Türk Ulus Budun
Would you like to react to this message? Create an account in a few clicks or log in to continue.

You are not connected. Please login or register

Қазақтың балалар фольклоры

Go to page : Previous  1, 2, 3

Go down  Message [Page 3 of 3]

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

отрывки из книги Карутца.

Қазақтың балалар фольклоры - Page 3 Baby210
Қазақтың балалар фольклоры - Page 3 Baby310
Қазақтың балалар фольклоры - Page 3 Baby410
Қазақтың балалар фольклоры - Page 3 Baby510
Қазақтың балалар фольклоры - Page 3 Baby610

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Қой баласы қоңырым
Қойдай жуас момыным
Шопан ата түлегі
Қошақаным қайдасың
Пұшайт, пұшайт!

Жауын жауса, бақырған,
Ешкі атасын шақырған.
Өрісте өткен жануар,
Шөкетайым қайдасың
Шөре, шөре!

Жолға шықсам, көлігім,
Жапанда жүрсем, серігім.
Қамбарата өсірген,
Құлыным менің, қайдасың?
Құрау, құрау!

Тілімен мұрнын жалаған,
Тілімен бойын тараған.
Зеңгібаба өсірген
Әукешім менің, қайдасың?
Аухау, аухау!

Екі көзі танадай,
Екі өркеші баладай,
Ойсылқара баласы,
Ботақаным, қайдасың?
Көс, көс!

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Қошақаны қойдың
Қайда қалып қойдың
Бұлтиып тұр бүйірің
Қай өрістен тойдың

Секең секең ей лақ
Жүрмін саған кейіп ақ
Тыным тапсаң болмай ма
Секірмей ақ кей уақ

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Илияс Жансүгіровтың балаларға арналған өлеңдері


Жазғы шілде

Ой, балалар, балалар!
Шілдем-шілдем, шілде айым.
Шырлап торғай күн сайын.
Шұбар ала шешектер,
Шудаланған көк шөптер,
Жапырақтар жалпайды.
Жас қозылар марқайды.
Ұшты көкек қуалай.
Сайда пісті таңқурай.
Құрт, ірімшік қайналды.
Құлындар да байланды.
Нәйім-нәйім бауырсақ.
Ағьн суға шомылсақ.
Ой, балалар, балалар.
Ойналық та, күлелік.
Үйретіп тай мінелік.


Жазғытұрым
Ой, балалар, балалар!
Жылы-жылы жел соқты,
Жылғалардан су ақты.
Қаңқыл-қаңқыл қаз кепті,
Жер қарайды: жаз кепті.
Желкілдейді көк майса.
Желіндейді мал жайса.
Ауыл көшті қыстаудан,
Әне, апамдар қой сауған,
Құс ұясын түзеді,
Тайымды ағам күзеді.
Ел ешкісін қырқыпты.
Егіндерін жыртьшты.
Ой, балалар, балалар.
Ойналык та күлелік,
Қос басына мінелік.


Оқу,білім
Оқу, білім -
жанған шырақ,
ойласаң.
Үйренерсің,
іздеп көрсең,
қоймасаң.
Қу өнерді,
бу беліңді,
жігер сал.
Пайда аларсың,
қаужанарсың,
тоймасаң.


Қыс
Жалп-жалп, жалп-жалп жауды қар.
Тон киіндік, тоңды мал.
Бұрқ-бұрқ, бұрқ-бұрқ боран бар,
Боран жоқта тұман бар.
Қызыл шұнақ қызыл бар.
Суда айна тас мүсін бар,
Қылаулатқан қырау бар.
Боғы қатқан бұзау бар.
Үйіп алған отын бар,
Қалтыраған қатын бар.
Бүрсеңдеген лақ бар,
Сүмендеген қонақ бар.
Қыздар қылған шұжық бар,
Қонақ айтар қызық бар.
Ай, балалар, балалар!
Күнде оқуға жүрелік,
Үйренелік, білелік.

Ұршық
(жеңгем сыры)
Сыртылдама, он саусақ,
Майдалап, мая түтілші.
Шыртылдама, шынашақ,
Шыр айналшы, шүйке ілші.
Оймышты ұшқат, ырғай сап,
Ұршығым, сені қолға алам.
Ұршығым ұшқыр нар тайлақ,
Жез бұйдалы, жел маям.
Жел маям, желші, нар тайлақ.
Тартына берме, тайтаңдап.
Тартына берсең, тайтаңдап,
Тақымдап қоям, қайта айдап.
Қыла ма жалқау жарлылық,
Қылмаса ділгер жүн азы.
Екілен, зырла енді, ұршық,
Иірейін биязы.


Жаз келді
Күн жылынып, қар да еріп дүрілдеп,
Сай-саладан сулар ағып, күрілдеп,
Ой мен қырда басқызбайды сар балшық.
Әлем-тапырық жердің беті іріңдеп.
Аспан жүзі ұшпалы бұлт сәуірдің
Жылы желі бетті сүйген тәуір күн.
Қыс қысылған көтерем мал жалғыздап,
Тұс-тұсынан шығып жатыр ауылдың.
Аунап-қунап ауасына сағынған,
Ызғар, суық ақ кебіннен арылған,
Ойдым-ойдым қара жерге көз ойнап,
Бәрі бірдей басын қойып жабылған.
Шаруалар да қуанышты күлімдеп
Ептеп өтті алты аяғы қыс күнім деп,
Балалар да лек-лек болып доп қуған,
Жалаң аяқ, жалаң бас жүр дірілдеп.
Мал да, адам да не бар жандық мәз болды,
Қатар түзеп, үйрек, аққу, қаз келді.
Жердің жүзін бейне ұжмақка теңейтін
Алақай, алақай-ау, жаз келді.



Last edited by Бипыл on Fri 27 Sep 2013 - 17:38; edited 2 times in total

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

"Ананың сүюі" Ы.Алтынсарин


Кім сендерді балалар сүйетұғын,

Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын.

Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,

Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.


Кім сендерді, балалар тербететін,

Еркелетіп, ойнатып,сергітетін?

Жалқау болсаң, балалар,жаман болсаң,

Қамқор анаң көз жасын көлдететін.


Кім сендерді сағынар шетке кетсең,

Ғылым іздеп, тез қайтпай,көпке кетсең.

Ұмытпа, ең кемінде жұлдыз сайын,

Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін.



Кім сағынар сендерді келгеніңше,

Құлындарын көзімен көргенінше?

Сендер қайтып келгенде адам болып,

Еш арманым болмас дер өле-өлгенше.

Sponsored content



Back to top  Message [Page 3 of 3]

Go to page : Previous  1, 2, 3

Permissions in this forum:
You cannot reply to topics in this forum