылар тамыр ердің артқы қасын сұрайды

мал бітпес деп ердер түңілме
шөп шықпас деп жерден түңілме

тамырды бата айырады
ия майын мінген ат айырады

сүтсіз қой маңырауық
құтсыз қозы жамырауық

кәрі қойдың басы піскенше тоқтының басы арса болады

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Сұмырай келсе су құриды деген мақалды мен тура мағынасында түсінетін едім.
Сөйтсем қазақ қырық күн шілдені суыр, сұмырай деп атайды екен.
Сұмырай келсе су құриды дегені аптап шілдеде жаңбыр жауады деп күтпей ақ дегені екен.

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

күшігінен талау деген сөзді естідім.
Бір таныстарымыз келін қылып өте жас қызды түсіріп еді. Соған бір жеңгелеріміздің айтқан сөзі:
еее, келін қылып жас қыз алып, күшігінен талайын деген екенсің ғой Very Happy

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Көне сөздер- көне көздер! (старые слова) - Page 2 Jcf8ll10

Көне сөздер- көне көздер! (старые слова) - Page 2 Sawrhp10

Sponsored content



Back to top  Message [Page 2 of 2]

Go to page : Previous  1, 2

Permissions in this forum:
You cannot reply to topics in this forum