Türk Ulus Budun
Would you like to react to this message? Create an account in a few clicks or log in to continue.

You are not connected. Please login or register

Қазақтың балалар фольклоры

Go to page : 1, 2, 3  Next

Go down  Message [Page 1 of 3]

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Қошақаным

Самая популярная у казахских детей песня. Не совсем фольклор, но все же уже никто не помнит кто являются ее авторами

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Әй Әй бөпем

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Көк тайым

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Считалка для совсем маленьких

уыр-қуыр, қуырмаш!
Тауықтарға бидай шаш!
Бас бармақ,
Балаң үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек,
Кішкентай бөбек!

Сен тұр – қозыңа бар!
Сен тұр – қойыңа бар!
Сен тұр – жалқыңа бар!
Сен тұр – сиырыңа бар!
Сен – қария,
Қазан түбін жалап,
Үйде жат!
Мына жерде құрт бар,
Мына жерде май бар….
Қытық! Қытық!



Last edited by Бипыл on Mon 23 Sep 2013 - 20:18; edited 1 time in total

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Әлди

әлди-әлди, ак бопем,
Ак бесiкке жат, бопем,
Жылама, бопем, жылама,
Жiлiк шағып берейiн.
Байкутаннын куйрығын
Жiпке тағып берейiн.

Ай, бопешiм кайда екен?
Аскар-аскар тауда екен.
Тауда неғып жур екен?
Алма терiп жур екен.
Алмасынан канеки?
Жаңа терiп жур екен.

Менiн тәттiм кайда екен?
қыздарменен тойда екен.
Тойда болса, отырсын,
қолына жүзiк толтырсын.

әлди, балам, ақ балам,
Ақ бесiкке жат, балам,
Айналайын көзiңнен,
Атасына нақ балам.

Айналайын, шырағым,
Колге бiткен кұрағым,
Жағамдағы кұндызым,
Ауадағы жұлдызым.

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Бақ-бақ
Бақ-бақ,
Ашамайдың құлағын
Шақ! Шақ!
Жақсы бала –
Аппақ!
Жаман бала -
Сатпақ!

Бауырсақ
Нәйім-нәйім, бауырсақ!
Ағын суға шомылсақ!
Жаман бала – ойынсақ!
Жақсы бала - малсақ!

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Бақа
Бақа, бақа балпақ,
Басың неге жалпақ
Темір қалпақ көп киіп
Басым содан жалпақ

Бақа, бақа балпақ,
Көзің неге тостақ?
Көріңгенге көп қарап
Көзім содан тостақ.

Бақа, бақа балпақ,
Бұтың неге талтақ?
Су бетінде көп жүзіп
Бұтым содан талтақ.

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Мысық пен тышқан
Пеш түбінде мысық отыр,
Аздап көзін қысып отыр.
Тышқанды аулаймын деп
Оның тісі қышып отыр.

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Аю отыр партада
Екі колы калтада
"А" дейди, "Б" дейді
"Р"-га тілі келмейді.


немесе

Аю отыр пардата
Екі қолы қалтада
Апай сабақ сұраса
Ұйықтап қалыпты, масқара

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

считалка на выбывание

Алма кетти домалап
Коше бойын жагалап
Ким алманы табады
Сол ойыннан шыгады.

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Торғай-торғай, торғайсың
Жақын келіп, қонбайсың?
Жем шашайын, тойып ал
Торғай, онда тоңбайсың.

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Қояным тұршы,
Бетіңді жушы,
Шашынды тарашы,
Айнаға қарашы.

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Әлди әлди бөпешим
Әлпештейін көкешим
Тербетейін жатагой
Тәтти уйкыга бата ғой.

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Айналайын баладан
Тауып алдым даладан
Далада бала жата ма
Түсіп қалған ғой шанадан

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

бес саусақ туралы халықтың аңыз.
Ең алғашқыда саусақтар бірдей болып жаратылыпты. Бастары бір қосылғанда бас бармақ басқаларға қарап:

- Ұрлық жасаймыз ба? - депті.

Сұқ саусақ оның сөзін қолдап, - Жасасақ жасайық - депті

Ортан саусақ:

Құдайдан қорықпайсыңдар ма? - депті.

Аты жоқ саусақ:

Құдай не қылар дейсің? - депті.


Сонда шынашақ: - Алайық та қашайық, ұрлайық та сояйық - деп шыдамсызданады.

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Бес саусақ

Бас бармағым бауға барды,

Сұқ саусағым суға барды,

Ортан саусақ орақ орып,

Аты жоғым ағаш жарды.

Жұмсамапты алақаным

Тек шынашақ балапанын

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan


Сал-сал Бiлек, сал Бiлек,
Балдан таттi бал Бiлек,
Мектепке бар бiр мезгiл,
әжеңнiң тiлiн ал, Бiлек.

Сал-сал Бiлек, сал Бiлек,
Сабағыңа бар Бiлек.
Кыдыра берме қалтиып,
Етегiңмен кар күреп.

Сал-сал Бiлек, сал Бiлек,
Сұлу талдай тал Бiлек,
Оқу оқып бiр аскан
ғалым болып қал, Бiлек
(М.Жумабаев)



Last edited by Бипыл on Tue 24 Sep 2013 - 20:07; edited 1 time in total

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Балалар, балалар,
Айдың көңілі жай болсын
Балалардың мінгені.
Жорға-жорға тай болсын.
Қырдан берсін, ойдан берсін,
Қызыл шұнақ қойдан берсін!

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Әлди, әлди, ақ бөпем,

Ақ бесікке жат бөпем.

Айран, тәтті, балқаймақ,

Қасықтап дәмін тат бөпем.

Әлди, әлди, абайын,

Атқа тоқым жабайын,

Сенің шешең қыдырма,

Қайдан іздеп табайын

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Бесікті аластау жыры

Алас, алас, баладан алас,

Алас, алас, пәледен алас.

Көзі жаманның көзінен алас,

Тілі жаманның тілінен алас.

Қырық қабырғасынан алас,

Отыз омыртқасынан алас.

Алас, алас, аласы,

Келді міне баласы.

Көш, көш, пәлесі,

Келді міне егесі.

Аталарың ақырса, одан қорықпа,

Аналарың, ағаларың шақырса,

Онан қорықпа.

Ойнақтаған лақтан қорықпа,

Сылдыраған бұлақтан қорықпа.

Тулаған тайдан,

Қуалаған ботадан қорықпа,

Маң төбеттей ұйқылы бол,

Түлкінің күшігіндей күлкілі бол,

Алас, алас, аласы,

Келді міне баласы.



Last edited by Бипыл on Tue 24 Sep 2013 - 20:05; edited 1 time in total

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Нәрестені шомылдырғанда айтатын жыр

Өс-өс, балам, өсе бер,

Батыр бол – балуан білекті.

Батыл бол таймас жүректі.

Аяғыңды созайын,

Саусағыңды жазайын,

Етті болсын балтырың,

Епті боп өс жарқыным.

Тау, тау, тау


Баланы маймен сылайтындағы жыр

Сыламақ менен,

Қатып қалмақ сенен.

Менің қолым емес,

Бибі Батима, бибі Зухыра қолы!

Ұмай ана, Қамбар ана қолы,

Тастай қыл,

Темірдей қыл,

Сүттей ақ қыл!

Дерт үйге кірмесін,

Балаға тіл тимесін!



Last edited by Бипыл on Tue 24 Sep 2013 - 20:04; edited 1 time in total

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Бала алғаш отырғанда мына жыр айтылады :

Отырсын, бөпем, отырсын.

Құшағын гүлге толтырсын.

Бөпем менің қайда екен,

Қыздарменен тойда екен,

Тойда болса отырсын,

Қолына жүзік толтырсын!



Last edited by Бипыл on Tue 24 Sep 2013 - 20:03; edited 1 time in total

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Әлди, әлди, ақ бөпем,

Ақ бесікке жат бөпем.

Жыла ма, бөпем, жыла ма,

Жілік шағып берейін,

Байқұтанның құйрығын,

Жібек тағып берейін.

Әлди, әлди, бөпешім,

Қозы жүні кепешің.

Жұрт сүймесе сүймесін,

Өзім сүйген бөпешім!

Әлди, әлди, ақ бөпем,

Ақ бесікке жат бөпем.

Қонақ келсе қой бөпем,

Қой тоқтысын сой бөпем,

Құйрығына той бөпем!

Әлди, әлди, ақ бөпем,

Ақ бесікке жат бөпем.

Айыр қалпақ киініп,

Ақырып жауға тиісіп,

Батыр болар ма екенсің?!

Бармақтарың майысып,

Түрлі ою ойысып,

Шебер бола ма екенсің?!

Таңдайларың тақылдап,

Сөйлегенде сөз бермей,

Шешен болар ма екенсің?!

Егескенді жығатын,

Айланы жақсы ұғатын,

Балуан болар ма екенсің?!

Қылған ісің оң болып,

Кигенің жақсы тон болып,

Адал болар ма екенсің?!

Бал қайнатып, шай ішкен,

Қазы кертіп, жал жеген,

Асты болар ма екенсің?!

Әлди, балам, ақ балам,

Ақ бесікке жат балам,

Қаз-қаз аяқ басарсың.

Сүтке суды қосарсың.

Тал шыбықтан ат мініп,

Ағаштан садақ асарсың.

Жыла ма, балам, жыла ма,

Тәтеңді сен қина ма?!

Бесік жырын анаңның,

Кішкенеден жаттай бер,

Тәй-тәй басып, өмірге,

Басып табан аттай бер!

Әлди бөпем, әлди-ай,

Әлди, бөпем, әлди-ай!

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

Жаңылтпаштар

1. Атам томағаламаған бүркітті,

Мен томағаламағанда,

Кім томағалайды.


2.Арқада алты арқар бар,

Қырқада қырық арқар бар.

Қырық арқарда қарт арқар бар,

Алты арқада марқа арқар бар.



3.Дегенде, ай Тайқарбай, ай Тайқарбай,

Қойыңды ақ жусанға жай тайқарбай.

Тайқарбай, Майқарбайлар толып жатыр,

Әй, Тайқарбай дегенің қай Тайқарбай.


4.Айыр атанды жүк қартайтар,

Семіз қойды май қартайтар.

Күйгелек менің атамды,

Жас қартайтпас, ой қартайтар.



5.Торта қойдым,

Орта қойдым.

Орта қойдым,

Жорта қойдым.

Бипыл

Бипыл
Qan
Qan

ТҰСАУ КЕСЕР ЖЫРЫ

Қаз-қаз, балам, қаз балам,

Қадам бассаң мәз болам.

Күрмеуіңді шешейін,

Тұсауыңды кесейін.

Қаз-қаз, балам, қаз балам,

Тақымыңды жаз балам.

Қадамыңа қарайық,

Басқаныңды санайық.

Қаз-қаз балам, жүре ғой,

Балтырыңды түре қой.

Тай, құлын боп шаба қой.

Озып бәйге ала қой.

Қаз баса қой, қарағым,

Құтты болсын қадамың.

Өмірге аяқ баса бер,

Асулардан аса бер.

Жүгіре қойшы, құлыным,

Желбіресін тұлымың.

Елгезек бол, ерінбе,

Ілгері бас, шегін бе!

Тәй-тәй, балам, тәй балғын,

Жүре қойшы, жай балғын.

Қарыс сүйем қаз бастың,

Қадамыңнан айналдым!

Sponsored content



Back to top  Message [Page 1 of 3]

Go to page : 1, 2, 3  Next

Permissions in this forum:
You cannot reply to topics in this forum