Türk Ulus Budun
Would you like to react to this message? Create an account in a few clicks or log in to continue.

You are not connected. Please login or register

Сүгір Әлиұлы

Go down  Message [Page 1 of 1]

1Сүгір Әлиұлы Empty Сүгір Әлиұлы Sun 22 Sep 2013 - 17:45

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

http://yvision.kz/post/295325

Шертпе күйлерімен исі қазаққа мәлім дарабоз күйші Сүгір Әліұлы туралы жазылып та, айтылып та келеді. Жазушы Тәкен Әлімқұлов «Телқоңыр» әңгімесін, ақын Бәтима Батырбекова «Күйші» поэмасын, жазушы Өтеш Қырғызбаев «Сүгір» романы мен «Назқоңыр» пьесасын жазды. Дегенмен зерттеушілерге ашылмаған дүние көп-ақ. Соның бірі - күйшінің үш қызы және олардан тараған ұрпақтары. Бұл жөнінде «Күйші Сүгір» дастанын жазған ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ескермес Жақсымбетұлы төмендегіше әңгімелейді:

- Сүгір 1882 жылы Арқаның кең жай­лауында дүниеге келген. Сүгір туған тама руының бұзау деген бұтағы - қыста Көк­шенің терең жалды құмын қыстаса, көк­тем шыға Бетбақ даланың шөлін басып өтіп, қоңырат, найман, қыпшақ елдерімен аралас Сарысу өзенін бойлап, Жеті­қоңыр­ды жағалай отырып, Арқаның жазиралы тауларына дейін мал жайып қайтатын болған. Міне, талантты бала Сүгірдің өн­ер­паз болып өсуіне көшіп-қонған сауық­қой ел тұрмысы игі әсерін тигізеді. Сүгір ал­ғаш рет күйді нағашысы, атақты қобыз­шы Ықыластан, одан кейін Саты­балдыдан үйренеді. Белгілі Созақ шежіре­шісі, қа­ламгер Есіркеп Өмірбеков өзінің «Шежі­ре­лі өлке» деген кітабында Сүгір күйшімен бір болып, әңгімесін тыңдаға­нын былайша баяндайды.

- Сүгір өзінің бір әңгімесінде: «Жоғар­ғы Сарысу бойында өткен Бағаналы елі­нің атақты адамы Өтжан деген кісінің ба­ласы Сауқынбектің бала сүндеттеткен тойында атақты бес домбырашыны көр­дім. Олар Қыпшақтан шыққан Жұмабай домбырашы, қоңыраттан шыққан Есен­берілі, Иса деген домбырашылар. Найман елінен шыққан Есжан, алшын Дайрабай да домбырашы еді. Бұлардың бәрі де бі­рінен-бірі өткен күй тәңірісі болатын. Мен батаны Сыздық төренің қасына ер­ген Оңлыбай деген домбырашыдан ал­дым» дейтін. Сүгірмен бәсекелес дом­бы­рашылар аз болмаған. Алшын Ілияс, тама Асан, қоңырат Шубай, Өксік­бай, Карбоз, Бейсен, Сүгірдің қызы Сара­күл­дің күйеуі Жайыл, саңғыл Ақтай, Алдабер­ген тамыл­жыта домбыра тартқан нағыз шеберлер екен.
Енді Сүгірдің отбасылық жағдайына келейік. Сүгір бозбала шағында Қарақұр өзе­нін жайлаған қоңыраттың Беген жетім­дер руынан шыққан Алдаш бидің қызы Айғанымға үйленеді. Бірақ Айғаным бала үстінде дүние салып, бесіккертпе құда болған құрақ тама Шынарбайдың қызы Сауқанмен тұрмыс құрады. Одан Саракүл туады. Сауқан кенеттен қайтыс болып, оның сіңлісі Сыпатайқызы Нәзі­кенге үйленеді.Нәзікеннен Ұлбала мен Оңғар туады. Ұл бала болмайды. Бір жылы тамалар мен қоңыраттар Арқадағы Атба­сар­ға базарға шығып, қыстық бидай­ларын әкеле жатады. Керуенге Ұлытаудың маңы­нан қарақшылар шабуыл жасап, би­дайларын тартып әкетеді. Бұл ел арасында үлкен дау-дамайға ұласады. Ел басшылары мен азаматтары аттанған бұл дауға көппен бірге Сүгір де барады. Осы сапарда қоңыр­жиембет Битан және Жаңғазымен достығы құдалыққа ұласады. Сөйтіп, қызы Сара­күл­ді әрі ақын, әрі мықты домбырашы Жайыл Битанұлына ұзатады. Ұзатылып барған жері Бақырлы ауылы еді. 1931 жылы ашаршылық пен Созақ көтерілісіне қоса елді шешек ауруы жайлайды. Осы ше­шектен Саракүл қайтыс болып, Жайыл соқыр болады. Қапас қараңғыда зарланған Жайыл күңірентіп жырлайды. Жайылдың «Соқырдың зары», «Сағыныш» деген дастандары да болған екен.
«Бәрінен жаман екен көз көрмеген,
Содан соң ажал жаман тез келмеген.
Қосылды соған келіп ашаршылық,
Бұл күні жанның бәрі безген менен.

«Ақ қаншық» зарланады, сұңқыл­дай­ды,
Қос саусақ тартады оны, бір тынбай­ды.
Қаншама төгіліп күй тартса дағы,
Қарны аш, көңілі пәс кім тыңдайды...», - деп басталып, кете береді.
«Аққаншық» дегені Сүгір сыйлаған қолындағы домбырасы екен. Көп ұзамай-ақ Жаңғазы «халық жауы» боп ұсталып, айдалады. Жеңгесі Мәрия мен Жайыл же­тектесіп, Келес үстіндегі ағайын-туыс­қын­дарын аралап кетеді. Кетерінде Сүгір атасының қолын алып, қоштасады. Осы­лай жүріп, Жайыл да екі жылдан кейін қайтыс болады.
Екінші қызы Ұлбала Андағұл жабал тама Айтбай Қауқанов деген кісіге тұр­мысқа шығады. Айтбай 1902 жылы туып, 1979 жылы өмірден қайтады. Ұлбала 1921 жылы туып, 2000 жылы қайтыс болады. Айтбай сауатты, білікті кісі болған. 1930 жылы Созақ көтерілісіне зорлап қатыс­ты­рылады. Ол туралы шежіреші Сүлеймен Тәбірізұлы өзінің «Созақ өңірі» атты кітабында Әшірбек Тастыбаев деген кісінің әңгімесінде: «...Осылайша біраз уақыт өтеді, үйге намаз оқуға дайындалу үшін құман сұрап, өзінің көмекшісі Қау­қанов Айтбай кіріп келіп Әшекеңді көріп, «аман екенсің ғой» деп қуанып кетеді. Айтбай үстіне тон, аяғына саптама етік, басына түлкі тымақ киіп, оң білегіне ақ шүберек байлап алған. Өзінің бұлайша киінуінің себебін түсіндірген Айтбай «енді құтылу үшін сен де осындай киім киіп аласың, одан кейін атыңа жетіп, ауылыңа тайып тұр» деп кеңес береді, - дейді. Айтбай көтерілістен осылай құтылған көрінеді. Сүгір осы күйеу баласы Айт­бай­дың қолын­да қайтыс болған. Айтбайдан Ұлбаланың жеті ұл, бес қызы бар. Олар Тынымкүл, Жеңіс­бай, Сапарбай, Алдабер­ген, Кеңес­бай, Роза, Сенбек, Рая, Дүйсек, Райхан, Кенжебек, Кенжекүл. Айтбайдың ұл-қыздары өсіп-өнген. Қазір Жеңісбай мен Сапарбай Созақ ауданының Тасты, ал Кеңесбай Ыбырай ауылында тұрады.
Сүгірдің үшінші қызы Оңғар 1936 жылы туған. Оңғар Әден Тұрсынбеков деген кісіге тұрмысқа шығып, көп жылдар аудан көлемінде инженер болып істеп, Шәуілдірдің Темір совхозына қызмет ба­ры­сында ауысады да сол жерде қайтыс болады. Оңғардың Әлімжан, Қалдыбай, Айжамал, Гүлжан, Марат деген үш ұл, екі қызы бар. Қазір Алматыда тұрып жатыр.
Сүгір Әліұлы 1961 жылы, 79 жасында қайтыс болады. Өзінің өтініші бойынша Қарабура әулие зиратына жерленеді. 1992 жылы Сүгірдің туысы Колхоз Сағындықов­тың ұйымдастыруымен үлкен ас беріліп, басына сағана тұрғызылады. 2007 жылы мамыр айында Сыздық Бор­сабаев деген азамат Сүгір Әліұлының 125, оның төл шәкірті әрі туысқаны Ергентай Борсабаев­тың 80 жылдығына арнап Созақ ауданы­ның Шолаққорған ауылында ас беріп, үлкен мерекелік жиын өткізді. Сүгір есімі­мен қазір аудан көлемінде көшелер және бір мектеп аталады.

2Сүгір Әлиұлы Empty Re: Сүгір Әлиұлы Sun 22 Sep 2013 - 17:49

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Сүгірдің Қосабасары

http://kaztube.kz/ru/video/29409

Менің қабылдауымша, Нағыз қазақи күй осы күй.


Қосбасардың шығу тарихынан бір аңыз:

Сүгірдің аты шығып, елге танылған жас кезінде Созаққа Арқадағы күйші қыз Мақпрузаның даңқы жетеді. Бірде Сүгірдің әкесі мен ел ағасы Құлтас би «Сен нағыз күйші болсаң, сол қыз­ды барып жеңіп келші, шама-шар­қың­ды байқайық» деп талап қояды. Құлтас бидің тапсырмасы бойынша қасына төрт жі­гіт ертеді. Бес жігіт атқа қонады. Сонда жол-жөнекей «Бесжорға» күйі шығады. Бұ­лардың келе жатқанын естісе керек, ал­да­рынан бір топ жігіт шығып қарсы ала­ды. Сүгір Мақпрузаның мықты күйші екенін үйіне жақындап барғанда-ақ біледі. Қызбен күй сайысуға келіп-кетушілердің көптігін байқайды. Шынында, атағы дүрілдеп шы­ғып тұрған күйші екенін түсінеді. Сол елдің азаматтары «Қайдан боласыңдар?» деп жөн сұрасады. Бесеуі «Қарт Қаратаудың бойы­нан келдік» дейді. Бірақ Сүгірдің атын айт­пайды. Әңгіме-дүкен барысында қасын­дағылар кезек-кезек домбыра тартады. Сүгір қызды күтеді. Мақпруза кешігіңкіреп келеді. Содан Сүгірге кезек тиеді. Ол со­ла­қай кісі. Домбыраның құлақ күйін өз ың­ғайына келтіріп, қалтасына салып барған тиегін қойған кезде Мақпруза да оның те­гін адам емес екенін біледі. Не ке­рек, тар­тыс басталады. Халық тыңдап оты­рады. Екеуі де таңға дейін тоқтамайды. Қыз да алғыр күйші екен, бір дегеннен күйлерін қайтып тартып береді. Төкпе күй мен шерт­пе күй де күй талғамайтын Сүгір әбден са­сады. Бір уақытта далаға шығып келуге рұқ­сат сұрайды. Сыртқа шыққан соң,  бала кездегі бір оқиға есіне түседі. «Сүгірге Қыдыр жолығып, бата берген, күйшілік өнер содан кейін қонған» деген аңыз Созақта да айтылады. Қыдыр ата Сүгірге «Саған өнер керек пе, өлең керек пе? Жоқ кө­ген керек пе?» деп сұраған екен. Көген дегені – байлық, өнер дегені – әртүрлі өнер, өлең дегені – ақындық жол көрінеді. Сон­да бала Қыдырдың қолындағы дом­бырасын көріп, «Домбыраңызды беріңізші» деген көрінеді. Тілегін орындаған абыз «Бердім батамды, сен күйші боласың» дейді. Сүгір далада осы оқиғаны ой елегінен өткізіп, «Апырм-ай, ата мен қатты қобалжу­лымын. Қыз баладан жеңілетін түрім бар. Не тартарымды білмей, қиналып тұрмын. Маған өнерді қондырғанда қыз баладан жеңілсін деп беріп пе едің?» деп налиды. Өзі «Қосбасарды» бұрыннан тартып, аяғына дейін жеткізе алмай жүреді екен. Тек оңашада тартатын мұңлы сарын құла­ғына әлсін-әлсін келе беріпті. Тіпті төбе­сі­нен әлдене зу етіп құйылғандай болады. Сол сәтте үйге жүгіріп кіріп, домбыраны қолына алып, «Қосбасарды» егіліп отырып тартады. Сүгірдің «Қосбасары»  – Сүгірдің жан-жарасы. Сүгір «Қосбасарын» тартқанда байдың ерке қызы күрделі, қиыннан қиыс­тырылған сарынды бірден көңіліне тоқи алмай, тосылыпты. Сөйтіп, Сүгірге «мен сізден күй үйренемін» дейді. «Күй үйренетін болсаң, менің қасыма келіп отыр» деп, қыз­ға домбыраның шанағын қақтырып, өзі оң қолымен пернелерді басып отырып, бір күйді табан астында шығарады.
http://www.aikyn.kz/articles/view/29792


Негізі Қосбасар өте қайғылы күй. Зары көп, тыңдаған адам шаттанбайды, одан көрі қазақ басынан өткен неше түрлі зұлматтар туралы толғанады. Сондықтан Қосбасар туралы мына ойды шындыққа көбірек жанасады деп ойлаймын:

Сүкеңде бірнеше «Қосбасар» бар. Мұ­ның негізінде Созақ көтерілісінің қа­сіреті, зұлмат жылдардың мұң-зары жатыр. Алғаш Кеңес үкіметі орнаған кезде билік басындағыларға күйшінің көңілі тәуірлеу бол­ған. Өзі ауылнай сайланады.  Бірақ кейін олардың ісі басқаша өріс алып бара жатқанын түсініп, аяғын тартады. Асыра сіл­теу асқынған кезде жұрттың малын, жа­нын тартып алған зорлық-зомбылықтарға жаны күйеді. 1932 жылғы ашаршылықта ел басы ауған жаққа босып, құм-құмның ішін­де шегіртке, тасбақа жегенін, бір кез­дегі бәйбішелердің бұтаның түбінде бала­сын кеудесіне басып, құшақтаған күйі қа­тып өлгенін өз көзімен көрген. Халықтың ашу-ызасы 1933 жылы Созақ көтерілісіне ұла­сады. Сол қақтығыста қарусыз қаншама адам жазықсыз қырылып, қаны судай аға­ды. Сүкеңнің дос-жарандары, үзеңгілес-құрдастары, ет жақындары мерт болады. «Қосбасар» – осындай қос оқиғаны сурет­те­ген Сүгірдің жан жарасы деп ойлаймыз.
http://www.aikyn.kz/articles/view/29792

Өтеш ҚЫРҒЫЗБАЕВ:
– «Созақ көтерілісіне» қатысқан, ұйым­­­дастырып, басшылық жасаған Сүгір­дің жақын туыстары болып келеді. Оқиға бел­сенділері қазақтың соңғы ханы Сұл­тан­бек хан мен Салықбай мерген Сүгір руының азаматтары. Мен қарт кісілерден «Туыс­қан­дары қанға бөгіп жатқанда, Сүгір кө­теріліске неге қатыспаған?» деп сұрадым. Онда елуден асқан кезі екен, ал шәкірті Жаппас Қаламбаевтың жиырма бестегі жігіт шағы. Ол да көтеріліске атсалыспаған. «Біз домбырамызды қаруға айырбас­та­маймыз. Құдай бізге күйшілік дарын берді, біз сол жолмен кетеміз» деген көрінеді. Ма­қ­пруза қызға келсек, Ұлытауда дүниеге келген. Мен сөйлескен ауыл қарияларының әңгімесі де жоғарыда айтып кеткен оқиғаға саяды. Күй тартысып, соңында Сүгір «Бі­ріміз Ұлытаудан, біріміз Қаратауданбыз. Ба­­сымызды қосқан өнер. Екеуміз домбы­ра­мен толғап көрейік» деп, содан «Қос­ба­сар» күйі шыққан деген аңыз бар.



Last edited by Бипыл on Sun 22 Sep 2013 - 18:08; edited 2 times in total

3Сүгір Әлиұлы Empty Re: Сүгір Әлиұлы Sun 22 Sep 2013 - 17:54

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

http://abai.kz/content/s-girdin-kozin-korgender-sanauly

Биыл халық композиторы, шертпе күйдің шебері Сүгір Әліұлының туғанына 130 жыл толады. Біз осы мерейлі датаға орай Сүгір мұраларының жанашыры, өнер зерттеуші, зейнеткер журналист Жаулыбай Иманәлиевпен сұхбаттасқан едік.

- Жәуке, сіз атақты Сүгірді өз көзіңізбен көре алдыңыз ба?

- Мен 1954-55 жылдары Созақ елді мекенінде Сүгірдің қызы - Ұлбаламен бір сыныпта оқыған жайым бар. Ол кезде ағам - Төлебай Тасболатов аудандық пар­тия комитетінде аймақтық хатшы (зона­льный секретарь) болып қызмет ететін.
Ағаларымыз Сүгірдің кім екенін, әри­не, білген болар. Ал біз бала болдық, шала болдық, Сүгірдің ол кезде қадірін біліп үл­гермеген едік. Кейін Төлебай ағам қыз­метіне байланысты аудан орталығы - Шолаққорғанға көшіп келді.
1958 жылы оныншы сыныпта оқып жүрген кезім. Қыркүйек айының аяғына таман, мектеп оқушыларын автобуспен мақта теріміне алып кетті. Ол кезде мақта терімінің науқанына үлкен-кіші азамат­тардың бәрі түгел қатысатын. Мені аудан­дық мәдениет үйінің басшылары арнайы өтініш жасап, бұл жұмыстан босатып алып қалды. Ондағы себеп - менің дом­быра тартатын өнерім еді. Аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен әнші-күйші, биші, жыршыларды жинап, екі ай ауданның барлық шаруашылықтарын ара­лап жүріп, концерт қойғанымыз есім­нен кетпейді.
Менің тартатыным - домбыра, сосын мондолин. Әншілерді мондолинмен сүйе­мелдеймін. Құрманғазының «Балбы­рауын» күйін, сонан соң Дәулеткерейдің «Құдашасын» домбырада жеке орындай­тыным бар.
Қазан айының ортасында Созақ сов­хо­зына бардық. Созақтың шетінде Кали­нин атындағы бөлімшенің шағын мәде­ниет үйінде концерт қоятын болдық. Да­лада, мәдениет үйінің алдында өңкей өнерпаздар шүйіркелесіп, әңгімелесіп тұрғанбыз.
Басында ақ қалпағы бар бір кішкентай шал келіп бізбен амандасты.
- Иә, балаларым, ауылға келіп қа­лыпсыңдар ғой, - деп бәрімізбен аман­дасты да, жөніне кетті. Көркемдік жетек­шіміз - Аманбай Әміреев деген ағамыз: «Жаңағы қарияны танисыңдар ма?» деді. Біз әрине, танымаймыз. «Бұл Алматыдағы атақты қылқобызшы - Жаппас Қалам­баев­тың жақын ағасы әрі ұстазы» демесі барма. «Аты-жөні кім?» дейміз. «Сүгір деген күйші шал. Бұл қарияның білмейтін күйі жоқ» деді.
Басқаны қайдам, менің ішім қылп ете қалды.
- Әй солақай інім, сен енді саспай, орындайтын күйлеріңде ширақтау болуға тырыс, - деді Аманбай ағамыз, маған қарап.
Бір кезде көзтаныс - Сәуірбек Қар­ба­зов деген осы Созақтың жігіті келіп, бізбен амандаса берді. Өзі бізден үш-төрт сынып жоғары оқитын, домбырашы атанып жүрген осы ауылдың белгілі жігіті. Серейіп өсіп, ұзын сарының өзі болған.
- Жаңағы келіп, амандасып кеткен шал - Сүгір деген атақты күйші. Ол да сен сияқты солақай. Бас-аяғын түгел, дұрыс білетін күйлеріңнен тарт, - деді.
Ішімнен: - Қап, бәле болды-ау, - деп тұрмын.
Менің сенетінім мондолин. Бәтима деген әнші қызымызды сүйемелдеп саханаға қайта-қайта шығатыным бар. Ол жақсы әнші. Мондолинді бұлбұлдай сай­рататын кезім.
Концертіміз басталды. Кезегім келіп, домбырамды ұстап, саханаға шықтым.
- О - о, солақай шықты, - деп көп­ші­лік «гу-у» етіп барып басылды. Ең ал­дыңғы қатарда Сүгір қария, оның қасында екі езуі екі құлағына жетіп Сәуірбек отыр.
Алдымен Дәулеткерейдің «Құдаша» күйін орындадым. Күйді аман-есен сүрін­бей аяғына жеткізген сияқтымын. Жұрт гуілдетіп қол соғып, біразға дейін басыл­май тұрды.
Екінші кезекте Құрманғазының «Бал­бырауын» күйін орындадым. Күй аяқтал­ған сәтте, шағын мәдениет үйінің төбесін төңкеріп жібере жаздап, қол соқпасы бар ма. Концертіміз аяқталып, сыртқа шық­тық. Сәуірбек келіп, менің арқамнан қағып: - Өй інім, жарайсың, жақсы орын­дайтын болыпсың ғой. Сүгір қарияның не айтқанын айтайын ба? - деді.
Жігіттер мен қыздар: - Иә, айт-айт, - деп қалды.
«Басқаларын қайдам, ана солақайдан қорқам. Содан түбінде бірдеме шығады» деді ғой деп, менің арқамнан қайта-қайта қағып қояды.
Кім біледі? Сүгір ақсақалдың да ау­зына Құдай салды ма екен. Кейін уни­верситет бітіріп келіп, облыстық газетте қызмет етіп жүріп, сол қарияның артында қалған күйлерін жинадым. Күні бүгінге дейін Сүгір күйінің орындаушыларын насихаттап келемін.
- Сүгірдің жалғыз дана суреті сақтал­ған. Оны да бірінші тауып жариялаған сіз кө­ріне­сіз...
- Сүгір Созақ ауылында 1961 жылы ақпан айында сексеннен асып қайтыс болған. Бұрын бірде-бір суреті сақталмаған деп келдік. Сөйтсек, жалғыз данасы сақ­талған екен. Оны мен 1971 жылы Сүгірдің үлкен қызы Ұлбаланың үйінен таптым. Ол үйге мені Өмірзақтың екі баласы Са­быр мен Әбіл ертіп барды. Суретті табуыма сол екеуі қол ұшын берді. Оны кім түсіргені белгісіз. Сүкең әдетте суретке түсуді қаламайтын кісі екен. Діндарлығы да себеп болуы мүмкін. Суретші, сірә, Сүкеңе білдіртпей, күй тартып отырғанда түсірген-ау. Осыдан басқа Сүкеңнің еш­қандай суреті қалмаған. Бұл сурет сол кез­де өзім қызмет істейтін «Оңтүстік Қа­зақ­стан» газетіне «Сүгірдің суреті табылды» деп 1971 жылы 30 желтоқсан күні жария­ланды.
- 1975 жылы «Жазушы» баспасынан «Қаратау шертпелері» деген күйлер жина­ғын шығарыпсыз. Журналист мамандығын алмағанда, күйші болар ма едіңіз?
- Менің екі өкінішім бар. Біріншісі - Сүгірдің орындаушылығын өз көзіммен көріп, тыңдай алмағаным. Екіншісі - Құр­манғазы атындағы Алматы консер­ваториясында оқымағаным. Әке жолын қуып, журналист мамандығын алдым. Түз­де жүрсем - журналистпін, үйге кел­сем күйшімін. Есіл-дертім күйшілер мен жыраулар.
- Қанша дегенмен көнекөз күйшілерді көп көрдіңіз, қазіргі күй орындаушыларға көңіліңіз тола ма?
- Осы жетпіске келген шағымда, аң­ғар­ғаным; қазіргі жас орындаушыларда салиқалы мінез жоқ. Бәрі зуылдақ, сыл­дыр. Бірін-бірі айнытпай қайталайды. Осыған қарағанда «нотамен сауаттанудың пайдасы мен зияны бірдей ме, қалай өзі?» деп қаламын кейде.
Оу, кешегі Дина Нұрпейісованың, Әбі­кен Қасеновтің орындаушылық мі­нез­дері, үлгілері сияқты неге бола алмай-ақ жүр? Тіпті төрт-ақ класс білімі бар - Тө­леген Момбековтің орындаушылығына жете алмай қор болып жүрміз.
Сүгір мен Мафрузаның күй сайысын­дай өнерлер қайда қалған. Теледидардан көрсетіліп жүрген даңғаза, жалған, күй сайысын жасап, елді жас бала сияқты алдаймыз келіп, алдаймыз. Ең соңында, «Адай» күйімен немесе «Сарыарқаны» қо­сылып тартып, күй сайысын бітіреді.
Шынайы айтыс, шынайы сайысты бір көре алсақ, шіркін! Кімді-кім қанша рет сүріндіреді. Қандай өрнегімен, қандай бояуымен? Сөйтіп, біріне жеңіліс, біріне шынайы жеңіс беріп, марапаттауға болмас па?!
Өтірік, жаттанды, дайындалған сайыс­пен күйшілердің беделі артпайды, қайта әбүйірден жұрдай болып шығады. Өйткені олар өтірік тартысып отыр. Не сүрінбейді, не жаңылмайды. Бәрін біліп отырған автомат әшейін. Артық айтсам, күйші бауырларымнан кешірім сұраймын.
- Қазір Сүгірдің көзін көрген күйші­лер қалды ма?
- Жоқтың қасы. Тек Кентау қаласында тұратын, жасы сексеннен асқан күйші - Самар Сүйіндікұлы бар. Ол Сүгірді көр­ген, күйлерін тыңдаған. Өзі жан-жақты күйші. Кезінде Самардың әкесімен Сүгір жақсы араласып, сыйласып өткен өмір­ден. Сүйіндік те күйші екен, жасы Сүгір­ден үлкен болыпты.
Жаңаарқада тұратын жасы жетпістің бесеуіне келіп қалған күйші - Фазыл Тұт­қабеков бар. Ол Әбікеннің «Қоңырын», Тәттімбеттің «Көкейкесті», «Сарыжай­лау», «Былқылдақ», «Сылқылдақ» күй­ле­рін, Сүгірдің «Кертолғауын» тамаша орын­дайды.
Сүгірдің көзін көрген, орындаушы­лы­ғын әбден тыңдап өскен тағы бір күйші, манағы мен айтқан - Сәуірбек Карбозов бар. Ол Түркістан қаласының қасында бір кішкентай елді мекенде тұрады. Оның жасы да жетпістің бесеуіне келді. Жас кезінде жақсы күйші болатын. Сүгір күйлерін біледі. Сол жігітке менің бір қолым жетпей-ақ қойды. Әне-міне деп жүргенімде өліп қалмаса болғаны.
- 2007 жылы Астанада өткен Сүгірдің 125 жылдығына қатысып, күй тарттыңыз ғой деймін. Қалай өтті, көңіліңізден шықты ма?
- Күләш Байсейітова атындағы опера-балет театрында тойлағанбыз. Мен Сүгірдің «Аққу» күйін тарттым. Сонда сахнаға шыққан жиырмадан астам күйші өнер көрсетті. Солардың төрт-бесеуі ғана Сүгірдің шығармаларын орындады. Бас­қалары өздерінің бұрыннан орындап жүрген күйлерін тартып, жөніне кетті.
Оу, арнайы Сүгірдің тойына шақырыл­ған соң, ең болмаса кейіпкердің бір күйін орындау керек қой.
- Енді биыл мұндай кемшіліктерді қай­таламаған жөн дейсіз ғой?
- Сүгірдің бейнесі бар кеудеге тағатын значоктар ма, әлде медаль ма, сондай-ақ Сүгірдің бейнесі бар грамоталар дайындау керек сияқты. Жас «судырахмет» күйші­лерді қоя тұрып, жасы үлкен, Сүгірдің көзін көрген орындаушыларды алдымен сахнаға шығару керек. Солардың орын­даушылығын жазып алып қалу керек сияқ­ты. Енді бес-он жылдан кейін, кім бар, кім жоқ?!
Қазір Сүгірдің шығармаларын Құр­ман­ғазы атындағы академиялық ұлт-аспаптар оркестрінің, Нұрғиса Тілендиев атындағы этнографиялық, «Отырыр сазы» фольклорлы оркестрінің бағдарлама­ла­рында орындалып жүр. Астана мен Ал­маты консерваториясының оқу бағдарла­маларында Сүгір күйлері егжей-тегжейлі зерттеліп, оқытылуда. Симфониялық ор­кестрмен «Аққуды», «Бозінгенді», «Тел­қоңырды», «Ыңғайтөкті» орындап жүр­генін арагідік құлағымыз естіп қалатыны бар. Жалпы, Сүгір шығармалары Қазақ мәдениетінің әрбір саласында жиі қолда­нып жүр. Теледидарда, Радиода, «Қазақ­фильм» туындыларында пайдаланы­ла­ды.
Сүгірдің атағы мен шығармалары құн­дылығы жағынан, Құрманғазы мен Тәт­тімбет, Қазанғап пен Динаның деңгейіне көтерілді десем, артық болмас.
Егеменді ел болдық. Кешегі Кеңес өкі­метінің кезінде қудалауға ұшыраған Сүгір сияқты дарынды, өнерлі тұлғалар­дың той­ын лайықты қарсы ала алмасақ, бізге жас ұрпақтың алдында сын емес пе?!
- Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан
Төреғали ТӘШЕНОВ

4Сүгір Әлиұлы Empty Re: Сүгір Әлиұлы Sun 22 Sep 2013 - 18:00

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Бипыл wrote:
- Қанша дегенмен көнекөз күйшілерді көп көрдіңіз, қазіргі күй орындаушыларға көңіліңіз тола ма?
- Осы жетпіске келген шағымда, аң­ғар­ғаным; қазіргі жас орындаушыларда салиқалы мінез жоқ. Бәрі зуылдақ, сыл­дыр. Бірін-бірі айнытпай қайталайды. Осыған қарағанда «нотамен сауаттанудың пайдасы мен зияны бірдей ме, қалай өзі?» деп қаламын кейде.
Оу, кешегі Дина Нұрпейісованың, Әбі­кен Қасеновтің орындаушылық мі­нез­дері, үлгілері сияқты неге бола алмай-ақ жүр? Тіпті төрт-ақ класс білімі бар - Тө­леген Момбековтің орындаушылығына жете алмай қор болып жүрміз.
Бір естіген әңгімем, Құрманғазы мен Динаның уақытында домбыраның даусы өте төмен болған дейді. Домбыраның даусы адамдыкі сияқты қоңыр да төмен болған. Домбыраны адамша сөйлеткен дейді. Оған нанбайын десең, Құрманғазының Бұқтым бұқтымын тыңдасаңыз, күйден қазір де бұқтым бұқтым деген сөздерді нақ ести аласыз. Сонда ол заманның домбырасы да адамдарф да салмақты салиқалы болған ғой Smile

5Сүгір Әлиұлы Empty Re: Сүгір Әлиұлы Sun 22 Sep 2013 - 18:11

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Сүгірдің Аққу күйі

Орындап отырған Генерал Асқаров.
Бұл кісінің орындауын өз басым барлық орындаулардан артық көремін.
Екпін де, күш те, шерту мен тұңғиық ой-сезім де бар

http://music.nur.kz/artist-256553-general-askarov

6Сүгір Әлиұлы Empty Re: Сүгір Әлиұлы Sun 22 Sep 2013 - 18:15

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Сүгірдің Шалқыма күйі

http://kiwi.kz/watch/zrlpbb7lp6mn/

7Сүгір Әлиұлы Empty Re: Сүгір Әлиұлы Sun 22 Sep 2013 - 18:21

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Сүгірдің Гауфман күйі туралы. Оны басқа адамдар Телқоңыр деп не Кертолғау деп те тартады екен.

http://oldkazakh-tv.softdeco.net/kaz/daladayisi/archive/Satbaj_IzbalaevGaufman__Togiz_tarau__Minzhilki_kujleri_1355225783.html

8Сүгір Әлиұлы Empty Re: Сүгір Әлиұлы Sun 22 Sep 2013 - 18:26

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Сүгірдің бес жорға күйінің үш нұсқасы

Бірінші нұсқа
http://www.muftyat.kz/uploads/gallery/main/1/sugir/bes_zhorga1.mp3

екінші нұсқа
http://www.muftyat.kz/uploads/gallery/main/1/sugir/bes_zhorga2.mp3

үшінші нұсқасы
http://www.muftyat.kz/uploads/gallery/main/1/sugir/bes_zhorga2.mp3

Төлеген Момбековтің орындауындағы Бес жорға
http://www.asylmura.kz/diski/shertpe/07.mp3



Last edited by Бипыл on Sun 22 Sep 2013 - 18:48; edited 1 time in total

9Сүгір Әлиұлы Empty Re: Сүгір Әлиұлы Sun 22 Sep 2013 - 18:29

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Сүгірдің Бозінген күйі
http://www.muftyat.kz/uploads/gallery/main/1/sugir/bozingen.mp3

10Сүгір Әлиұлы Empty Re: Сүгір Әлиұлы Sun 22 Sep 2013 - 18:29

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Сүгірдің Ыңғай төк күйі
http://www.muftyat.kz/uploads/gallery/main/1/sugir/ingai_tok.mp3

11Сүгір Әлиұлы Empty Re: Сүгір Әлиұлы Sun 22 Sep 2013 - 18:33

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan



Last edited by Бипыл on Sun 22 Sep 2013 - 18:35; edited 1 time in total

12Сүгір Әлиұлы Empty Re: Сүгір Әлиұлы Sun 22 Sep 2013 - 18:35

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Кертолғау күйі

Бірінші нұсқа
http://www.muftyat.kz/uploads/gallery/main/1/sugir/kertolgau1.mp3

13Сүгір Әлиұлы Empty Re: Сүгір Әлиұлы Sun 22 Sep 2013 - 18:36

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

14Сүгір Әлиұлы Empty Re: Сүгір Әлиұлы Sun 22 Sep 2013 - 18:37

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Шалқыма күйі

http://www.muftyat.kz/uploads/gallery/main/1/sugir/shalkima.mp3

Төлеген Момбековтің орындауында
http://www.asylmura.kz/diski/shertpe/09.mp3



Last edited by Бипыл on Sun 22 Sep 2013 - 18:49; edited 1 time in total

15Сүгір Әлиұлы Empty Re: Сүгір Әлиұлы Sun 22 Sep 2013 - 18:38

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

16Сүгір Әлиұлы Empty Re: Сүгір Әлиұлы Sun 22 Sep 2013 - 18:42

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Жолаушының жолды қоңыры күйі
http://www.muftyat.kz/uploads/gallery/main/1/sugir/zholaushinin_zholdi_koniri.mp3

Естуім бойынша, Сүгір қобызды Ықыластан үйренген екен. Ықыластың қасында жүріп, Ықыластың күйлерін үйреніп, бертін келе Ықыластың көп күйін қобыздан домбыраға көшірген дейді. Сол күйлердің бірі Жолаушының жолды қоңыры күйі.

17Сүгір Әлиұлы Empty Re: Сүгір Әлиұлы Sun 22 Sep 2013 - 18:45

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Ең керемет күй Қосбасар

http://www.muftyat.kz/uploads/gallery/main/1/sugir/kosbasar.mp3

Қосбасар деген сөзді қазақта егерде бір адам домбыраны шертіп отырса, ал екінші адам пернесін басып отырса, екеулеп тартқан күйге қатысты айтады



Last edited by Бипыл on Sun 22 Sep 2013 - 18:53; edited 2 times in total

18Сүгір Әлиұлы Empty Re: Сүгір Әлиұлы Sun 22 Sep 2013 - 18:46

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Жоғарыдағы күйлердің барлығын мына жерден тауып жүктей аласыздар
http://www.muftyat.kz/index.php?newsid=832

19Сүгір Әлиұлы Empty Re: Сүгір Әлиұлы Sun 22 Sep 2013 - 19:04

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan


Майдақоңыр күйі

http://kaztube.kz/ru/audio/4246

Сүгірдің Майдақоңыр күйі туралы аңыз

Сүгірдің добыраға біржола ден қойып, ел ішіндедегі өзі сияқты өнерпаздармен іздеп жүріп табысатын жігіт шағы болса керек. Бірде жол жүріп келе жатса, қыр астынан құрықтарын шошайтқан төрт бес салт атты “тоқта – тоқталып” шыға келіпті. Сөйтсе, өткен түнде ғана ауылдың жылқысы барымталанып, із кесіп жүрген жылқышы жігіттер екен. Сол жерде Сүгірді барымташылардың шолғыншысы болар деп күдіктеніп, ай – шайға қаратпай уылға алып кетеді.

Алып келеді де: “жауып алғанша отыра тұрасың”, деп бір киіз үйге қамайды.

Сүгір киіз үйде әрі отырады, бері отырады. Бір мезгілде зерігіп, үйдің ішін барлап қараса, төрде үкілі домбыра ілуі тұр дейді. Сол жерде домбыраны алып шертіп көрген екен, бабында тұрған аспап қолын жетектеп жөнелгендей болды. “Ә – ә, мұның иесі тегін адам болмас” деп ойлаған Сүгір көңілін демдеп, домбыраны жайлап шерте бастайды. Әрі – беріден соң домбыраның қоңыр үні бойын баурап, қай – қайдағы сұңғыла сарын санасына қаумалап, қолын батыра тартып отырғанын байқамай да қалады.

Осы кезде үйдің есігі серпіле ашылып, бір бойжеткен қыз кіріп келеді. Кіріп келеді де: “Е – е, ауыл торыған көнтақым ұры ма деп едім, күй қуалап әуейі болып жүрген байбақ болмасаң неғылсын!” дейді. Қыздың өркеуде, өктем сөзіне Сүгір: “Болсақ болармыз!” деп сабырмен жауап береді де, домбыраның көмейіне іркілген сарынды лекілдете шертіп – шертіп жіберіп, іргеге сүйей салады.

Сол кезде тәкаппар қыз бұрала басып келіп, домбыраны қолына алады да, Сүгірдің қарсысына тізе бүгеді. Сонсоң, шолпылы бұрымын сылдыр еткізіп, жонына серпи бастайды да: “Ал, жігіт, домбырашы болсаң мынаны тарт!” деп бір күйді шертеді. Сүгір қиналмайды, қыздың құлдыраңдатып тартқан күйін одан сайын құтыртып қайта тартып береді. Сонда қыз: “Олай болса, мынаны қайтесің!” деп екінші бір күйді тартады. Сүгір оны да айнытпай қайталап тартады. Қыз одан әрмен өршеленіп: “Ендеше, мына күйді қайтер едің!” деп үшінші күйді тартады. Бұл күй де айнымай қайталанады.

“Кезектің киесі үшке дейін” деген ғой, үш күйден соң қыз тегін адаммен ұшыраспағанын сезініп, әдеп сақтап отыра қалды. Сонда Сүгір: “Қадірлі қарындас, жақсы күйің жабыққан көңілімді ашқандай болды. Сыйға сый деген, менен де бір белгі болсын” деп, сұлу сазды бір күйді тербей жөнеледі. Күй қыз қиялын бұйдалы ботадай жетелеп, небір сұлу сезімге бөлеп барып тынады. Есті қыз жан толқыннын сабырға жеңдіре отырып: “Япырай, күй танитындардың айтуында Тама еліндегі Сүгір деген жігіт осылай шертеді деуші еді, сол кісі болмасаңыз неғылсын!” дейді. Сүгір де мұндай зердеге іштей риза көңілмен:“Болсақ, болармыз!” деп жымия жауап берді.

Осы кезде киіз үйдің сықырлауығы жарыла ашылып, бір –екі жігіт кіріп келеді де, өктемдеу үнмен Сүгірге қарап: “Жігітім, соңымызға ілес, ауыл ағасы ақ – қараңды айырмақшы” дейді.

Сол жерде күйші қыз тіл қатады: “Жә, ағалар, күдік – күмәннің қисыны жоқ екеніне мен кепіл. Бұл жігіт мал қуып жүрген жоқ, өнер қуып жүр екен. Қонағымды мазаламай, бара беріңіздер” дейді.

Кейін Сүгірдің қыз алдында тартқан күйі ел ішіне “Майда қоңыр” деген атпен тарап кетеді.

20Сүгір Әлиұлы Empty Re: Сүгір Әлиұлы Sun 22 Sep 2013 - 19:11

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan


Төкпе күй мен шертпе күйдің айырмашылығы неде?
0 1036

Күйшілік өнер құрылымдық және орындаушылық тұрғыдан өзара бірнеше дәстүрлерге бөлінетіні белгілі. Күйдің жіктелу ерекшеліктерін жазсаңыздар...

Асқар Беков, Орал қаласы

Домбыра аспабында орын­да­латын күйлер негізгі екі топқа, төк­пе күйлер мен шертпе күй­лер­ге бөлінеді. Төкпе күйлер Батыс Қазақ­станда, ал шертпе күйлер Арқа, Же­ті­су мен Қаратау өңір­лерін­де көп орын­далады. Төкпе мә­нерінің көрнекті өкілдері – Құрман­ғазы, Сейтек, Ұзақ, Дәулеткерей, Абыл, Дина, Қазанғап, Есір және тағы бас­қалар. Төкпе күйлер өзінің өлшемі мен ырғағы жағынан нақты болып, саусақтардың бірыңғай сілтеуімен орын­далады, олар көбінесе жігерлі, асқақ келеді. Төкпе күйлердің өзі ішкі мазмұны мен орындалу, тартылу әдіс-тәсілдеріне орай, түрлі салаларға бө­лініп, жеке-жеке қалыптасқан, бір-біріне ұқсамайтын, әр­түрлі орын­­дау­шылық мектептер құ­райды. Мұн­дағы әр мектептің өзіндік саусақ басу, қағыс қолдану әдістері бар. Мысалы, Құр­манғазы мен Дәулеткерейдің орын­даушылық үрдістері бір-біріне мүлде ұқ­са­майды. Дина күйлері де айрықша мектеп құрайды. Сыр бойының, Маңғыс­тау өңірі­нің күйлері де өзіндік орын­дау­шылық дәстүрімен айрықша құрылым­дық, орын­даушылық мәнерлерді бай­­­­­қа­­тады. Шерт­пе күйлер ән негіздес өте сазды, кұрылысы шағындау болып ке­леді. Күй әуені екі ішекте кезек орындалып, кө­бінесе бір­дауыстылығы басым болады. Бұл күй­лердің ежелден қалыптасқан қа­ғыс қағу, саусақ басу тәртібі бар. Шертпе күй мәнерінің көрнекті өкілдері – Байжігіт, Тәттімбет, Сүгір, Тоқа, Дайрабай, Баубек, Әбди, Төлеген және т.б. Шертпе күй­лер­дің өзі мазмұндық, орындаушылық ерек­­шеліктеріне орай, бірнеше мек­тептерден тұрады. Олар Арқа, Қаратау, Же­тісу, Алтай мектебі деп аталады.

21Сүгір Әлиұлы Empty Re: Сүгір Әлиұлы Sun 22 Sep 2013 - 19:36

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Сүгірдің шәкірті әрі туысқаны, Сүгір күйлерін таратуда үлкен еңбек сіңірген жан  Төлеген Момбеков туралы бірер сөз

http://yvision.kz/post/174747

1919 жылы Қаратау баурайындағы Қозмолдақ деген ауылда туып-өскен. Киелі өнердің бастауы арғы аталарынан басталады. Арғы атасы Қожамжар мен Назар әділ билік айтқан шешен болса, Қайдау атасы бүкіл Орта жүзге әйгілі айтыскер ақын, ал Бапыш атасы - аң аулап, құс салып, серілік құрумен бірге, асқан күйші болған адам.

   Төлегеннің Жәнібек деген ағасы, Күнтай деген апасы да керемет ақын болыпты. Төлегеннің өзіне домбыра дарыған. Төлеген Момбеков есімінің халқымызға кең тарап, төл күйлерінің халықтық рухани кәдеге айналуына көптеген ақын-жазушылар атсалысқан. Бұл орайда Сәбит Мұқанов, Асқар Тоқмағамбетов, Тәкен Әлімқұлов, Төлеген Тоқбергенов, Рахманқұл Бердібаев, Ақселеу Сейдімбековтердің еңбегі ерекше болды. 1965 жылы Асқар Тоқмағамбетовтің алпыс жылдық мерейтойына байланысты Сыр бойына сапар шеккен Сәбең жолшыбай Созақта да болады. Сол кездегі аупарткомның бірінші хатшысы Төлепберген Назарбеков Сәбеңнің құрметіне Созақ ауданының әр жеріндегі күйшілерді тегіс жинатады. Олардың ішінде Төлеген Момбеков, Файзолла Үрмізов, Ергентай Борсабаев болады. Сәбең оларға бірнеше күйден тартқызады. Осылардың ішінен Төлеген шерткен шертпе күйге қатты қызығып: «Мұндай дарынды республика көлеміне таныту қажет» деп шешеді. Сөйтіп, Төлеген күйлерін магнитофон таспасына жазып алып, Алматыға ала келеді. Көп ұзамай Созақ ауданының басшылығына М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтына Төлеген Момбековті іссапарға жіберу туралы Алматыдан арнайы хат келеді. Ол кезде Төлеген ауылда Құлжабай Төлеуов, Көпбай Омаров сияқты ақындармен бірге жүріп, автоклуб меңгерушісі болып жұмыс істейді. Алматыға келген сол сапарында Төкең грампластинкаға атасы Бапыштың, Сүгірдің және өз шығармаларынан бас-аяғы он екі күй жаздыртады және теледидарда бірер күй орындайды. Сол кезде теледидар қарап отырған Нұрғиса Тілендиев: «Мына қақпас қайдан шықты?!» деп, атып тұрған екен дейді. «Талантты талант қана таниды» деген сол. Нұрғиса Төлегеннің шертісіне сол бойы құлап түсіп, Алматыға келген сайын өзі қарсы алып, қонақүйге орналастырып, оң жағынан орын берген. Төлегеннің 1969 жылы Алматыға келген сол алғашқы сапарында-ақ «Социалистік Қазақстан», «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде Төлегеннің өмірі мен шығармашылығы жөнінде мақалалар жарияланады. Әдебиет және өнер институтының қорына Төлеген білетін күйлер толық жазылып алынады. Бас-аяғы бір аптаның ішінде кешегі ауыл домбырашысы республика көлемінде танымал болады.Төлеген турасында белгілі күйшілер әрі өнер зерттеушілері: Уәли Бекенов, Жарқын Шәкәрім, Біләл Ысқақовтар қалам тербеген. Төлегеннің ұстазы, Қаратау күй мектебінің ұшар басында тұрған Сүгір Әлиұлы 1961 жылы қайтыс болған. Өкініштісі, Сүгірдің өзінің орындауында бірде-бір күйі таспаға жазылып алынбаған. Көзі тірі кезінде күйлері нотаға да түспеген. Жазушы Мұхтар Әуезов, Үкімет басшысы Нұртас Оңдасынов іздеп барып, Алматыға шақырғанмен, реті келмеген. Ол кез - кеңестік «уралаудың» асқынып тұрған шағы, шертпе күйдің шетқақпай көрген заманы. Күйдің де, күйшінің де қадірі қашқан кез. Сүгірдің «Жолаушының жолды қоңыры», «Шалқыма», «Бесжорға», «Кертолғау» күйлері Төлегеннің орындауының арқасында халыққа жетті. Сүгірдің тартысы құлағында қалған көне көз қарттардың айтуынша, Сүгірдің «Бозінген» күйі бізге тура өз нұсқасында жетпеген. Төлегеннің де «Бозінгеннің бүлкілі» деген күйі бар. Зерттеушілердің айтуынша, бұл екеуі екі бөлек күй. Төлеген әуелгі нұсқаны өзінше жетілтіп, басқаша құлпыртып, дамытып әкеткен. Атақты күйші Қаршыға Ахмедияровтың айтуынша, Сүгір мен Төлегенді бөліп-жармай, дауға айналған күйлерді бір сөзбен «Сүгір мен Төлегендікі» деп атау керек. Сүгірді көзі көрген және сол ауылдың тумасы, марқұм профессор Керімбек Сыздықов былай деп жазып кетіпті: «…Төлеген Алматыда көпшілік алдында, радио, теледидардан күй тартқанда Сүгір ақсақалды ұстазы ретінде үнемі құрметпен атап, сол кісінің күйлерін тартудан бастайтын. Алғашқы жолы «Қосбасарды» Тәттімбеттікі, «Бозінгеннің бүлкілін» Сүгірдікі деп жаздырғанының басы-қасында жүріп, солай деп жаздыруға себепші де болғанмын. Өйткені сол кездегі біздің ұғымымызда «Қосбасар» деген күйдің қанша түрі болса да ол тек Тәттімбеттің атына тән саналатын. Ал «Бозінген» күйі Ықылас пен Сүгірдің атына байланысты аталатын. Оған Төлеген де пәлен деп қарсылық танытпай, «кімнің қалай тартқанын қайдам, мен өзім оңқайтыма келген күйлерді тартқанда қиялданып, өзімше тартып кетем» деген әңгімені жиі айтатын…».

Сугірдің шәкірті Төлеген Момбеков, Төкеңнің шәкірті Жаңғали Жүзбай, Жакеңнің Шәкірті мен ағайын)

Өзім сүйетін «Салтанат» күйінің қалай шыққанын баяндайық. 1969 жылы Төкеңнің асыл жары Пернеш қайтыс болып, Райхан, Қызжан, Дана, Гүлжан, Салтанат атты бес қызымен, Қайрат атты бір ұлымен артында қалған Төкеңе бұл қаза қатты батады. Жан күйзелісіне толы осы жылы өмірге бірінен соң бірі төрт күй келеді. Сол кезде автоклуб меңгерушісі болып жұмыс істейтін Төлеген бір күні жұмыстан шаршап үйіне келсе, Қайраты төрт жасар Салтанат деген қызын жылатып қойыпты. Сонда Салтанат біраз жыл өтсе де, өлген шешесін ұмытпай: «Апама айтам» деп жылайды. Осы сөзді құлағы шалып қалған күйші бір түрлі болып кетіп, қатты толқиды. Қызын жұбатып отырып: «Қайтемін, жаным-ау» деп қосыла жылайды. Сосын сүйеніші де, жұбанышы да болған домбырасын сабалай береді. Ертеңіне жаңа күй шығады. Күйдің атын «Салтанат» деп қояды.
Жоғарыдағы сілтемеден Салтанат күйін тыңдай аласыздар

немесе мына жерден Салтанат күйін бірнеше орындауда тыңдай аласыздар
http://muzofon.com/search/%D1%81%D0%B0%D0%BB%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%B0%D1%82%20%D0%BC%D0%BE%D0%BC%D0%B1%D0%B5%D0%BA%D0%BE%D0%B2



Last edited by Бипыл on Sun 22 Sep 2013 - 19:42; edited 1 time in total

22Сүгір Әлиұлы Empty Re: Сүгір Әлиұлы Sun 22 Sep 2013 - 19:38

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Сүгірдің шығармашылығы туралы күйші Жанғали Жүзбаев сыр шертеді

1987 жылдың жазы еді. Консерваторияға қызметке енді ғана тұрған кезім. Дәлізбен келе жатып бір топ абитуриентпен ұшырастым. Емтихандарды тапсырып болып енді нәтижелерін тосып отыр екен. Барлығының қолында бір-бір домбыра. Сәлемдесіп шұрқырап танысып жатырмыз. Біреуінің домбырасын сұрап алып Сүгірдің бір күйін шерттім. Күй шертіліп болғаннан кейін топтың ішінде тұрған, ақсары өңді, талдырмаш бойлы жігіт  – Тәке, енді домбыраңызды маған бере тұрыңыз, – деді.

Мен Арқа күйіне жетікпін, Сүгір күйін тартқанымда әлдебір кемдігім бар екенін білетінмін. Алдымда жүресінен отырып күй шерткен жігіт менің барлық кемшілігімді жарқыратып ашып тастады. Және, онысымен қоймай күйді шертіп болғаннан кейін ащы жымиып бетіме қараған.

Дәулескер күйші Жанғали Жүзбаевпен мен осылай танысып едім. Оқуға сырттай түскендігін кейін естіп қуанып қалдым. Ал келесі жылы ақпан айында бірінші сессиясын тапсыруға келген Жанғалимен жақынырақ танысудың сәті түсті.

Бабымда едім, қолымдағы домбырам да жақсы еді. Ең әуелі өзіне, содан соң басқаға биік талап қойып үйренген сыншыл күйші, менің тартқанымды, алғашында, сеніңкіремегендей сынай тыңдаған. Тыңдаған сайын қырыс-тырысы жазыла берді. Содан соң ләм-лим демей Байжігіт пен Тәттімбеттің күйіне шомды. Қас қарайғанда ғана домбыраны оған ұсындым. Алмады. Бүгінге осы да жетеді деген. Содан соң қолымды қысып тұрып қысқаша бағасын берген. Мен үшін Жанғалидың сол пікірі қымбат. Себебі, шын өнерпаз үшін түсінбей айтылған ағыл-тегіл мадақтан гөрі, өзімен бастас шын сыншының сараң ғана айтқан бір ауыз пікірі қашанда биік тұрмақ.

Келесі күндері емтихан, зачет аралығында Жанғали мен жұмыс істейтін фольклор кабинетіне келіп өзі білетін Қаратау өңірі күйлерінің барлығын дерлік таспаға жаздырды. Осындай бітімдегі күйшінің осы уақытқа дейін беймәлім болып келгеніне қайран қалдым. Жаздырып қаттап қойған магнит таспаларды бірнеше күннен кейін «Мелодия» фирмасының дыбыс режиссері Мақсат Мұхитденовке тыңдаттым. Көп ұзамай сол жылдың жаз айында Жанғали Жүзбаев өзінің алғашқы күйтабағын жаздырды. Міне, содан бері табаны күректей жиырма жыл өтіпті. Жанғали күйші одан кейін де теледидар мен радиокомитет ұйымдастырған талай айтулы жобаларға қатысты, Қаратау өңірі күйлерін талмай насихаттады. Консерваторияны үздік бітіріп Жезқазғанда, одан кейін Астанада өзінің ұстаздық қызметін жалғастырды, қаншама талантты шәкірттерді тәрбиелеп шығарды.

Бүгін біз, енді екі жылдан соң ердің жасына келетін Жанғали күйшінің өнерін әңгіме етейік дедік.

Сан-салалы ән мен күй, жыр мектептерінің тоғысқан жері Созақ – ежелден қазақ даласындағы ең үлкен өнер ордаларының бірі болып саналады. Кәрі Созақтың топырағын заманында Ықылас сынды қобызшы, Әйкен менен Сүгір сынды домбырашылар басып өткен. Осындай күй тарландары жасаған өлкеде туып-өскен Жанғали бабалардың өнеріне мейлінше сусындап бұла боп өскен. Әкесі Әлімхан, інілері Сәрсенғали мен Ерғали, барлығы дәулескер күйшілер. Бір ошақтан төрт бірдей домбырашының шығуы басқа үшін шетін құбылыс болса да, өнер кеніші Созақ үшін қалыпты жағдай. (Марқұм Асқар Сүлейменов айтып еді, «Созақта домбыра тартпайтын адам ғажайып болып саналады, оны елдің барлығы жабылып қызықтайды», – деп).

Алғаш домбыраның әліппесін әкесі Әлімханның туған ағасы Сейітханнан үйренген Жанғали, кейіннен Сүгір күйшінің немере інісі Ботабағардан, содан соң Атабек күйшіден тәрбие алады. Өнері толысып, шеберлігі жетілгеннен кейін Төлеген Момбеков пен Генерал Асқаровтың алдын көреді. Жанғалидың өзі, ұстаздарының ішінде аталған екі күйшіні ерекше бөліп қарайды. Сүгір күйінің мерейін асырған, талмай насихаттап ұлттық сахнаға кең жол ашқан күй тарландарынан дәріс алу, әрине, үлкен бедел. Алғаш Жанғалиды магнит таспасына жазып отырғанда, оның осы, Төлегеннің шертісін елестететін ауыр қағысына назар аудардым. Мысалы, «Қосбасар», «Телқоңыр», «Бозінген» сияқты күйлерден осыны аңғарасыз. Созақтың күй шежіресін жақсы білетін адамдар Сүгірдің қағысы, шамамен, осындай еді дегенді айтады. Алайда, қазақ күй өнерінің білгірі, музыкатанудағы, күйтанудағы ең үлкен авторитет болып саналатын Асқар Сүлейменовтың бұл тараптағы пікірі мүлдем басқа еді. Қаратау өңірі күйшілерінің Алматыда өткен үлкен бір концертінен кейін кәрі – жасымыз Төлеген Тоқбергеновтың үйіне жиналдық. Сонда Асекең концертке, ондағы күйшілердің тартқан күйлеріне комментарий беріп отырып былай деген еді.

– Сүгірді тұтастай ешкім ала алған жоқ. Өзім ол кісінің тартқанын алыстан бір-ақ рет естідім. Әйкен келіп Сүгірдің үйіне түсті. Бүкіл Созақтың халқы жиналып, біз, ұсақ балалар Сүгірдің үйінің маңайына бара алмай қалдық. Сонда Сүгір күй  шалғанда маған домбырадан гөрі қобыздың даусы болып естілді. Сүгір жас  кезінде Ықыластың жанында көп жүріпті. Содан жұққан қасиет болуы мүмкін. Бірақ қазір тұтас Сүгір ешкімде жоқ. Созақтың күйшілері Сүгірді бөліп-бөліп алған сияқты. Әркім өзінің естігенін ғана алған.

Содан соң ойланып отырып адамның ақылына сыймайтын бір парадоксты ұсынған.

– Менің ойымша Сүгірдің аруағы бір-ақ адамға – Генерал Асқаровқа қонған. Ол аз десеңіз айтайын, Генерал – тіріліп келген Сүгір.

Көп адам Асқар ағамыздың бұл ойын түсінбеді, қабылдамады. Қайсыбірінің тіксініп қалғаны байқалды. Күй сыншысының осы айта салған сөзінің сырын көп уақыт өткеннен кейін, Жанғали күйшінің шертісін зерделеп отырғанда түйсіндім. Шартты түрде Қаратау мектебі деп аталатын күй машығы көп жағдайда нашар интерпретацияның салдарынан Тәттімбеттің күй машығына ұқсап кеткен сияқты. Себебі, шертпе күй радио арқылы көп насихатталмаған, оқу-ағарту орындарында Әбікен Хасенов жеткізген Тәттімбеттің бірнеше күйі ғана уағыздалған. Ал Созақтың күй өнері мүлдем тасада қалған. Күйден хабары бар адам мені түсінеді. Айтайын дегенім мынау: Қаратау – Созақ күй мектебі – шертпе күйдің бір тармағы, бірақ Арқа күйінің өзі де емес, көлеңкесі де емес. Бұл – кезінде қазақ-қалмақ соғыстары заманында, түрлі тарихи тағдыр несібесімен Сарысу, Шу бойына, Қаратау-Созақ өңіріне қоныстанып қалған алшын, жаппас, тама мен жағалбайлы руларының күйшілері алып келген алабайрақ күй мен қобыз күйінің және қара шертіс Арқа күйінің астасуынан қалыптасқан ерекше бітімдегі күй. Күй жинау экспедициялары кезінде фольклоршы ғалымдарды қайран қалдыратын Созақ – Қаратау өңіріне тән «ала – құла» репертуар, ол мектептің осы үш түрлі бастаудан қалыптасқандығынан. Сол себепті музыка зерттеуші ғалымдар Сүгірдің «Ыңғай төкпе» күйін қай дәстүрге жатқызарын білмей қиналады.

Жоғарыда аталған А.Сүлейменовтың орындаушылық стиль жайлы пікірі қазақ музыкатануының ең басты саналуға тиіс проблемасының шетін ашып кетті. (Әрине, түсінген адам үшін) Мысалға, көптеген дәулескер күйшілер Мағауия  мен Әбікен екеуінің қайсысы Тәттімбетке жақын тұрғанын әлі күнге дейін айтып бере алмайды. Себебі, Әбікеннің шеберлігі сол заманда сахарадағы Тәттімбет күйінің ахуалын және интерпретациясын көрсететін ең үлкен деңгей. Алайда, Мағауияның орындауындағы Тәттімбет, адамды бұрынсоңды беймәлім сезім дүниесіне жетелейді. Мағауияны тыңдап отырғанда Тәттімбеттің неге сері атанғанын түсінесіз. Асқар Сүлейменовтың келелі пікірінің астарында үлкен ой жатыр. Сүгір күйін байыптай тыңдаған адам оның күйден мүлдем бөлек бітім екенін  түсінеді.

Әрине, Сүгір, еі әуелі – күйші. Оның шығармашылығының дені – көрікті, жаухар күйлер. Бірақ осының сыртында Сүгірдің, тылсым дүниесінен де хабардар адам екенін ажырату қиын емес.

Жанғали бірде «Щалқыманы» тартып болып «Осы  күйді  мен түсіне алмай-ақ қойдым. Күйден гөрі бақсының сарындарына ұқсайды» дегені бар-тын.

Бұл жерде Сүгір туралы осыншама көлденең дерек пен пікір келтіруіміздің жөні біреу-ақ. Ол ұлы Сүгірдің жолын қуған дәулескер күйшілердің бірі Жанғали Жүзбаевтың шығармашылығының, оны басқалардың өнерінен ерекшелеп тұрған айрықша сипатын мүмкіндігінше талдап түсіндіруге тиянақ ету.

Жанғали күйші өзінің ұстаздарын айтқанда Генерал Асқаровты ерекше атап отыруының сыры, жоғарыда келтірген А.Сүлейменовтың пікірінде жатыр. Жанғали Сүгірдің «Шалқымасын» орындағанда сіз Төлеген Момбековтың емес, еміс-еміс Генерал Асқаровтың асау шертісін естіп отырғандай боласыз. Неге бұлай? Генерал Асқаров, «Шалқыманы» орындамаған. Көп ойландым. Ақыры тапқан сияқтымын. Егер Генерал Асқаров «Шалқыманы» орындай қалса, тура осылай орындар ма еді. Міне, Жанғали күйші өзінің ұстазының орындауын осылайша елестеткен. Көп адам Жанғалидың шертісін тыңдап отырып оның Төлеген Момбековке ұқсайтынын айтады. Жаңсақ ұғым. Сыртқы көрініс қана. Жанғалидың шертісі кей кезде Төлеген күйшінің шертісін елестететін болса, ол оның Төлегенді көп тыңдағанының ғана белгісі. Ұғатын құлақ оның Генерал Асқаровтың табиғатынан тамыр тартатынын бірден ажыратады. Сөз жоқ, Жанғали күйші Сүгірдің «Бозінген», «Телқоңыр», «Жолаушының жолды қоңыры» сияқты айтулы күйлерін Төлегеннен үйренген. Бірақ күйдің мазмұнын үйрену бар да, оны өз машығына  салып тарту бар. Осы аталған күйлердің орындалу машығы екі күйшіде екі түрлі. Осы арадан келіп орындаушылық талдаудың, интерпретацияның үлкен бір сыры ашылады.

Батыс Еуропа музыкасының аясында тәрбиеленген адам кез келген музыканы алғашқы бірнеше такттен, музыкалық фразаның ширегінен немесе жартысынан ажыратады. Ал қазақ күйшісі күйді жалғыз дыбыстан ажыратады. Неге? Себебі, батыс адамының естуі – көп дыбыстық, үлкен көлемдік есту. Ал қазақ музыкантының естуі – тембральдік, колористік есту.

Бүгінде күйді жақсы орындау жалпыға ортақ деңгейге айналды. Күйші көп. Бірақ мәнер аз. Қазақтың бүкіл орындаушылық өнері бірнеше ғана стильдің маңайына топтасып отыр. Кейбір музыкалық оқу орындарының ұстаздары осы азғантай стильдің өзін азайтқысы келіп тұрады. Күй орындау унификацияланды. Бұрынғы ұшан-теңіз дыбыс байлығы бүгінде ұқсас домбыра, бір-бірінен айнымайтын мәнердің төңірегінде ендігі өлудің аз алдында тұр.

Қазақтың таңғажайып есту қабілеті жайында тағы бір мысал. Менің ұстазым Жүнісбай Стамбаев домбыраның әліппесін әйгілі ақын Бодаудан үйренген. Кейіннен байдың тұқымы деп қуғындалып жүргенде Қарқаралыға қашып барып, бой тасалап жүреді. Бірде бір үйге ат шалдырып шай ішіп отырғанда керегеде ілулі тұрған домбыраға көзі түседі. Домбыра шертпегеніне жылдан асып кеткен, күй аңсаған Жүнісбай домбыраны сұрап алып бірнеше күй орындайды. Сонда үй иесі «домбыраны Бодаудан үйренген жоқсың ба» деп сұрапты. Ұстазымның шерткені елдің барлығы білетін Тәттімбеттің күйі.Үй иесі елдің бәрі шертетін күйден  Бодаудың мәнерін таныған, себебі, қайталап айтайық, қазақтың байырғы есту қабілеті – тембральдік есту.

Міне, осы тұрғыдан келгенде Жанғалидың орындауы дыбыс пен реңкке аса бай орындау.Айтар едім, қазіргі орындаушылық өнерде, дыбыстың бояуы, қанықтылығы тұрғысынан Жанғалимен шендесетін, яки қатар тұратын адам кемде-кем.

Бірнеше мысал. Сүгірдің «Бес жорға» күйі техникалық тұрғыдан аса қиын, көп орындалмайтын күй. Мұндай шытырман шығарманы Төлеген Момбеков, және әлбетте Жанғали Жүзбаев қана орындайды. Әрине, нота бойынша бұл күйді екінің бірі «тарта алады». Біз бұл жерде шын мәнісіндегі орындауды, байырғы қазақтың күй сынына лайық орындауды айтып отырмыз.

Міне, осы күйде Жанғали дыбыстардың арасында құлаққа естілер-естілмес кідіріс жасайды.

Бұл тәсілді үйрену мүмкін емес, себебі, ол қаннан және сол өңірдегі дәстүрден даритын қасиет. (Музыкатануда бұл тәсіл «нано-пауза» деп аталады). Таратып айтатын болсақ, күйдегі бұл ілездік кідіріс өз бетінше тұрған, эффект үшін жасалған тәсіл емес. Бұл жерде, күйші, әр дыбысқа жеке тамсанып үлгеріп отырады. Осыдан келіп кейде Жанғалидың орындауында күйдің темпі болар-болмас түсіп кеткендей көрінеді. Күйде «езу» деген де тәсіл бар. Күйші тыңдаушының бет әлпетіне қарап отырып, оған күйдің бір қалтарыс бұрмасының ұнап қалғанын байқап қалады. Мұндайда тыңдаушы кейде «Ой, пәлі!» деп қалады. Содан соң аталмыш иірімді бірнеше рет қайталайды, және кеңейтіп, созыңқырап, әдемілеп қайталап тыңдаушының сусынын қандырып кетеді. Бірақ ілездік кідірістің бұл тәсілге ешқандай қатысы жоқ. Бұл тәсіл тыңдаушының дыбысты жылдам пайымдап үйренуіне бағышталған. Бұл мүлдем жаңа музыкалық мәдениеттің нышаны. Яғни, Жанғали күйші әр дыбысты қолмен ұстап, реңктеп, сараптап шығарады. Құлаққа естілер-естілмес кідіріс осы үшін керек.

Әрине, Жанғалидың бағын асырған күй – «Назқоңыр». Бұл күйді Генерал Асқаровтан кейін ешкім тартпаған да сияқты. Күй, Сүгірдің аңызбен астас махаббат жайын баян етеді. Тектіден текті аралап Найман елінен айттырып алып келген аяулы жары, әйгілі күйші Мафруза бір жылдан соң көз тиіп өледі. «Назқоңыр»  – алғашқы күндердің қалың қайғысын, күйшінің, басын тау мен тасқа соғып, бойын өртеген қасіреттен, өкініштен «ах» ұрған қиямет  сәтін бейнелейді. Сондай-ақ бұл күйде, Сүгір алғашқылардың бірі болып, адамның жүрегіндегі тәубаны бейнелейтін әуенді ойлап тапқан, енгізген. Сонау төменгі сағаға барып, он екі мүшені талдырған, қайғыны судай іштірген күй жоғарғы сағаға қайтып келіп, кенет  аунап түсіп, алқоңыр әуенге ауысады. Осыншама қайғыдан келіп күйдің мажорға ауысуы әдетте, басталған бұраудан ауытқымайтын, сол бұраумен аяқталатын қазақ күйі үшін жаңа құбылыс, сырт құлаққа тіпті жағымсыз модуляция болып естілуі мүмкін. Бірақ құлағыңыз үйрене келе Сүгір күйінің биік парасатына бас ұрасыз. Мен Сүгірдің Абай  поэзиясымен қаншалықты таныс екенін білмеймін. Абай сүйікті ұлы Әбдірахман өлгенде қолын жүрегіне қойып жаратқан Иеге тағзым етіп:

– Дүниеде, сірә, сендей маған жар жоқ

Саған жар менен артық табылса да, – деген.

Осындай ұлы қайғыны жеңген, Алла Тағала қандай сынға салса да тәубасынан жаңылмаған хаким Абайды біз бір  мақаламызда Енжілдегі Аюп пайғамбарға теңеген едік. Сүгір Енжілден де бейхабар болуы мүмкін. Яғни, басына түскен қайғыны аяғына дейін өзі кешкен, тәубаға өз жолымен келген. Сол себепті мен Сүгірді шын мұсылман деймін.

Оның «Назқоңырмен» бастас, өзектес шыққан тағы бір күйі бар. Ол – «Қаратау шертпесінің» біз білмейтін нұсқасы. Біз бұл күйді неге «Назқоңырмен» өзектес дейміз? Себебі, тұрмыстық фактор мен психологиялық фактор бір-біріне қайшы келгенде соңғысы жеңеді. «Қаратау шертпесінің» біз айтып отырған нұсқасында «Назқоңырдан» қалған психологиялық күй ары қарай сабақталады. Әрине, мұнда да Сүгірдің қайғыға құлап кететін жерлері бар. Бірақ бұл күйде «Менің махаббатым осындай еді ғой» деген қоңыр күрсініс басым. Қайғыны аяғына дейін кешіп, құлазыған жалғыздықтан өткен қажырлы көңіл ақырсоңында осылай дамылдайды. Сүгірдің басынан кешкен асқақ сезімге арнаған осы екі күйі – ойымызша мұсылман әлемінің ең таңдаулы күйлері болып саналуы керек.

Генерал менен Жанғалидан кейін бұл күйлерді енді жастар тарта алар ма екен деген ой кей-кейде адамды мазалайды. Музыка тарихында орындаушылықтың асу бермес биік шыңы болып қалған мысалдар көп. Дина Нұрпейісовадан кейін Құрманғазының «Қайран шешем» күйін ешкім де олай тарта алмайды. Шәміл Әбілтаевтан кейін Құрманғазының «Ақбай» күйін ешкім де олай шала алмайды. Садуақас Балмағамбетовтың орындауындағы Қазанғаптың «Балжан қыз» күйі де ешкім ала алмайтын асу болып тұр. Сондай-ақ Генерал Асқаров пен Жанғалидың орындауындағы «Назқоңыр» және Жанғалидың орындауындағы «Қаратау шертпесінің» аталған нұсқасы да осындай, ешкім аса алмас биік сеңгір болып қалатын түрі бар.

Жанғали күйшінің енді бір қыры бар. Ол – Сүгірдің бұрын шертілмеген тың күйлерінің жеткізушісі және насихаттаушысы. Осы күнгі репертуарға кірген «Бес жорғаның» толық нұсқасы (аңызымен бес күй) тағы бірқатар күй – Жанғали жеткізген шығармалар.

Бүгінде республикадағы музыка өнері саласының ең үлкен бір проблемасы, нотаны сауатты жазу төңірегінде өрістеп отыр.

Бір күйдің өзі түрлі адамның қолынан түрлі нұсқа болып, оның сыртында нотада түрліше таңбаланып жатады. Көп жағдайда бұдан жапа шегетіндер-музыкалық жоғары оқу орындарының студенттері. Осы жайында бір сұрағанымда Жанғали күйші былай деген еді.

– Нота – күй өнерінің жазба  мәдениеті. Яғни, нота-әліпбидегі әріптер сияқты. Біз әріптер арқылы сөзді қалай таңбаласақ, нота арқылы музыканы да тура солай таңбалаймыз. Естігенін әріппен таңбалап бере алмайтын сауатсыз оқушылардың болатыны сияқты, құлаққа емес – тіпті көзге көрініп тұрған дыбысты нотаға түсіре алмайтын сауатсыз нота жазғыштар болады. Және оларға қой деп айта алмайсың, қойғыза алмайсың. Себебі, әрқайсысы өзін Стравинскийден кем көрмейді. Түсірген «ноталары» бойынша ойнаған музыканттардың ұятқа қалып жататындығында шаруасы жоқ. Сол себепті музыкалық оқу жүйесінде қаптаған қате нота, сол себепті қаптаған қате орындау. Ахмет Жұбановтың  кезіндегі жауапкершілік жоқ қазір.

Айта кету керек, Жанғали Жүзбаевтың шәкірттері орындаған күй нұсқалары, ең дұрыс  нұсқа болып есептеледі.

Республикадағы бірқатар айтулы күй бәйгесінің жюриінде отыруы да Жанғали күйшінің биік сауатынан болса керек.

Белгілі күйші, ұстаз, жарты мүшел кіші әріптес бауырыма, сөз соңында  абырой қонсын, өнерің өрісті болсын деп тілек тілеймін.

2009



http://www.otuken.kz/index.php/aboutmusictalas/74-2010-07-09-12-06-22

23Сүгір Әлиұлы Empty Re: Сүгір Әлиұлы Sun 22 Sep 2013 - 22:50

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Сүгір Әлиұлы 37107410

Sponsored content



Back to top  Message [Page 1 of 1]

Permissions in this forum:
You cannot reply to topics in this forum