Türk Ulus Budun
Would you like to react to this message? Create an account in a few clicks or log in to continue.

You are not connected. Please login or register

Қазақтың балалар фольклоры

Go to page : Previous  1, 2, 3  Next

Go down  Message [Page 2 of 3]

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

санамақ

бірім - бір,
екім - екі,
үшім - үш,
төртім - төрт,
бесім - бес,
алтым - алты,
жетім - жеті,
сегізім - сегіз,
тоғызым - тоғыз,
оным - он.
он бірім - оны тапшы ай-күнім?
бір дегенің - білеу,
екі дегенің - егеу.
үш дегенің - үскі,
төрт дегенің - төсек,
бес дегенің - бесік,
алты дегенің - асық,
жеті дегенің - желке,
сегіз дегенің - серке,
тоғыз дегенің - торқа,
он дегенің - оймақ,
он бір - қара жұмбақ.

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Бірем . екем,
үшем, төртем,
бесем ,
алтам ауыр балтам ,
сарала қаз сартылдауық ,
күрең өгіз күртіілдеуік,
аға тауық ,
бұға тауық
мұрны пұшық қара тауық ,
әншық -маншық
қарала қаншық
сен кір сен шық .

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

түйе, бота маң басқан,
төрт аяғын тең басқан.
шұнақ құлақ бес ешкі,
қос-қос лақты қос ешкі
төрт қозылы екі қой,
бәрін бірге ойлап қой.
сан ішінде кім ұтты?
біреу дедік,
екеу дедік,
үшеу дедік,
төртеу дедік,
бесеу дедік,
алтау дедік,
жетеу дедік,
сан ішінде кім ұтты?
біреуден бастап, жетеу ұтты.
онды қайда тастадың, оңға қарай бас адым.
неше рет «еу» дедік?
алты рет «еу» дедік.
неше рет «ау» дедік?
бір рет «ау» дедік.
алтыны «ау» дедік.
«ау» десіп түгел жөнелдік

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

қарғам, қарғам деседі,
қарғам қашан өседі?
жақсы тілек жар болса,
сонда қарғам өседі.
қарғам соққан пышағы
қызыл қырғыш деседі,
ашуына тисеңдер құлағыңды кеседі.

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

айналайын баладан, тауып алдық даладан.
далада бала жата ма?
түсіп қапты шанадан.
... біздің қайда екен?
қыздарменен тойда екен.
тойда неғып жүр екен?
алма теріп жүр екен.
алмасынан кәнеки?
жаңа теріп жүр екен.
жаңасынан кәнеки?
-қабы толмай жүр екен.

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

бірінші бала:
апаң кетті бел асып,
беліне белбеу жарасып.
тезек теріп жүргенде,
кетіп қапты адасып.
екінші бала:
апасы оның келеді,
жұмыртқа әкеп береді,
... оны біледі,
жыламайды, күледі.
айналайын айдан
айналайын айдан,
су алайын сайдан,
... бөпешім,
тисын елге пайдаң!
аспандағы жұлдызым,
маңдайдағы құндызым,
ұйықтай қойшы тезірек,
толықсыған қырмызым!

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

қаламақ
(1- түрі)
жылқы-мылқы,
ойын-күлкі,
сиыр-миыр,
ешкі-мешкі,
түйе-мүйе,
қой-мой,
қозы-мозы,
торғай-морғай,
қос сөздер осылай.
он атта
сол жаққа.
2- түрі
қағаз, қалам
қолға алам,
елге барам,
малшы болам.
сиыр бағам,
ешкі сауам,
отын шабам,
оны жарам,
отын жағам.
он атта оң жаққа.
қаламақ
(3-тұры)
өгіз семіз,
жылқы қоңды,
түйе қомды,
ешкі майлы,
шажырқайлы,
сиырым сүтті,
саулығым құтты.
қаламақ
(4- түрі)
қаламақ
қоян қашқын,
қайда қаштың?
тоғайға қаштым.
неге қаштың?
сенен састым.
неге састың?
ізімді бастың.
ендеше қашпа.
мылтығыңды таста.
аузыңды аш та,
он сөз -
зыт тез!
(5- түрі)
қарға, қарға, қарғалар,
қанатымен жорғалар,
есенбике жеңгелер,
күміс тонын түймелер,
атой салдым қабақта,
меиіз салдым табаққа.
тоқтышақ ойыны
(қаламақ)
бірім - бірім,
екім - екім,
үшім - үшім,
төртім - төртім,
бесім - бесім,
алтым - алтым,
алты малтам,
алтын балтам,
сары ала қаз саңқылдауық,
қырман тауық қырқылдауық.
сен кір, сен шық.

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

ай керек-ау, ай керек,
айдың басы дөңгелек.
ақ серек пен көк серек,
шауып алдым бәйтерек,
сонау тұрған баланың өз басы керек.
ақ сандық, көк сандық
ертең аулым көшеді,
уық бауын шешеді.
ала тайым ойнайды,
қара тоқтым қашады,
құмалағын шәшәді.
ақ сандық, көк сандық,
арқан тарт, кілем арт!
кім керек?

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

-ақ серек, көк серек,
бізден сізге кім керек?
-ақ шанаш, көк шанаш,
ішінде бар көп шанаш.
ақбай؛кокбай؛боранбай؛
ботабай؛ ай, зу-у-у...

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

ақ серек, көк серек
тем-тем, тем еткен,
тебінгіден тер өткен,
қанжығадан қан өткен,
қарағай басын қайырған,
жаудан жылқы ай
жасырынбақ
бірім, екім, тығыл! бекін!
мен санайын: сен бол дайын.
сары шымшық, сыртылдауық.
сен тұр, сен шық!
көз қарасу ойны
көзім, көзім, көз айна,
көзімде бар шоңайна,
шоңайнасы кіреді,
жұм көзіңді, абайла

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Музыкальная пауза

Айым болып тудың ба,
күнім болып тудым ба?

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

БЕСІК ЖЫРЫ

Әлди-әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат, бөпем!
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін,
Байқұтанның құйрығын
Жіпке тағып берейін.
Әлди-әлди, аппағым,
Қойдың жүні қалпағым,
Жұртқа жаман болса да,
Өзім сүйген аппағым!
Әлди-әлди, шырағым,
Көлге біткен құрағым.
Жапанға біткен тірегім,
Жаман күнде керегім!
Қонақ келсе, қой, бөпем,
Қой тоқтысын сой, бөпем,
Құйрығына той, бөпем!
Айналайын, айымыз,
Алты қарын майымыз,
Жеті қарын жентіміз,
Алуа секер қантымыз.
Дауыл соқса, бақан бар,
Сом темірге балға бар,
Сом сынғанға — алда бар.
Қалқам, менің қайда екен?
Асқар-асқар тауда екен.
Онда неғып жүр екен,
Алма теріп жүр екен,
Асқар таудың алмасы
Жаңа пісіп тұр екен.
Әлди, бөпем, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат, бөпем.
Астыңа терлік салайын,
Үстіңе тоқым жабайып,
Тойға кеткен апаңды
Қайдан іздеп табайын?
Жылама, бөпем, жылама,
Атекеңді қинама!
Арша ма екен бесігі?
Ала ма екеп әкесі?
Өрік пе екен бесігі?
Сүйе ме екен әкесі?
Жиде ме екен бесігі?
Жігіт пе екен әкесі?
Жылама, балам, жылама,
Ата-апаңды қинама.
Құрығыңды майырып,
Түнде жылқы қайырып,
Жаудан жылқы айырып,
Жігіт болар ма екенсің?
Айыр қалпақ киісіп,
Ақырып жауға тиісіп,
Батыр болар ма екенсің?
Бармақтарың майысып,
Түрлі ою ойысып,
Ұста болар ма екенсің?
Таңдайларың тақылдап,
Сөйлегенде сөз бермей,
Шешеп болар ма екенсің?
Кең балағын түріскен,
Ұлы топта күрескен,
Балуан болар ма екенсің?
Бал қайнатып, шай ішкен,
Қазы кертіп, жал жеген,
Асты болар ма екенсің?
Ұзақ жасап, көбірек,
Басты болар ма екенсің?
Қарағай найза қолға алып,
Жауға тиер ме екенсің?
Қашқан жаудың артынан
Түре қуар ма екенсің?
Жылама, бөпем, жылама,
Атекеңді қинама!
Алтынмен шоқтап тақия,
Берсек пе екен осыған?
Біз садаға, біз зекет,
Кетсек пе екен осыдан?
Менің тәттім қайда екен,
Қыздарменен тойда екен,
Тойда болса, отырсын,
Әлди, балам, алда жар!
Армансыз дүние кімде бар?
Біреудің болып көңілі шат,
Армандылар аһ ұрар!
Жездей-жездей қолыңнан,
Жезделерің айналсын,
Аппақ-аппақ қолыңнан,
Апаларың айналсын!
Әлди, балам, батыр балам,
Шауып келе жатыр балам,
Отыз қызды олжалап,
Алып келе жатыр балам.
„Олжа-олжа!"— дегенге,
Әрбіріне бір қыздан
Беріп келе жатыр балам.
Көзімнің ағы-қарасы,
Жүрегімнің парасы,
Уайым-қайғы ойлатпас,
Көңілімнің сапасы.
Айналайын, шырағым!
Көлге біткен құрағым!
Маңдайдағы құндызым,
Аспандағы жұлдызым.
Әлди, балам, ақ балам!
Айналайын, балам-ай!
Айналсын сенен анаң-ай!
Әлдилеп сені сүйгенде,
Атаңның көңілі болар жай!
* * * * * *
Әлди-әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат, бөпем,
Жылама, бөпем, жылама,
Көзіңнің жасын бұлама.
Әлди-әлди, бөпешім,
Қозы жүпі көрпешім.
Жұрт сүймесе сүймесін,
Өзім сүйген бөпешім.
Айнекем, балам, қайда екен?
Қыздарменен тойда екен.
Қызыл алма қолында,
Қыздар мұның жолында.
Әлди, балам, ақ балам,
Ақ бесікке жат, балам,
Айналайын көзіңнен,
Атасына нақ, балам.
Әлди, балам, әлди!
Әуедегі жұлдыздай,
Суда жүрген құндыздай,
Өзім қалап сүйгендей,
Жұмақтағы қор қыздай,
Әлди, балам, әлди!

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

БӨБЕК БӨЛЕУ
Ілияс Жансугіров

(Ана жыры)

Бөл-бөл, бөбек, бөл, бөбек,
Бөлейін бері кел, бөбек.
Бедерлі бесік, төрт есік,
Төгілте салдым тер төсек.
Бөпешім, бесік — отауың,
Отауыңа кір, бөбек.

Бөл-бөл, бөбек, бөл, бөбек,
Бүлдіршін шүмек бәйтерек.
Балалы үйрек, бас бармақ,
Кішкене бөбеқ, бес бөлек.
Саусақайы салбырап,
Бөлене қойсын қос білек.

Бөл-бөл, бөпем, бөл, бөпем,
Бөлесем, жөнге көн, көкем.
Көк ала жылқы көлде екен,
Көк ала тайың сонда екен.
Торсығыңды тосайын,
Тұмсық төсей сор, көкем.

Бөл-бөл, бөпем, бөл, бөпем,
Бөлейін бері кел, көкем.
Жұлдызыңды жұм, көкем,
Жуынып ерте тұр, бөпем.
Алшая атқа мін, бөпем,
Ақтап қара біл, көкем.



Бөл-бөл, бөбек, бөл, бөбек,
Бөлекең қонған көк өзек,
Көк өзекте көбелек,
Көлге көк құс шүй, бөбек,
Көк өзекте көбелек,
Көбелектей күл, бөбек.

Бөл-бөл, бөбек, бөл, бөбек,
Боларсың, бөпем, қолкөмек,
Әлпештеген ата-анаң,
Бола қалса мүгедек.
Таңайын, ұйықта, таң атсын,
Түнде ояпба, түн түнек.

Бөл-бөл, бөбек, бөл, бөбек,
Бөрідеіт бөстек ки, бөбек.
Ерінбей еңбек ететін,
Еліңе бол елгезек,
Елгезек болсаң, иісін
Ендеше саған екі емшек.
Бөл-бөл, бөбек, бөл, бөбек,
Бөгелмей бөріп біл, бөбек,
Білмесең бәрін бекерсің,
Бет алдыңа кетерсің,
Елге есті ер керек,
Ер жет! Есей ертерек!

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Қасым Аманжолов

I

Әлди, әлди, әлпешім,
Ұйықта деймін,— ұйықтайсың,
Маза берсең қайтеді,
Ұйықта десем,— ұқпайсың,
Жоқсың бүгін көз ілген,
Көп ісімнен бөгедің,
Жаудыраған көзіңнен...
Ұйықтай қойшы, бөбегім,

Әлди-әлди, әлди-ді,
Әлди қашан қалғиды.

II

Ұйықта десем, күлесің,  
Айналайын күлкіңнен!
Ер жеткен соң білесің,  
„Тұр-тұрлармын" бір күн мен.  
„Кешіктің,-— деп,— сабақтан",  
Тынышыңды алсам „тұр-тұрлап",  
„Жоқ қой әлі таң атқан",—
Деп жүрмеші бұртыңдап,  
Әлди-әлди, әлди-ді,
Әлди біздің қалғиды.

III

Ұйықта, бөпем, ұйықтай ғой,  
Ұйықтайтын бұл шағыңда,  
Қызық өмір, думан той,
Тұр ғой күліп алдыңда.
Ұйықтап өткен не табар,
Бұл өмірге бекер кеп.
Ұйықта, бөпем, ұйықтап ал,
Ер жеткен соң бол сергек.
Әлди, бөпем, бөпемсің,
Кім боп шығар екенсің?

IV

Күлімдейсің — күнімсің,
Батар дағы күн шығар,
Уілдейсің, күйімсің,
Күй де бір кез тыншығар,
Сен де тынық бір мезгіл,
Толқып қана жат бөпем,  
Аспанымда жүзе біл,
Айым менің — ақ бөпем!  
Әлди-әлди, әлдиім, бөпешім.

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

БЕСІК ЖЫРЬІ
Өлеңін жазған — М. Әлімбаев
Әнін жазған — И. Жақанов

Төбемдегі аспаным,
Маңдайдағы жұлдызым,
Дәйім жырлар дастаным.
Күңгірт тартпас күндізім!
Әлди-әлди, бөбегім,
Әлдилесін өлеңім.

Ерсі емес қой, еркешім,
Ұйықтасаң да қапшама,
Күш жинап ал, бөпешім,
Ер жеткенде шаршама.
Әлди-әлди, бөбегім,
Әлдилесін өлеңім.
Ұйқышының үлесі аз,—
Осы бастан біліп қой,
Өмір сүйген тыншымас,
Еңбек — нағыз қызық той.
Әлди-әлди, бөбегім,
Әлдилесің өлеңім.

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Әжесінің орындауында Бесік жыры

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Әлди Әлди



Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

бесікті аластау

Алас, алас, баладан алас,
Иөсі көлді, пәлесі көш!
Алас, алас, пәледен қалас.
Көзі жаманның көзінен алас,
Тілі жаманның тілінен алас!
Отыз омыртқасынан алас!
қырық ңабырғасынан алас

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Бала тәрбиесі туралы мақалдар

Ата - балаға сыншы.
Балаңа байқап сөйлесең, ақылыңа көнер.
Есер баладан ерке бала жаман.
Бала - ананың бауыр еті.
Ананың сүті - бал,
Баланың тілі - бал
Бала - көңілдің гүлі, көздің нұры.
Ат болатын тай саяққа үйір,
Адам болатын бала қонаққа үйір.
Әдепті бала - арлы бала,
Әдепсіз бала - сорлы бала.

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Мал досы көп, жан досы аз болады.

Атаның ақ батасы бала ойын бекітеді,
Шешенің қарғысы бала зейінін жоқ етеді.

Сөйлеген кісі ақымақ болса, тыңдаған кісі ақылды болсын.

Бие мінсең - құлын жоқ,
Саумал ішсең - қымыз жоқ.

Өсекке кіріспе, есепке кіріс.

Аңғырт ойын бұзар, тентек жиын бұзар.

Сыйлағанды сыйла - ол біреудің құлы емес,
Сыйламағанды сыйлама - ол пайғамбар ұлы емес.

Ісің ақ болса, құдайың жақ болады.

Қадір білмес досыңнан дұшпан артық.

Алыстағы дұшпаннан аңдып жүрген дос жаман.

Мал таппас ер болмас - құрарын айт,
Ұл таппас қатын болмас - тұрарын айт.

Залым жайын залым білер,
Ғалым жайын ғалым білер.

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Жас балаға берілетін бата

Ал білек, ал білек,
Атқа тоқым сал, білек.
Жасыңнан малды баға біл,
Атқа да жақсы шаба біл
Өнеге, өнер таба біл,
Аймағыңа жаға біл
Аллауакбар!

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Нәрестеге байланысты ырымдар

Бесікті бейуақытта сыртқа шығармайды. Нәрестені алты айдан асқанша үйде жалғыз қалдырмайды. Өйткені, қараңғылық пен жарық жер бетінде таласып тұрған кезде Бақ пен Сор да тез алмасады. Перілер мен жын соғысып жатады дейді. Осы кезде ұйықтауға да болмайды. Бейуақтың күнәсі жабысады деп ырымдайды. Кіндігі қатпаған сәби осы мезгілде үйде жалғыз қалса, шошынады, перілер баланы алып кетіп, орнына өздерінің ақыл-есі дұрыс емес баласын тастап кетеді деп жориды. Кейде баланың ұрық безі бұзылып, рухынан айырылады, сондықтан қасынан адам үзілмеген жақсы деп иландырады.

Ұзақ жолдың азабын тартып келген жолаушыны жаңа босанған әйелдің үстіне кіргізбейді. Ол өте жақын туыс болса ғана біраз демалғаннан кейін беті-қолын жуып, сыртқы киімдерін шешіп, жеңілденген соң барып кіруге тиіс. Өйткені, жол азабын тартқан адамның түсі сұсты, қабағы қатыңқы болады. Өмір есігін жаңа ашып, көзі мөлдіреп жатқан сәби мен сай-сүйегі босап, әлсіреп жатқан ана шошып қалмасын, секемденбесін, сырттан кірген кісіге ілесіп келіп, жын жабыспасын деп ырымдаған.


Бос бесікті тербетпейді. Баласы өліп, бағы сөніп, өзегі өртенген, содан есалаң күйге ұшыраған әйел ғана солай істейді. Сондай жамандық болмасын деген ырымы.


Нәрестенің еңбегін баспайды. Өйткені, баланың бақыты еңбегінде болады. Нәрестенің былқылдап тұрған еңбегін басса - миы зақымданады. Өміріне қатер төнеді деп жориды.

Бесікке қолданып жүрген түбекті, шүмекті төңкермейді. Себебі, түбек пен шүмек нәрестенің рақаты үшін жасалған мүліктер. Оны төңкеріп қойса, ішіне кір жабысады, от басына қойса қурап семеді, сондықтан таза жуып, күн көзіне қақтау керек, әйтпесе бала қуығы тұтылып ауырады деп ырымдалады.


Баланың ит жейдесін далаға тастамайды, біреуге бермейді. Себебі, нәрестенің бақыты сол жейдені киген күннен басталады, сол жейде сол бақытты сақтайды деп жориды. Әуелі, бұрынғы заманда дауға барған адамдар, жауға шапқан батырлар баласының ит жейдесін қойнына тығып ала жүрген. Себебі, сол жейде қауіп-қатерден, пәле-жаладан сақтайды деп ырымдаған.


Қыдырып келген жас баланы үйден құр қол шығармайды. Өйткені сәбидің меселі қайтпасын, көңілі қалмасын, жүрегі суымасын, келер бақытының беті қайтпасын, үйде оттай ыстық ықыласы қалсын деп ырымдаған. Егер сәби суық жүз көріп, кейіген кейіппен шығып кетсе, бүл шаңырақтан бақ, төрден бақыт, дәннен ырыс кетеді деп ырымдалады. "Адам ұрпағымен мың жасайды" деген мәтел осындайдан пайда болған шығар

Әйел толғатқанда үй ішінде ілулі тұрған заттардың бәрі алынып тасталады. Сандықтардың аузын ашып қояды. Осылай істелсе - толғақ жеңіл болады, жолдың бәрі ашық, ақ ниетпен тілеу тілеп тұр деп ырымдалады.

Қазақтың келіндері асықты жіліктің асығы бар басындағы сіңірді мүжімейді. Онда толғағы ащы болады, қатты қиналады деп ырымдалады. Әйелдің толғағы қатты болса, бураның қураған бас сүйегін ақ байлап төрге іліп қояды. Мұнысы - жын-шайтан бурадан қорқып қашады дегені.

Жаңа түскен келін өзінің киім-кешегін албаты қысқарта бермейді. Өйткені, бұлай еткенде дүниеге келетін нәресте кем туылады немесе түсік болып түсіп қалады деп ырымдайды.

Әкесі бар бала қолын төбесіне қойып, төр алдында шалқасынан жатпайды. Бұлай істесе - әкесіне наразы болып, өлім тілеп, зауал әкелгелі жатар деген жаман ырымға жорылады.

Жүкті әйелдер түйенің етін жемейді. Жесе - баланы он екі ай көтереді, толғағы қатты болады деп ырымдалады. Түйенің етін жеп, уағында толғатып, мезгілінде босана алмаса - сол үйдің төріне өлген бураның бас сүйегін іліп қояды. Онысы - әйел қиналмай, тез босансын дегені


Сәбилер тоңқайып, екі бұтының арасынан қараса - жақсы нысанға баланады. "Жолаушы келеді", "Жол ашылады", "Алыстан туыстар қатынасады" деп қуанысады

Қазақта жалғыз ұл балаға жамау-жамау киім кигізіп, төбесіне айдар қояды. Онысы - балаға жат көздің сұғы қадалмасын, тіл тимесін дегені.

Жаңа босанған әйел қырық күнге дейін қолын суық суға малмауы керек. Салқын заттарға қол тигізбеу керек. Жаңа туған нәресте суық жүрек, тасбауыр болып өседі деп ырымдалады.


Жаңа туған сәбидің кіндігін киелі әйелге немесе жасы үлкен парасатты кемпірлерге кестіреді. Себебі, "Нәресте кіндік шешесіне тартады" деген сенім бар. Ауру-сырқат немесе жарымжан әйелдер кіндік кессе, бала соған тартып кетеді деп ырымдалады.


Нәресте туғанда кіндігін ай балтамен кесіп, таза жіппен байлайды. Кіндік кескен балтаны пайдаланбай, сақтап қояды. Кіндік үш-төрт күнде түседі. Ұл баланың кіндігін "үй күшік болмасын, далада өскен батыр болсын" деп, қырдан асырып лақтырып жібереді. Ал қыз баланың кіндігін "үйдің құты болсын" деп, от басына ошақтың түбіне көмеді. Бала оқымысты болсын деген ниетпен кітап арасына сақтап қоятын да, ат құлағында ойнасын деген тілекпен, аттың жалына байлап қоятын да дағды бар. "Тілегімізді кіндік кескен жерден, кіндік қаны тамған жерден бер" дейтін сөз осындай ырымдардан қалған.


Жаңа босанған әйелге ақ сарыбас қой сойып, ақ тілеу айтып, қалжа жегізеді. Себебі, туыттағы тері шықпаса, ана мен баланы қырық түрлі қырсық шалады, қалжа жемеген әйелдің баласы ынжық болады деп ырымдалады.


Бала емізіп отырған әйел омырауын басқа кісілерге көрсетпеуі тиіс. Баланы қалқалап отырып емізеді. Бұл кезде сөйлемейді. Себебі, басқаның көзі омырауға түссе - емшегі ісінеді, сыздауық шығады деп ырымдалады. Ал сөйлесе бала шашалып, қолқасы қабынады да, ауруға шалдығады.

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Қалжаға сойылған қойдың омыртқасын тазалап мүжиді де, тобылғы шыбыққа өткізіп, есіктің бас жағына іліп қояды. Онысы - баланың мойны тез бекісін дегені. Ал қалжаға жиналған әйелдердің бәрі де омыртқа етінен ауыз тиюге тиіс. Ең соңында кіндік шешесі қырнап мүжиді де, есік маңдайшасының төбесіне іліп қояды. Әйелдер осы омыртқа етінен ауыз тисе, бала көтереді деп ырымдалады.


Жөргектен шығарып, иткөйлек кигізген сәбиді бесікке кез келген әйел салмайды. Бұл қызметті бойы таза, инабатты жөн білетін, ел жұртқа сыйлы, үбірлі-шүбірлі бәйбіше орындайды. Баланы бесікке саларда таза темірді немесе сол үйдегі қысқашты, темір көсеуді отқа қыздырып, бесіктің арқалығынан бірнеше жерді қариды. Бұл жын-шайтан өлсін, балаға пәле-жала жабыспасын дегені.
Сонан соң әйелдердің біреуі: "Бала қырандай алғыр болсын" деп, бүркіттің тұяғын бесікке байлайды. Тағы біреуі бесіктің екі жағынан қылыш жарқылдатып: "Жау жүрек батыр болсын" десе, үшіншісі бесіктің екі жағынан қамшы үйіріп: "Тақымынан тұлпар кетпесін, бәйге бермес шабандоз болсын" деген тілек айтады. Сонан соң бесіктің түбек орнататын тесігінен тәтті тағамдар төгіп: "бала тышты" деп, төгілген дәмді алып шығады. Оны той дәмінің сарқыты ретінде балаларына апарып береді. Бұл сәбидің ырзығы тасып, қонағы көп, мерейі үстем, достарына сыйлы, ашық қол болсын дегені. Осыдан кейін үйдегі әйелдердің бәрі үнсіз отырып, баланы әзірленген бесікке салады. Ешкім үн шығармайды. Себебі, сөйлеп қойса, бала жылауық, өскенде өсекші болады деп ырымдалады.


Қаз тұрып, апыл-тапыл жүре бастаған баланың тұсауы салтанатты түрде кесіледі. Бұл "Тұсау кесер тойы" деп аталады. Баланың аяғы ала жіппен тұсалып, байланады да, оны сол ауылдың желаяқ, жылпың, қадірлі кісілердің бірі кеседі. Сонан кейін сәбиді әрі-бері жетелеп жүргізеді. Тұсауы кесілетін баланың қалтасына тәтті тағамдар, күміс тиындар сықап салынады. Тұсауы кесілген соң тойға келгендер мұны таратып алады. Тұсау кесілмесе - бала сүріншек болады, үлкейгенде топ ауруына шалдығады деп ырымдалады.


Бостан-бос тасты шықылдатпайды. Бүйтсе - қасқырдың тісі қышиды, қорадағы, өрістегі малға шабады. Мал шығыны көбейеді деп ырымдалады.


Баланы сыпыртқымен, көсеумен ұрмайды. Бұлай істегенде балаға пәле жабысады, қырсық шалады деп ырымдалады

Тай мініп, өзінің сүндет тойына шақыра келген баланың қолына тәтті ұстатып, тайының жалына шүберек байлап: "Жол болсын, той құтты болсын!" деп жол көрсетеді

Біреудің ұл баласы жоқ болса, әйелі қыз туа берсе, ол соңғы туған қызына "Ұлбосын, Ұлтуған..." деген секілді тілеу аттар қояды. Онысы - келесі балам ұл болсын деп ырымдағаны

Жаңа түскен келіннің бала көтеріп, жерік болғанын сезсе, қайын енесі ағынан жарылып, "төсек той" жасап, көршілерін де қуантады. Жиналғандар төсекке теңге, қыран құстың қасиетті саналған дене мүшелерін іледі. Жастығының астына пышақ жастап қояды. Онысы бала аман-есен жарық дүниеге келсін. Тіл-көзден аман болсын дегені.

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Қазақта нәрестенің иткөйлегін шешкен күні яғни қырқынан шығарғанда ауылдағы әйелдер жиналады. Иткөйлекті шешкен соң, оған тәтті түйіп, иттің мойнына байлап жібереді. Ауыл балалары сол итті қуып жүріп ұстап алып, тәттіні бөлісіп алады. Иткөйлекті ырым деп, баласы жоқ әйелге береді. Онысы - барлық адамды қуантатын бала көп болсын дегені.

Қазақ салтында жаңа түскен жас келін көрші ауылға алғаш қыдыра шыққанда, үлкен енелері оған "итаяғыңа сал" деп сақина, білезік, жүзік секілді заттар ұсынады. Келіншек тұңғышын босанып, нәрестені алғаш шілде суына шомылдырғанда ыдысқа осы заттарды салады. Нәрестені шомылдырып болған соң әйелдер бұл заттарды бөліп алып, балаға ақ тілеу тілейді. Онысы - нәресте сараң емес, жомарт, қайырымды болсын дегені


Қазақта балаға кекіл қояды. Шашын тегіс ұстарамен қырып тастайды да, маңдайына бір шөкім шаш қалдырады. Жиегін тегістеп қояды. Ол кекіл деп аталады. Кекіл баланы ажарландырады. Соған орай баланы еркелетеді. Аттың да маңдайындағы бір шоқ түгін кекіл деп атайды. Кекіл баланы тіл көзден, сүқтан қорғайды, пәле-жаладан қағады деп есептеледі.

Sponsored content



Back to top  Message [Page 2 of 3]

Go to page : Previous  1, 2, 3  Next

Permissions in this forum:
You cannot reply to topics in this forum