Türk Ulus Budun
Would you like to react to this message? Create an account in a few clicks or log in to continue.

You are not connected. Please login or register

Приметы и обряды тюрков

Go to page : 1, 2  Next

Go down  Message [Page 1 of 2]

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Статья Чеканинского И.А. Баксылык

http://epr.iphil.ru/faily-publikacii/ZSO_18_1929.pdf (стр.88)
или http://epr.iphil.ru/store/article234

по ссылке найдете "Записки Семипалатинского отдела общества изучения Казакстана" за 1929 год. Есть много и других инетерсных статей о казахах

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Казаки считали что самые несчастные дни недели это вторник и суббота. В эти дни не отправлялись в путь. Если приходилось тронуться в путь именно во вторник, то вечером понедельника, казак закапывал в нескольких шагах от своей юрты горсть соли в мешочке. А наутро когда собирался уезжать из аула, непременно раскапывал мешочек с солью и забирал с собой. считалось соль с понедельника несет "кут" понедельника, то есть счастливого дня. Так казаки обманывали неудачу Smile

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Когда настигала болезнь скота, то казаки считали что это кара божья за плохие дела и грехи. Поэтому никаких мер не предпринимали, даже боялись назвать название болезни, Называли между собой кемпір жалмауыз.
Кстати инфекционных болезней настигавших людей, казаки тоже изображали в виде уродливых старушек и верили что дети заболевают корью или краснухой из за того что во сне их целует дух злой уродливой старушки.

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Уважаемый форумчане, напишите какие приметы вы знаете.

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

ырымдар

Приметы и обряды тюрков 410

Приметы и обряды тюрков 510

Приметы и обряды тюрков 610

Приметы и обряды тюрков 710

Приметы и обряды тюрков 7_210

Кладут ножи, головной убор доставшийся от предков под подушку ребенка с тем чтобы эти предметы отгоняли злых духов, которые могут посетить ребенка когда тот спит.



Last edited by гулдерайым on Mon 15 Apr 2013 - 19:04; edited 2 times in total

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Приметы и обряды тюрков 910

Подобным образом разрывали на куски и одежду умершего человека

Приметы и обряды тюрков 1010

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Приметы и обряды тюрков 210

Еще казаки не дарят своим близким людям собак. есть поверье что эти люди могут впоследствии переругаться как собаки.

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Приметы и обряды тюрков 810

есть пословица:

Қазақ ырым етеді, ырым қырын кетеді Bounce

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

когда каркает ворона, казаки говорят: "к добру". Читала что у якутов такое же верование. Якуты считают ворону предвестником доброй вести.

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Адамның құлағы шуылдаса қазақ екі түрлі ырымға жатқызады.
Сол құлағы шуылдаса - өлімнің хабарына жориды. Жақын-туыс, ағайын - алаш, құда-жекжат, ауылдастардан біреу өлген екен деп ойлайды да, "оң құлағым, оң құлағым" деп үш рет айтады. "Жақсылыққа көріне гөр" деп, тілеу тілейді. Оң құлағы шуылдаса - қуанышты хабарға жориды. "Оңыңа бастай гөр" деп, оң құлағының түбін оң қолының бас бармағымен үш рет қағады. Онысы - жақсылық орнықты болсын дегені.
2. Дене мүшелерінің жыбырлауы да ырымның арқауы. Оң қабағы тартса "қуанамын, бір игі хабар естимін" деп, жақсылыққа бейімдейді. Ал сол қабақ тартса "бір жайсыз жағдай болар" деп іштей үрейленеді. Қабағына сілекей жағып: "Жамандықтан сақтай гөр!" деп тілейді.
Мүсәпірлерге садақа береді. Ерні тартса - жақсы дәм бұйырады, сарқыт жейміз деп ойлайды. Иық тартса - жаңа шапан немесе киіт киюге бағыттанды. Табан қышыса - алыс сапарға шығуға, жол жүруге ырымдайды. "Жолым оң, сәтті сапар болғай" деп тілейді. Тақым тартса - ат мінуге немесе үйленуге жориды. Алақан қышыса - ақша болады, байлық қонады деп нанады. Шеке тартса - басқа бақ қонады, мәртебе өседі деседі. Мұрын жыбырласа - иіскерлік көбейеді, той-томалақ, "ақ түйенің қарны жарылғандай сый-сияпат болады" деп қуанысады.
3. Қазақ тұзды бейберекет шашпайды. Себебі, барлық тағамның тұзсыз дәмі жоқ. "Астың иманы - түз" деп қарайды. Түз төгілсе - ырыс төгіледі, дәм шамданады, ас азаяды. Жерге төгілген түз еріп жоғалғанша сол жерге тұзды төккен адам тұздай ащы тұрмыс кешіреді деп ырымдайды.

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

5. Қарға қысты күні үйге қарап "қақ, қақ, қақ" десе, қар жауады, жазда жаңбыр жауады деп ырымдайды. Мұның ауылда той болатын жайға бейімделетін жағы да бар.
6. Әдетте бұта-бүрген, ши түбіне саритын ит үй іргесіне сарыса "құт құйды" деп ырымдалады. Қазақ ырымында ит опадар саналады. Жеті қазынаның біріне қосылады.
7. Ит аспанға қарап ұлыса - сол шаңырақ иесінің өліміне көрінеді, деп жаман ырымға жорылады. "Пәле өз басыңмен кетсін" деп итті қарғайды. Қуып жүріп ұрып өлтіреді. Қара жерді терең қазып көміп тастайды. Үстіне жеті адам қара тасты бастырады да, түкіріп безінеді. Онысы - иттің пәлесі өзімен бірге кетсін дегені.
8. Ит адамға опадар саналады. Малды күзетіп, ит-құстан қорғайды. Жаугершілік кезінде сақтыққа себін тигізеді, жаудың келіп қалғанын сездіреді. Осыған орай аңыз да бар. Мысық: "Күлден басқа бермеді, тозақ отына күйдір" деп, иесіне опасыздық істеді екен. Ал ит құйрығымен отқа су сеуіп, адамды тозақ азабынан құтқаруға ұмтылады деген сөз бар.
9. Күн күркіреп, нөсер жауып, найзағай жарқылдаса - үйдің іргесі отпен аласталады. Адамдар "бисмилла, бисмилла!" деп, тәубе қып, иман келтіреді. Қазақ ұғымында найзағай - алланың жын-сайтанға атқан оғы. Үй іргесін отпен аластаудың мәні - құдай тағала даладағы жын-сайтанды атқылағанда, олар қашып келіп үйдің іргесіне тығылмасын дегені. Сондықтан оларды отпен қорқытып қуу керек. Іргені отпен аластамаса үйге жасын түсуі ықтимал. Адамдардың сол пәледен шошып, зәре-құттары қалмайды.
10. Қазанды есік жаққа қаратып қисайта аспайды. Ол құласа: "Несібе төгіледі, ырыс шайқалады, ас азайып, дән далаға қашады.
Отқа төгіліп, дән күйеді. Күл астында қалады. Қазан шайқалса - ырыс шамданады" деп ырымдайды.
11. Шәугімнің шүмегін ошақтың аузына қаратып аспайды. Шай тасыса - отқа тұз құйылып, күйеді. Тұз күйсе - үйдегі қыз ащы азам арқалайды деп ырымдалады. "Тұз - астың иманы, қыз - үйдің көркі". Дәм-тұз ауыспақ қыздан. Тұз шамданса - қыз шамданады. Дәм-тұз атқан адам өмір бойы оңбайды деп, сол ырымға нанады.
12. Үйге кірген жыланды өлтірмейді. Басына ақ тамызып шығарып жібереді. Себебі, кейбір кездерде періштелер жылан бейнесіне кіріп, жер бетін шарлайды екен. Жыланды сол періште болар деп ойлайды. Ал даладан жылан көрсе - қуып жүріп өлтіреді. Себебі, оны қастық жасайтын қара бас, шұбар төс дұшпан деп қаралайды.

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Жайшылықта мініс атының жал-құйрығы күзелмейді. Себебі, ат иесі өлсе - оның мініс аты тұлданып, жал-құйрығы күзеледі, қаралы күйге келтіріледі. Сондықтан жайшылықтағы мініс ат сондай күйде көрінбесін дегені.
15. Ауылдан атқа мініп аттанғанда артынан ит ере шықса, қуалап зорлықпен кері қайтармайды. Өйткені, ит иесіне опадар. Мүмкін, жолы болар, сапары оң болар деп, жақсылыққа жориды.
16. Жүкті әйел шашын кеспейді. Өйткені, мұндай қылықтан бақ таяды, іштегі баланың бақыты сөнеді, кемтар туылады, қол-аяғы қысқа болады деп ырымдалады.
17. Қазақ қыз баланы қорламайды. Қыз - ару, болашақ ана. Ұрпақ қыз арқылы өрбиді. "Қыздың жолы жіңішке", "Қыз назы қырық кісіні мас қылады", "Қыз - жат жұрттық" деп әлпештейді. "Қыздың қабағында құт бар. Қыз қабағы - күрең тартса - ел жұтқа шалдығады. Қыздың қабағы күлімдесе - құт қонады. Қызды қорлаған қызыл шақасынан айырылады. Қыздың жолы қырық кісінің жолын бөгейді. Қызды жылатқанның қырсығы қырық есекке жүк болады" деп ырымдап, қыз баланы адамның бақытына балайды.

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Қонақ боп барған үйінде қызды төрге отырғызады. Себебі, "қызда қырық көліктік бақыт бар". Төрде отырса сол бақыттың жұғыны қыз отырған төрде қалады. "Қызда қырық қырсық та бар". Босағада отырса - сол қырсық сол үйде қалады. "Қызда оттай ыстық мейір бар". Төрде отырса - сол мейір сол үйге бағышталады. "Қызда мұздай суық ызғар да бар". Есік жақта отырса сол ызғар сол үйді шалады. "Қызда қырық періште бар". Төрде отырса, сол періштелер сол үйге қонады. "Қызда қырық сайтан да бар". Есік жақта отырса, сайтандар сол үйде қалады. Осындай ырымдардың салқынынан қалтырап, ыстығына қуанады. "Қазақ ырым етеді, ырымы қырын кетеді" дейтін мәтел осындай ырымдардың жемісі болар.

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Соғымға сойылған малдың сүйегін далаға шашып тастамайды. Таза жерде сақталады. Себебі, соғым сүйегінде астың құты тұрады. Соғымға да малдың қасиеттісін, семізін сояды. Сүйекті далаға шашып тастаса, қорадағы малға ит-құс шауып, тыным бермейді. Мал ақ сүйек жұтқа, апатқа ұшырайды деп ырымдалады. Қыстай жиналған сүйек-саяқ жазғытұрым қайнатылып, майы алынады. Сонан соң сүйектер оң жақ босағаға терең қазылып көміледі. Онысы келесі жылғы соғымға дейін жұрт қуармасын, босаға майлы болсын деген ырымы.
20. Таңертең ас үстіне келген адам астан ауыз тиюге тиіс. Себебі, "Таңертеңгі асты тастама", "Таңертеңгі асты тастасаң - ұжымың сені тастайды" деген тәмсіл бар. Сондықтан таңертеңгі ас үстіне келген адам жақсылық үшін астан ауыз тиіп аттанады. Адам жастан үлкен болса да, астан үлкен емес. "Ас - адамның арқауы". Таңертеңгі ас бір күндік өмірдің бастамасы. Таңертеңгі асты тастамай, көңілді отырып ішсе, сол күнгі жұмысың да оңға басады деп жорылады

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Жол үстінде келе жатқан жолаушыдан: "Қайда барасың?" - деп сұрамайды. Қайта "Жол болсын!" деп, ақ жол тілейді. Себебі, жолаушы барар бағытын құпия ұстайды. Қаскөй біреулер біліп қалып, соңыма түседі, жолымды ториды, сайтан соңымнан ереді деп, жаман ырымға балайды.

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Үйден шығып бара жатқан адамнан қашан келесің деп сұрамайды. Сұраса жолы болмай қалып, бара жатқан ісі бітпей қалады деген сенім бар

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Өрісте жайылып жүрген малдың не қоралы қойдың ортасын қақ жарып өтпейді. Себебі, үйірлі малдың ішінде Қызыр пайғамбар жүреді. Малдың оттай ыстық көрінуі содан деп ырымдайды. "Малды ауылда құт бар", "Мал бар жерде жан бар", "Қойдың сүті қорғасын, қойды қырған оңбасын" деген мақалдар да бар. Қоралы қойдың ортасын жарып өтсе - Қызыр шамданады, мал екіге бөлінеді. Ортасынан айырылады, шығынға ұшырайды. "Қой Меккеден шыққан" дейтін ырымдармен байланысты болуы ықтимал

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Үйге кіріп келе жатқан қонақ оқыстан сүрініп кетсе, үй иесі марқаяды және төрінен сыйлы орын ұсынады. Үйге аяқ астынан байлық толады, бақ қонады, үй сәулетті тігіліп, қонақ абыройының басы деп ырымдалады

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Шапан-шалбарды, аяқ-киімдерді кигенде әуелі бисмилла деп, оң қолдан, оң аяқтан бастау керек. Шешкенде сол аяқ, сол қолдан бастайды. Қазақ бақыт ылғи оң жақтан келеді деп иланады. Сондықтан оңның тілеуі мол Оң сапар бер, ісімді ондай гөр, оң болса екен, оң жағыңа алтын тіреу орнасын деген секілді тілектер осындай ырымдармен тамырлас болуы мүмкін.

Қазақ асты оң қолымен алып жейді. Сол қолымен алғанды ерсі көреді. Оң қолмен тамақ жеу, оң қолмен амандасу, есіктен оң аяқпен кіріп, оң аяқпен шығу - осының бәрі ісім оң болсын, оңға бассын, оңға бастасын деген ақ ниеттің ырымы.

Жайшылықта ер кісілердің жүресінен отыруы - жаман ырымға жатады. Бұл қаралы күйлі, өлім-жітім жағдайын еске түсіретін құбылыс. Қайғылы ерлер, серігінен айырылған кісілер осылай қара тұтып отырады. Сондықтан жайшылықта ер адамдар құйрығын жерге басып, жайраң қағып отыруға тиіс. Ал әйел адамдардың жүрелеп отыруы - жақсы ырым. Әйелдердің биязы түрмен ибалы бейнеде жүрелеп отыруы - ерлерге, үлкен кісілерге көрсеткен құрметі есептеледі. Ерлер жүрелесе - ауылға катер төнеді, әйелдер жүрелесе - ауылға иба кіреді деп жориды.

Еркек те, әйел де, бала-шаға да сыртқы киімдерін желбегей жамылып жүрмей, жеңін киіп жүруі керек. Себебі, аруақтар ғана жеңсіз кебінін желбегей жамылып, үйге кіреді деп, үрейлі ырымға жатқызады. Екі қолы жоқ кемтар, мүгедек адамдар да сондай кейіпте болады деп, жаман ырымға жатқызады.

Екі қолды артқа ұстап жүрудің де жосыны теріс. Себебі, бұл қолы артына байланған тұтқын пендені еске түсіреді. Сол сияқты бүйір таяну да жаман ырым. Өйткені, жұбайынан айрылған қаралы әйел немесе талақ етілген әйелдер ғана бүйірін таянып, аһылап-үһілеп қайғы шегеді. Жайшылықта мұндай қылық көрсеткендерді жұрт ұнатпайды.

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Түн ішінде қорадағы малды санамайды. Қандай жақын адамы болса да түн ішінде қорадан мал ұстап бермейді. Өйткені, қой жусап жатқан қорада бақ та жатады. Қораның бейқамдығы ыдыраса малдың тыныштығы бұзылады. Малдың күйі бұзылса - төл азайып,саны кемиді. Түн ішінде мал берсе - сол малмен бірге малдың құты да, сол үйдің байлығы де кетеді деп жорылады.

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Қазақ мініс атын сатқанда немесе ағайын-туысына сыйға бергенде ноқтасы мен жүгенін алып қалады. Себебі, малдың құты, бағы басында деп жорылады. Басына пайдаланған, басын байлаған ноқта мен жүгенде құттың да демі бар. Бұл мүліктер атпен қоса берілсе - үйдің бүкіл байлығы, бағы еріп кетеді деп ырымдалады. Сондықтан алып қалған ноқта мен жүгенді үйдің оң жақ босағасына іліп қойып, үнемі майлап, баптап ұстайды.

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Қыстаудан жайлауға алғаш көшкен кезде бірінші күні көп ұзамай, жол бойына ерулейді. Себебі, арттағы жұрт бірден иесіз қалмасын, жұрынсыз болмасын, бақыт сақтаған орта шамданбасын, жұрт қуарып қалса, жаңа жұртқа барғанда бақ көне жұртқа қарай алаңдамасын деп ырымдалғаны. Келесі күні әрі қарай көшерде жолдың екі жағына от жағып, сол оттың ортасынан жүк артылған көліктерді өткізеді. Мұнысы - көне жұрттағы әжыналар көшке ілеспей, адасып қалсын дегені. Жаңа қоныста жаңаша өмір сүрсек деген ырымның жоралғысы.

Жазғытұрым мал төлдеген кезде бірінші сауыннан алынған иіндіні асқа қолданбайды. Майды да жемейді. Маймен есіктің жақтауы, маңдайша, қазан-ошақтың құлағы мен сирағы майланады. Себебі, ақ мол болсын, індет шалмасын, сауар көбейсін, ақ пен бақ қонсын, мал басы артсын деген ниеттен туған ырымның жоралғысы.

Жолаушылап келе жатқан адам бір үйге сусын ішуге түспек болса, сол үйдің есігіне тура беттеп келіп аттан түспейді. Оң жағынан түседі әрі үйді айналмайды. Себебі, жау үйіңнің жай-күйіне қарамайды, өлімнің суық хабарын естірткелі келген адам да күй таңдамай үйге кіреді. Сондықтан жолаушының жүрісі жаман ырымға ұқсамасын дегені. Дос, туыстар оң жол, оң тілеумен келіп, оң аяқпен үйге кіреді.

Қазақ салты бойынша түнде сыпырынды төкпейді, үй сыпырмайды. Сыпыра қалғанда: "Үйге бүйі кіріп кетті" дегенді айтып барып сыпырады. Себебі, сыпырынды жатқан жерге жын жиналады. Түнде сыпырындының ласы денеге шашыраса, адамға жын жабысады да, жазылмайтын науқасқа тап болады деп ырымдалады. Түнде үй сыпырмайтыны - сыпыртқының ұшына жын жабысады. Төсек салатын орынға жын орнығып алса, адам төсегінен суынып, ұшынады деп жорылады.

Аң аулауға алғаш шыққан адам тұңғыш олжасын біреуге сыйламайды. Онда қанжыға қурап, құр қалады, қанды болмайды, жол болмайды.Бақ пен несібе басқаға кетеді деп ырымдалады. Ал келесі саятта олжасын дос-жаран, туған-туыстарына сайлауға болады. Мұның мәнісі - әр қандай істің бастамасы өзімнен болады. Жақсылығы да, жамандығы да басқаға көшпесін деген ниеттен туған ырым. Мұның түп төркіні - дүниеқұмарлық емес, жақын кісілері сол олжадан бақытсыздыққа ұшырамаса екен деген тілектің нышаны...

Алыс сапарға шыққанда жолға сары май, тұз алып шықпайды. Оның мәнісі - жолым сарғайып, зарықтырмасын, тұздай ащы азап тартпайтын деген ниетті бейнелегені.

Жаңа түскен келін өзінің киім-кешегін албаты қысқарта бермейді. Өйткені, бұлай еткенде дүниеге келетін нәресте кем туылады немесе түсік болып түсіп қалады деп ырымдайды.

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Егіннің тұқымы үшін біреу қарызға дән сұраса, ренжімей берілуге тиіс. Өйткені, дәнді адам емес, қара жер тілеп жатыр деп ырымдалады. Тіпті, түк жоқ деген күнде де бір уыс дән ұстатады. «Егін әлей болсын!» деген тілек айтып, қарыз сұраушыны жылы шыраймен шығарып салады. Мұнысы - үйден дән арылмасын, дән тасып, елдің қажетін өтесін дегені.

Қырманға астық бастырар алдында егінші Дихан атаны еске алады да, бір шайнам дәнді аузына салып: "Дән дәмді болсын, ішер көбейсін" деген тілек айтып барып іске кіріседі. Мұнысы - қырмандағы дән шашылмасын, алдымен өзіміз ауыз тиелік, басқаға жем боп кетпесін дегені.

Жаңа туған ботаның құйрығының ұшы кесіліп тасталады. Себебі, бота тез марқайсын, тез аяқтансын деген ниет. Ботаның құйрығына тас жабысып туады, сол тасты алып тастаса, бота тез марқаяды деп иланады.

Бие саууға қолданатын көнек пен үйдегі сабаны төңкермейді. Түбін қолмен немесе таяқпен қағып ұрмайды. Бұлай істегенде көнек пен саба түбіндегі құт ұшады, ақ тартылады, ырыс шайқалады деп ырымдалады.

Асқа, тойға арнайы әкелінген қымыз толы сабаны түгел сарықпайды. Түбінде азғантай болса да сарқыт қалуға тиіс. Себебі, саба кеуіп, семіп қалмасын, саба кепсе, малдың желіні семіп, сүті тартылады, құт-береке кетеді, сарқыт ішер жан қалмайды деп ырымдаған.

Қазақ құда-жекжатына, туыс-туғанына, дос-жаранына ит бермейді. Себебі, "Иттей ырылдасып қалмайық", "Ит ырылдаса береке бұзылады", "Құдалық, достық, туыстық баянды болмайды" деп ырымдалады. "Құда мың жылдық" деп татулықты тілейді.

Бесікті бейуақытта сыртқа шығармайды. Нәрестені алты айдан асқанша үйде жалғыз қалдырмайды. Өйткені, қараңғылық пен жарық жер бетінде таласып тұрған кезде Бақ пен Сор да тез алмасады. Перілер мен жын соғысып жатады дейді. Осы кезде ұйықтауға да болмайды. Бейуақтың күнәсі жабысады деп ырымдайды. Кіндігі қатпаған сәби осы мезгілде үйде жалғыз қалса, шошынады, перілер баланы алып кетіп, орнына өздерінің ақыл-есі дұрыс емес баласын тастап кетеді деп жориды. Кейде баланың ұрық безі бұзылып, рухынан айырылады, сондықтан қасынан адам үзілмеген жақсы деп иландырады.

Ұзақ жолдың азабын тартып келген жолаушыны жаңа босанған әйелдің үстіне кіргізбейді. Ол өте жақын туыс болса ғана біраз демалғаннан кейін беті-қолын жуып, сыртқы киімдерін шешіп, жеңілденген соң барып кіруге тиіс. Өйткені, жол азабын тартқан адамның түсі сұсты, қабағы қатыңқы болады. Өмір есігін жаңа ашып, көзі мөлдіреп жатқан сәби мен сай-сүйегі босап, әлсіреп жатқан ана шошып қалмасын, секемденбесін, сырттан кірген кісіге ілесіп келіп, жын жабыспасын деп ырымдаған.

Бос бесікті тербетпейді. Баласы өліп, бағы сөніп, өзегі өртенген, содан есалаң күйге ұшыраған әйел ғана солай істейді. Сондай жамандық болмасын деген ырымы.

Нәрестенің еңбегін баспайды. Өйткені, баланың бақыты еңбегінде болады. Нәрестенің былқылдап тұрған еңбегін басса - миы зақымданады. Өміріне қатер төнеді деп жориды.

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Бесікке қолданып жүрген түбекті, шүмекті төңкермейді. Себебі, түбек пен шүмек нәрестенің рақаты үшін жасалған мүліктер. Оны төңкеріп қойса, ішіне кір жабысады, от басына қойса қурап семеді, сондықтан таза жуып, күн көзіне қақтау керек, әйтпесе бала қуығы тұтылып ауырады деп ырымдалады.

Баланың ит жейдесін далаға тастамайды, біреуге бермейді. Себебі, нәрестенің бақыты сол жейдені киген күннен басталады, сол жейде сол бақытты сақтайды деп жориды. Әуелі, бұрынғы заманда дауға барған адамдар, жауға шапқан батырлар баласының ит жейдесін қойнына тығып ала жүрген. Себебі, сол жейде қауіп-қатерден, пәле-жаладан сақтайды деп ырымдаған.

Қыдырып келген жас баланы үйден құр қол шығармайды. Өйткені сәбидің меселі қайтпасын, көңілі қалмасын, жүрегі суымасын, келер бақытының беті қайтпасын, үйде оттай ыстық ықыласы қалсын деп ырымдаған. Егер сәби суық жүз көріп, кейіген кейіппен шығып кетсе, бүл шаңырақтан бақ, төрден бақыт, дәннен ырыс кетеді деп ырымдалады. "Адам ұрпағымен мың жасайды" деген мәтел осындайдан пайда болған шығар.

Көне бұйымдар мен заттарды жаңғыртып жонбайды. Бұлай істегенде беті жабулы тұрған пәле мен дау қайта қозады деп ырымдайды.

Мал төлдеп жатқанда басқа біреуге мал сыйламайды. Төлді біреуге атамайды және сатпайды. Бұлай істесе Шопан ата шамданады, шамырқанады. Жаңа туған төл қырық күн өткенше иіссіз болады. Сондықтан бақ пен байлық басқаға ауысады, мал шығынға ұшырап, індет жайлайды, қора бос қалады деп ырымдалады.

Алғашқы некеге пайдаланылған бұйымдар бұзылмайды, той киімдері сөгілмейді. Себебі, бұлай етсе, тату неке бұзылады не адам өледі, көңіл жыртылады, араға суық түседі, ыстық құшақ суиды. От жүректе тұтап, өрт кеудеде лапылдап тұрған махаббат сезімі өшеді, әуелі адамдар бір-бірімен жауласады, бітпес дау басталады деп ырымдалады.

Асқа, тойға, мереке-мейрамға бағышталып сойылған малдың еті сол үйдің адамдары ауыз тимей тұрып, басқаларға берілмейді. Қанын итке иіскетпей көміп тастайды. Бұл - жақсы тілеу басқаға аумасын, он тілек ит-құсқа жем болмасын дегені. Сондықтан мұндай кезде ылғи да нысаналы мал сойылады. Дені сау көк қасқа тай, ақ сары бас қой, атан түйе, атан өгіз, ту бие секілді. Сондай мал сойылған соң қасиеті кетпесін дегені.

Сауысқан үйдің төбесіне қонып немесе үйге қарап шықылықтаса - үйге қонақ келудің нысаны. Алыстан жолаушы келеді, жолаушылар аман-есен оралады деп ырымдайды... "Әлей-әлей, ақ сөйлей гөр!" деп тілек айтады.

Дастарқан басында, ас алдында, тамақтанып отырғанда сырттан сәлем беріп кірген кісінің қолын алмайды. Бас изеп, асқа кел деп шақырады. Жуылмаған қолды астан артық көру - адамдық қасиетке жатпайды. Астан аттауға болмайды. Майлы ас жеп отырып, қолды сілікпейді. Бұлай істегенде ас сілкінеді, дәм-тұз ағады деп ұйғарылады.

Әйел толғатқанда үй ішінде ілулі тұрған заттардың бәрі алынып тасталады. Сандықтардың аузын ашып қояды. Осылай істелсе - толғақ жеңіл болады, жолдың бәрі ашық, ақ ниетпен тілеу тілеп тұр деп ырымдалады.

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Үйге кіргізілген отынды қайта сыртқа шығармайды. Олай еткенде сол үйдің оты сөнеді, отағасы өледі деп ырымдалады.

Түн ішінде сандық ашпайды. Бұлай істесе отағасы өледі деп жамандыққа жорылады. Сандықты амалсыз ашуға тура келсе: "Сандыққа жылан кіріп кетті" деп барып ашады. Аузын жабарда: "Жылан сыртқа шықты" деп жабады. Онысы - суық қол ұрылар түн ішінде сандық ашып, жамандық жасамасын дегені. Оның қолын түсі суық жыланға балап салып, жыланға балап сыртқа шығарғаны.

Қазақтың келіндері асықты жіліктің асығы бар басындағы сіңірді мүжімейді. Онда толғағы ащы болады, қатты қиналады деп ырымдалады. Әйелдің толғағы қатты болса, бураның қураған бас сүйегін ақ байлап төрге іліп қояды. Мұнысы - жын-шайтан бурадан қорқып қашады дегені.

Жаңа босанған әйел үйге кірген итке шық демейді. Бұлай істесе - әйелдің тісі түсіп қалады, бойынан қайраты жойылады деп ырымдалады.

Әйелдер ошақтың үш бұғанынан асырып отын үймейді. Олай болғанда күйеуінің көңілі басқа әйелге ауып кетеді деп ырымдалады.

Екі қабат әйел керулі тұрған және шұбатылып жатқан арқаннан аттамайды. Бұлай істесе - босанған кезде баланың кіндігі мойнына оралып, өміріне қауіп төнеді деп ырымдалады.

Әкесі бар бала қолын төбесіне қойып, төр алдында шалқасынан жатпайды. Бұлай істесе - әкесіне наразы болып, өлім тілеп, зауал әкелгелі жатар деген жаман ырымға жорылады.

Киіз үйдің есігін үйдің үстіне қарай лақтыруға болмайды. Есіктен Бак пен Бақыт та, Сор мен Қайғы да кіреді. Есікте кие болады. Лақтырғанда сол кие шамырқанады. Жау шапқанда ғана есікті үйдің үстіне түре лақтырып, жауға құқай көрсетіледі. Жайшылықта есікті лақтырмау - сондай жаман әрекет болмасын дегені.

Екі қолды төбеге қоймайды. Жамандық істен қолға түскен тұтқындар ғана ант-су ішкенде екі қолын төбесіне қойып, жүресінен отырады. Сондай жамандық көрінбесін дегені.

Есіктің босағасын екі қолмен керіп тұрмайды. Табалдырықты баспайды. Маңдайшаға артылмайды. Өлім шыққан, жау шапқан, қаралы күнге ұшыраған үйлерде ғана сондай көріністер болады. Сондай жаман ырымды істеуге тыйым салынады.

Үйде отырған қонақты саусақпен санамайды. Оның ішінде ақ сақалды қариялар да отыруы мүмкін. Малды және қолға түскен тұтқынды ғана саусақты шошайтып санайды. Ал үйден отырған кісілерге бұлай істеу - әдепсіздік саналады. Қонақтар шамданады. Тіпті, қариялар адам өледі деп те ырымдайды.

Қазақ отқа түкірмейді. Отқа, шалаға су құймайды. Отқа су құйса - пырылдап, үй ішін күл басады. Күл басса - нас басады. От киесі қашады. Оттай ыстық жалын суиды. Құштарлық сөнеді. Адам өледі. "От бар жерде - жан бар". От - тірліктің негізі. Отқа су құю - жамандықтың нышаны

Sponsored content



Back to top  Message [Page 1 of 2]

Go to page : 1, 2  Next

Permissions in this forum:
You cannot reply to topics in this forum