Türk Ulus Budun
Would you like to react to this message? Create an account in a few clicks or log in to continue.

You are not connected. Please login or register

История Канглы

3 posters

Go to page : Previous  1, 2, 3, 4  Next

Go down  Message [Page 3 of 4]

51История Канглы - Page 3 Empty Re: История Канглы Tue 22 Apr 2014 - 5:30

Kangit

Kangit
Buyruq
Buyruq

То что канглы-йемеко-баявуты взаоимосвязанные этнонимы можно узнать из китайской истории Юань-Ши:


В китайских исторических работах "монгольского" периода канглы довольно часто упоминаются, но информация которую дают китайские авторы очень ограниченна. Их название в общем пишется как къанг-ли, иногда ханг-ли. Къанг-ли были известны Циннь уже в 12-м веке. В Юань-ши имя къанг-ли появляется часто и особенно в биографиях.

Гл.133 Йе-су-де-р, сын Ай-бо Бо-я-ву (ссылка 738 Под Бо-я-ву вероятно надо понимать Баяутов. Это было, согласно мусульманским авторам (ссылка на д"Оссона, 197) названием одной из ветвей канклы к которому принадлежала Турхан хатун - мать Мухаммед Шаха Хорезма. В Хорезме находилось большое количество канглов, когда "монголы" впервые вторглись в эту страну.).
Гл.134 Тъу-ху-лу, на службе у Кубилай был его девятый сын - А-ли-та-ши, который был внуком принца канг-ли - И-на.
В этой же главе находится биография Уа-ло-сзе (сноска 739 - Имя этого человека изображено такими же китайскими иероглифами какими в Юань ши в общем представляется назвние России.), который был секретарем преемника Кубилая. Его отец Минг-ли Те-му-р возглавлял эту же канцелярию при Кубилае, а его дед Хай-ду служил в армии хана Мангу. Его прадед Ха-ши Бо-яо (см. сноску 738 - о баяутах) сдался в давние времена "монголам" и был назначен управляющим стадами, принадлежавшими матери Кубилая. Сын Уа-ло-сзе - Къинг-тъунг, который служил при последнем "монгольском" императоре Шун ти, имеет отдельную биографию в гл.cxlii.
Гл.135 Тъа-ли-чъи служил у Кубилая, его отец Йе-ли-ли-бо сдался Чингизу. Там же : Минг-ан, также канглы на службе Кубилая.
Наконец, в гл.ccv под рубрикой "Офицеры негодяи" мы находим биографию канглы Ха-ма

52История Канглы - Page 3 Empty Re: История Канглы Fri 25 Apr 2014 - 3:51

Kangit

Kangit
Buyruq
Buyruq

К сожаленью из за того что история домонгольского населения обитавшего от Иртыша до Дуная настолько скудная, что каждый современный историк по своему пытается трактовать историю. И большинство источников откуда берутся сведения так же не блещут подробностями, большая часть коих писалась авторами уже монгольского периода. В дальнейшем буду выкладывать все что касается этой темы, и в частности канглы.

53История Канглы - Page 3 Empty Re: История Канглы Tue 13 May 2014 - 3:14

Kangit

Kangit
Buyruq
Buyruq

Материалы из работ башкирского этнографа Кузеева:


История Канглы - Page 3 Dsnddu15

История Канглы - Page 3 Dsnddu16

История Канглы - Page 3 Dsnddu17

История Канглы - Page 3 Dsnddu18

54История Канглы - Page 3 Empty Re: История Канглы Tue 13 May 2014 - 5:09

Kangit

Kangit
Buyruq
Buyruq

Выдержка из Юрия Евстигнеева:



Уже при правлении хорезмшахов Иль-Арслана (годы правления 1156–1172 гг.) и его сына Алаэддина Текеша (1172–1200 гг.) основными частями хорезмийской армии стали наемники из числа кыпчаков. Накануне монгольского вторжения кыпчаки буквально наводнили страну, составляя и в мирное время основу армии (например, у Теркен-ханум в качестве личной охраны был 10-тысячный отряд ее соплеменников) и вооруженных гарнизонов многих городов. Борясь со своеволием своей властной матери и неподчинением «кипчакских родственников» (например, в 1210 году он подавлял восстание кыпчаков близ Дженда, в 1216 году совершил поход против Кадыр-хана в Дешт-и Кипчак, где встретился с монгольским отрядом, который преследовал меркитов), Мухаммад II не доверял кыпчакам в своих войсках, этим во многом объясняется его уклонение от решительного сражения с монголами в 1218–1220 гг. И действительно, лишь Каир-хан Инальчик, наместник Отрара и виновник «отрарской трагедии» (убийство послов и купцов монгольского каравана в 1218 гг.), чувствуя «расплату» отчаянно защищал город, а потом и цитадель города от превосходящих монгольских сил. Сын Мухаммада Джелал ад-дин был женат на женщине того же племени, что и Теркен-хатун, его сын – на дочери хана племени канглы. Джелал ад-дин долго воевал с монголами (и с народами Южного Кавказа). Возможно кыпчакские племена, связанные родством с династией хорезмшахов отчаянно сопротивлялись монголам, чувствуя свою незавидную участь (мусульманские авторы, описывая монгольское завоевание Хорезма, не отмечают «героические подвиги» его кыпчакских защитников, отмечая лишь беспощадное уничтожение монголами канглы, возможно как наиболее организованное и потому опасное племя).

55История Канглы - Page 3 Empty Re: История Канглы Wed 14 May 2014 - 2:17

Kangit

Kangit
Buyruq
Buyruq

Небольшая статья о побежденном победителе, то есть о Каирхане на казахском:

ҚАЙЫР ХАННЫҢ ЕСКЕРТКІШІ ҚАЙДА?




ГДЕ ПАМЯТНИК КАИРХАНУ?



Бізге көрші үйде Әділ деген бала тұрады. Биыл 6-сыныпта оқып жүр. Өзі сондай білімпаз. Әңгімесін тыңдаған сайын «осының оқымаған кітабы, кірмеген сайты жоқ-ау» деген ойға қаламын. Сосын Әділ сұрақ қойғыш. Сұрақ болғанда, қайдағы бір тосын сұрақты сақ еткізіп, адамды састыратын әдеті бар.
Осы жазда ғой, аулада демалып отыр едім, қасыма сол Әділ келді. Достары анда-мұнда кетіп, әбден іші пысып жүр екен, бірден әңгімеге кірісті. Сәлден кейін, әдетінше бетіме қулана қарады да:
– Аға, сізге бір сұрақ қояйыншы? – деді.
– Ал қой, – дедім.
– Осы Қайыр ханның ескерткіші қайда? – деді Әділ.
Айттым ғой, Әділ қатырады деп. Қапелімде Қайыр ханның кім екені есіме түссеші.
– Қай Қайыр хан?
Әділ бетіме аңтарыла қарады.
– Кәдімгі Отырардың билеушісі болған Қайыр хан бабамыз ше? Сіз не білмейсіз бе?
– Ой, білем ғой, әрине…
– Енді айтсаңызшы, ескерткіші қайда?
– Ескерткіші дейсің бе?.. Шымкентте шығар…
– Жоқ.
– Қазір, қазір… Отырар ауданында. Шәуілдірде…
– Жоқ.
– Енді қайда?
– Ешқайда.
Әділ мені састырғанына мәз. Рахаттанып қалды. Бірақ артынан сәл ойланып алып:
– Өткен оқу жылында Мұхтар Шаханов атамыздың «Шыңғысханның қателігі немесе жеңіл-ген жеңімпаз туралы Отырар дастанын» жаттап едік. Қандай ғажап шығарма! Алты ай бойы жауға берілмей, туған қаласын қасық қаны қалғанша қорғаған Қайыр хан бабамыз қандай батыр болған! Бірақ елімізде ескерткіші жоқ екен. Сұрастырып та көрдім, ғаламтордан іздестіріп те көрдім. Еш жерге қойылмапты. Өкінішті-ақ! Әттең, бір қаланың әкімі болсам ғой, ең көрікті орынға еңселі ескерткіш орнатар едім! – деп әңгімесін аяқтады…

История Канглы - Page 3 Dddddd28

Бұл оқиғаның жазда болғанын айттым ғой. Енді есіме неліктен қазір түскенін айтайын. Күні кеше ФБ-ны ақтарып отырып, бір ғажайып ескерткішке көзім түсті. Суреттің астына «Үргеніштегі Жәлел ад-Динның ескерткіші» деп жазылыпты. «Ол кім?» дейсіңдер ме? Айтайын. Жәлел ад-Дин Менгуберді – Хорезм мемлекетінің соңғы билеушісі. Туған елін моңғол шапқыншылығынан қорғаған хас батыр. Шыңғыс ханға бас имей, 10 жыл бойы шайқасып, ақыры 1231 жылы ерлікпен қаза табады. Өзбек ағайындар Жәлел ад-Дин бабаларына өзі қорғаған Үргеніш қаласында ескерткіш орнатып қана қоймай, оның атына арнайы орден де тағайындапты.



История Канглы - Page 3 Dddddd29


Қарап отырсақ, «жеңілген жеңімпазға» құрмет көрсетудің мысалдары жетерлік екен. Францияның Клермон-Ферране қаласында галл тайпасының жаужүрек көсемі Верцингеторингтің ескерткіші (суретте) бар. Ол сонау бағзы замандарда, біздің дәуірімізге дейінгі 82-46 жылдары өмір сүріпті. Елінің азаттығы үшін басын бәйгеге тігіп, Рим императоры Юлий Цезарьмен шайқасқан. Жеңілген. Римдіктер Верцингеторингті тірідей қолға түсіріп, 5 жыл бойы қапаста ұстаған. Ақыры сертінен тай-маған хас батырдың басын алады.

АҚШ-тың Оңтүстік Дакота штатында Сұрапыл тұлпар есімді үндіс көсемінің тасқа қашалған алып бейнесі тұр. Ол да ақтық демі қалғанша жаумен айқасқан екен.
Өкініштісі, біз Қайыр хандай қаһарман бабамыздың қадіріне жете алмай жүрген сияқтымыз. Әсіресе, Қытай киногерлері түсірген «Шыңғыс хан» сериа-лы елімізде көрсетілгелі бері Қайыр ханды мүлде ұмыта бастадық. Айтары жоқ, қытайлар Қайыр ханды барынша жауыз, атаққұмар, тәкаппар етіп көрсетуге тырысты. Бірақ сужүрек қорқақ етіп көрсете алмады. Ол мүмкін де емес еді. Отырарды алты ай бойы жанкештілікпен қорғаған Қайыр ханның ерлігі заманында-ақ аңыз болып алысқа тараған. Әлі күнге дейін тарихшыларды тамсандырып келеді.
Егер Отырар қазақтың қаласы болса, әл-Фараби қазақтың ғұламасы болса, онда қаңлы тайпасынан шыққан қаһарман баба Қайыр ханды да ұмытуға болмайды. Оның еңселі ескерткіші өзі жаудан қорғаған киелі өлкенің төрінде асқақтап тұруы керек.
Осыны 6-сыныпта оқитын Әділ түсінеді. Біздер, үлкендер, неге түсінбейді екенбіз?..


56История Канглы - Page 3 Empty Re: История Канглы Wed 14 May 2014 - 2:49

Kangit

Kangit
Buyruq
Buyruq

Еще одна статья на эту тему:

ҚАЗАҚҚА ҚАЙЫР ХАН ЖАҚЫН БА, ӘЛДЕ ШЫҢҒЫС ХАН БА?!



КТО БЛИЗОК КАЗАХАМ, КАИРХАН ИЛИ ЧИНГИЗХАН?!




Ентелеп келген жаудың ентігін бес ай бойы қаланың сыртында, бір ай бойы қамалдың ішінде басқан, монғолдармен өліспей-беріспейтін шайқастың ең жоғары жанкештілігін көрсеткен Отырардың билеушісі Қайыр ханның ерлігі заманында алысқа тараған. Ағыны күшті су толқынындай толықсып келген монғолдың ең таңдаулы жасақтарын басқарған Шағатай мен Үгедей нояндарының қолы Сырдария өзенінің жағасындағы ұлы Отырар қаласының қақпасының алдында бес ай дәрменсіздік көрсетіп, толқыған күш кейін ысырылды. Намыстың көкжалын ауыздықтаған монғолдар үсті-үстіне тас және от атқыш қаруларын қолданып, қамалдың дуалдарын бұзуға, қайыспас қазақ ұландарының жігерін құм етуге ұмтылғанымен, алты ай бойы жеңіске жете алмады. Мұндай қарсылықты олар бұған дейін еш жерде кездестірмеген. Рас, Рашид ад-Диннің жазуынша мұндай қайсарлықты бұдан кейін олар Қайыр ханның туысы Құмар тегін басқарған үргеніштіктер ғана көрсетті. Үргеніш жеті ай бойы жауға берілмей, оларды үлкен қырғынға ұшыратты. Тек Түркен Хатунның қамалдан шығып кетуі және қолбасшылар арасында іріткінің болу себебінен қаңлылар қорғаған бұл қала да жермен жексен болды. Монғолдар Отырарда қайтпас, қайсар ұландарды, соғыстың өздері білмейтін әдістерін көріп, амалсыздан таңдай қақты.


Тарихта «Отырар ойраны» деген атпен белгілі болып қалған бұл шайқастың басты батыры Қайыр хан болатын. Сол жылдарда, одан кейін де Отырар ойранының басты қаһарманы да, себепкері де Қайыр хан деп айтылды. Бұл көзқарас бүгінгі күнге дейін өзгерген жоқ. Шын мәнінде қазақ жерінде өткен осы қантөгісті шайқастың басты қаһармандары қазақ халқының негізін қалаған тайпалардың бірегейі – қаңлы ұландарының ерлігін сол кезде Батыс, Қытай, Монғол төмендеткісі келсе, одан кейін тарихымызды тұмшалау үшін орыс империясы Отырарда болған ұлы ерлікті айтпау, айтқызбау үшін жалған тарих жасауға ұмтылғаны анық.
Қайыр ханның қолбасшылығымен болған қазақ жерінің ұландарының ұлы ерлігін тұмшалау үшін Отырар қаласының әкімі Шыңғыс ханның бес жүзге жуық саудагерін өлтіруі соғыс отын тұтандырды дегенді айтады. Осыны алға тартып, Қайыр ханның ғана емес, қазақ жерін қорғаған ұландарымыздың ерлігін жоққа шығарғысы келеді. Отырар қаласына шабуыл жасаған, 1219 жылға дейін монғол нояндары Қытайды және Қиыр Шығыс пен Алтай өлкесін мекендейтін аз ұлттарды басып-жаншып жеріне, еліне иелік жасағаннан кейін ол батысқа қарай алаңдап, сол кезде Европаның елдеріне шапқыншылық жасауда алдында кесе көлбеңдей тұрған Хорезм мемлекетін басып алу арманы еді. Бұл туралы Шыңғыс ханды зерттеп жүрген Монғолия тарихшысы Эренжен Хара-Даван «Чингис хан как полководец и его наследие» деген еңбегінде Хорезмшахы Мухаммедтің бұйрығымен Отырарға келген 450 саудагерді өлтіруі шын мәнінде Шыңғыс ханның Батысқа шабуылын тездетті дегенді айтады. Көптеген ғалымдар мен тарихшылардың, жазушылардың айтуынша Шыңғыс хан батысқа шабуылын ол оқиға болса да, болмаса да тоқтатпайтыны анық еді. Ол алдымен 450 саудагерді өлтірген Қайыр ханды Хорезм шахының ұстап беруін талап етті. Ол қаңлылардың көсемдерінің бірін Мұхаммед шахтың көмегімен өлтіруі арқылы, біріншіден, Хорезм мемлекетінің негізін қалайтын өзге қаңлылардың, атап айтқанда сол кезде елде үлкен билікке ие болып отырған қаңлылардың басшысы Әмин Мәлікке қыр көрсету болса, екіншіден мемлекет басшыларының арасына ірткі салу болатын. Жалпы Шыңғыс хан бұл әдісті барлық шайқастарында пайдаланған. Сол кезде: «Шыңғыс ханның біреудің үмбетін жазалауға тырысқаны да халықаралық құқыққа томпақ келетін оғаш қылық еді», – деген Әбіш Кекілбаев – «оны бұндай қылыққа итермелеп тұрған, шынына келсек, Қайыр хан емес, Шыңғыс ханның өзі еді. Өзімен дәрежелес падишаға «ұлым» деп хат жазған сол еді. Ол әлі жаулап алмай тұрып «бағыныштымысың?» деп басынғандық еді. Бұл қай дербес мемлекет үшін де заңсыз соғыс ашқанға пара-пар озбырлық саналатын». Әлем алдында өзінің қаныпезерлігін жасыру үшін К.Маркс айтқандай «Дикий гений» неше түрлі әдіс-айланы пайдаланғаны сөзсіз. Соғысуға себеп табу үшін Шыңғыс хан өз саудегерлерін өзі қырып тастауы да әбден мүмкін. Бұл ойды «Адамзаттың Айтматовы» атанған Шыңғыс Айтматов және орыс ғалымы М. Иванин, тағы басқалар қуаттаса, зерттеуші Мұртаза Бұлұтай Түркияда жарық көрген «Ислам энциклопедиясында» белгісіз автор Қайыр хан туралы жазғанда саудагерлерді оның өлтірмегенін алға тартады. Бұл пікірді араб саяхатшысы Ибн Батута да растайды дейді. Айта берсе мұндай кереғар пікірлер өте көп. Қайсы дұрыс, қайсысы бұрыс оны бүгінде дөп басып айту қиын. Алайда алдына қойған мақсатына жету үшін қолбасшылар талай айла-шарғыларға барғаны анық. «Бейбіт саудагерлерді Қайыр хан өлтірді» деген пікірлерді елдің санасына сіңіруде дәл сол кезде көп жерді торлаған Шыңғыс ханның жансыздарының еңбегінің нәтижесі емес деп кім айта алады. Ал айналасын соғыс өртіне орап жатқан елдің саудагерлерінің арасында «жансыз жоқ еді» дегенге сенуге бола ма?!


Не керек, Отырардың көп қақпаларын торулап, ішке ене алмаған монғол отаршылары сатқынның көмегімен бес айдан кейін ішке енді. Сол кезде де Қайыр хан жаудың көп қолына аз күшпен қарсы тұрып, бір ай бойы жан аямай шайқасты. Отырарға дейін талай қалаларды жермен жексен етіп, халқын қойдай бауыздаған монғол шапқыншыларының қатыгездігін естіп-білген Қайыр хан сарбаздарын мәңгі өшпес ерлікке бастай білді. Ол сонымен бірге Хорезм шахтан көмек келеді деп сенді. В.Г.Янның «Чингиз хан. Пропавший караван» кітабында шахтың Отырарға көмек ретінде жіберген 20 мың әскері Шыңғыс ханның жансыздарының іріткі салу жұмысының салдарынан, жау жағына өтіп кеткенін айтады. Көмектің келетініне сенімін үзбеген Қайыр хан өзі бас болып, Отырардың әрбір мұнарасын алынбас қамалға айналдырды. Бұл жөнінде қазақтың және әлемнің белгілі жазушылары шығармаларын да, түсірілген фильмдер де жан-жақты суреттелген. Қаланың көшелері мен үйлері өлікке толды. Отырарға сыртта келетін су құбырлары жабылды. Азық таусылды. Адамдар аштан қырыла бастады. Соғыстың соңғы сәтіне дейін Қайыр ханның Мұхаммед шахтан көмек келетініне сенетін тағы бір жағдайы бар еді. Мұхаммед шахтың шешесі Түркен Хатун Қайыр ханның туған әпкесі болатын. Өзін әлем падишасымын деп санаған Түркен апасының да қарамағында сарбаздары бар екенін Қайыр хан жақсы білетін. Оның үстіне Хорезм шахтың тұрғындары да негізгі сарбаздары да өзінің бауырлары қаңлы және қыпшақ тайпаларынан жасақталған болатын.


Кейбір ғалымдар Қайыр ханның ұлы ерлігін айтудың орнына оның тегін термелеп, елдің назарын өзге жаққа аударып жіберуді әдетке айналдырған. Ортағасырлық тарихшылардың жазып қалдырған жазбаларында Қайыр ханның тегі қаңлы екені айтылған. Мәселен, атақты ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мекемтас Мырзахметұлы мен шығыстанушы ғалымдар Ислам Жеменей, Асқар Әбдуәлиев «Көне Тараз» кітабында былай дейді: «ХІІ ғасырда хатқа түскен Қожа Ахмет Иассауидың немере туысы Қойлақи аударған шежіре кітабы «Насаб-намада» Қайыр хан ата тегін қаңлы еді деп атап өтеді. Осы дерек тарихи шындыққа дөп келеді. Өйткені, б.з.б. ІІІ ғасырдан б.з. VІІ ғасырына дейін Сыр бойын тұтас жайлаған қаңлы державасы болатын-ды. Сол қаңлылардан шыққан текті ұрпақтың бірі Қайыр хан болуының да жөні бар». Сонымен бірге, осы ғалымдар және өзгелер ХІІІ ғасырда Отырар және оның айналасын қыпшақтар мекендемегенін алға тартады.

В.В.Бартольдтың айтуынша ортағасырлық авторлардың бірі Джувейни Хорезм шах Мұхаммедтің анасы қаңлы тайпасынан екенін айтады. Тәжік халқының ұлы тарихын жазған академик Б. Ғ. Ғафуров «Тәжіктер» атты ғылыми еңбегінде Түркен Хатунды қаңлыдан шыққан қыпшақ көсемдерінің қызы деп жазған. Сол кезде қаңлылар мен қыпшақтардың тұтастығы дами бастаған болатын. Сондықтан да Махмұт Қашқари «Дивану луғат ит-түрік» еңбегінде «қыпшақ тайпасының жақсы-жайсаң ұлықтары қаңлылар еді» деп жазуының да себебі осы болса керек. Бұл пікірді Хорезм мемлекеті туралы үлкен ғылыми еңбек жазған орыс ғалымы С.П. Толстов та қуаттайды. Мәселе оның қай тайпадан шыққанында емес. Академик Әбдуәлі Қайдар ағамыз «Бұл деректі келтіріп отыруымыздың тағы бір себебі – кейбір тарихшыларымыздың «Қайыр ханның тегі қаңлы еді», – деп айтуға ауызы бармай, «оның тегі қыпшақ болуы мүмкін», «ол түркі тайпаларының бірінен шыққан», – деп, сан саққа жүгіртіп, тарихи шындықты бұрмалап айтудан жалтара беруі. Қазақ тарихы үшін дәл осы деректің қажеті болмауы да мүмкін, бірақ қандай тарих жазылмасын, оның шындықтан алшақтап, бұрмаланып айтылуы оның өзіне нұқсан келтіреді», – деген пікірімен келіспеске болмайды. Кім болса да, Қайыр хан қазақ халқын қалыптастырушы ірі тайпаның ұлы екені рас. Оның ерлігін екінің бірі қайталай алмаған. Сол кезде зерттеушілер Қайыр ханның иелігіндегі ел бірлігінің өте жоғары болғанын айтады. Сондықтан да кейбір ғалымдар сол заманда қаңлы мен қыпшақ егіз ұғым екендігін алға тартудың астарында осы бірліктің мықты болғанын көрсетсе керек. Ал қытайлық ғалымдар мұндай пікірмен тіпті де келіспейді. Олар қаңлы мен қыпшақ бір шаңырақтың астында болмаған дегенді айтады. Тарих сахнасына қаңлыларға қарағанда қыпшақтар кеш шыққанын алға тартады.


Жалпы қытайлық ғалымдардың, тарихшыларының деректерінде қазақ халқының негізі болып табылатын тайпалардың бірі қаңлының сол заманда алған орнын төмендету анық байқалады.
Шын мәнінде Шыңғыс ханның шапқыншылығына дейін ұлан-ғайыр жерді алып жатқан бірнеше мемлекеттерде қаңлылардың ықпалы жоғары болды. Сондықтан да Шыңғыс хан олардың беделін төмендетіп, өзін алғашқы күннен қолдаған қазақ халқының құрамындағы өзге тайпаны биікке көтеруге ұмтылыс жасады. Тарихшы Талас Омарбеков осылай дейді.Тіпті, Отырарды жаулап алғаннан кейін оның әкімі Қайыр ханға Хорезмді жеңгеннен кейін, Түркен Хатунды бүкіл халықтың алдында масқаралап, олардың бейшара күйін елге көрсетті. Қайыр ханды иттермен бірге зынданда ұстаса, Түркен Хатунға өзі жеген тамақтың қалдығын тастады. Бұл туралы тағы да Әбіш Кекілбаевтың «Талайғы Тараз» кітабында айтылған ойларға жүгінейік. «Шыңғыс хан оны айыбына лайық жазалаған жоқ. Өзінің оған деген ызасына сәйкес жазалады. Түркен Хатунның саяси әрекеттеріне, адамгершілігіне оң баға беру, әрине, қиын. Алайда оның атын сыртынан сатып өтірік үндеу тасталғаны, сөйтіп, оны өз халқына қарабет қылып көрсететін қиянат жасалғаны, қазіргі заман тілімен айтқанда, Шыңғыс ханның үлкен «джентельмендігі» емес еді. Бұл – нағыз саяси көзбояушылық еді. Сондай-ақ, Шыңғыс ханның патшайым Түркен Хатунға көрсеткен теперіштерін де ұлылықтың көріністеріне емес, жай ғана пендешілікке жатқызған жөн. Бұл арада Ескендір Зұлқарнайын еске түседі. Оның Дарий патшаның отбасы мен ханымына көрсеткен адамгершілігі ойға оралады. Ал Шыңғыс хан ше?.. Қарақорымға қайтып кетейін деп жатқанда ол Хорезм шахтың әйелдері мен Түркен Хатунды жұрттың алдына зорлап шығарып, опат болған Хорезмге жоқтау өлең айтқызады. Тұтқында жүрген патшайымды желкелетіп алдына алып келгізіп, дастарқандағы өз жегенінен қалғанды «же» деп күштейді. Бұл да ұлы падишадан гөрі, жай әншейін, жұмыр бастыларға тән пендешілік еді. Ел билеген ханымды тұтқын екен деп, қаңғырып жүрген қайыршыдай жалба-жұлба киіндіріп қоюы да – пендешіліктен басқа ештеңе емес еді.


Шыңғыс ханның пендешілігі мен жауыздығын айтып жеткізу қиын. Ол өзге елдерді жаулап алуда екі кезеңде екі түрлі әдіс қолданды. Тарихшы В.В.Трепавловтың айтуынша 1207 – 1218 жылдары түркі халықтарымен одақтасу саясатын жүргізді. Осы кезде ол Алмалықтың ханы қаңлы Озар мен оның баласы Сунақ тегімен құда-құдандалы болды. Бұл саясатты оның ұрпақтары кейін де жүргізді. Мәселен, Жошы үлкен қызын Болған бикені қаңлыға беріп, достасты. Мұхаммед Қайдар Дулати өзінің ұлы ұстазы санаған қазақтың тұңғыш тарихшысы, қаңлының ұлы Жамал Қаршыдай оқымыстыны Алмалықтың билеушісі бауырына тартып, өзгеше шен-шекпен берді. Бүкіл империяда ешқандай кедергісіз жүріп-тұруына рұқсат берді. Ал 1218 – 1223 жылдар аралығында түркі халқын жаулап алып, қырып жіберу саясатын ұстанды. Сол кезде Орталық Азия мен Алтайда ең ықпалды, беделді қаңлылармен де екі түрлі саясат жүргізді. Бірінші жоғарыда айтқандай олармен құда болса, кейін оларды аяусыз жою саясатын ұстанды. Отырарды, Үргеншті, Ходжентті, Самарқанды, Бұқараны жаулап алғаннан кейін өзіне қатты қарсылық көрсеткен монғолдарды жеңуге болатындығын айдай әлемге дәлелдеген, өзінің ата жауы меркіттерді арасына сіңірген қаңлы сарбаздары мен әміршілерін халықтың алдында қойша бауыздауды әдетіне айналдырды. Мысалы, ұлы тарихшы Рашид ад-Диннің жазып қалдырған деректері бойынша Шыңғыс хан Самарқанды жаулап алғаннан кейін 30 мың қаңлы әскерімен 20 әмірімен қоса бауыздады. Осы тарихшының еңбегінде Шыңғыс ханның талай қанқұйлы істері айтылған. Ал тарихшы, ғалым Талас Омарбеков жақында Қазығұртта өткен ғылыми конференцияда монғолдар тікелей Шыңғыс ханның бұйрығымен өздеріне өршелене қарсылық көрсеткен қаңлының қыз-келіншегін тырдай жалаңаш етіп шешіндіріп, бір-бірімен шайқастырып, одан соң бауыздағанын айтты. Ол кісінің қандай дерек көзіне сүйеніп айтқанын анықтай алмадық, бірақ тарихшы бекерден-бекер мұндай деректі айтпасы анық. Жаулап алған жерінде қыз-келіншектерді зорлау монғолдардың әдетіне айналған. Оған мысал өте көп. Бұл деректі тарихшы З.М.Буниятов та растайды. Ол әйелдерді қызыл қуырдақ етіп турап тастағанын айтады. Шыңғыс ханның жауыздығы туралы дерек көп. Ол өздерімен аталас меркіттерді түгел жойып жібергенін ұмытуға бола ма? Сол сияқты Сібірдің ормандарында жүрген талай ұлтты жер бетінен жойып жібергені де белгілі. Айта берсек жүрек шошырлық мұндай мысалдар өте көп. Оның соғысы тек тонаушылықты мақсат еткенін талай ғалымдар мен тарихшылар ашына жазған. Шыңғыс хан соғыс қана ұлы билікке жеткізеді деп ойлаған, соны мақсат еткен. Соған қарамастан оны «ұлы» деп айтып, ақтап алып, атын асқақтатқымыз келеді.


Бір адамды өлтірген адамды қылмыскер дейміз. Ал мыңдаған адамдарды қырып, жойған Шыңғыс хан «жасампаз, халық ұлы» бола ала ма? Олай болса, орыстарды және оның иелігіндегі өзге де халықтарды қырып-жойған Гитлерді коммунизмге қарсы шыққанын алға тартып, ақтап алу оңай емес пе?! Сонда оны да ұлы жасампаз саясатшылардың қатарына қосқанымыз дұрыс бола ма?! Адамның қанын шашып, өзінің шексіз билігін орнатқанды «ұлы тұлға» деп асқақтатып, туған жерін, елін, Отанын ерлікпен қорғағанды «бейшара» деп аласартқанымыз қалай? Жалпы осы мәселелер жөнінде пәтуаға келетін кез келді. Шыңғыс ханның шапқыншылығы туралы біз қандай ұстаным ұстауымыз керек? Жерімізді қанға бөктірген, қанқұйлы ісін жоққа шығарып, «ол қазақ еді» деп мақтануымыз керек пе? Мұны да ғалымдар мен саясаткерлер анықтап беретін уақыт жетті. Бүгінгі ұрпаққа не деуіміз керек? Бізге, қазаққа кім жақын, Шыңғыс хан ба, әлде Қайыр хан ба? Қайсысын батыр ұланымыз дейміз? Бірақ бір нәрсенің анық екенін ешқашанда естен шығармау керек: отаршылдың езгісінде, табанында, құлдығында болмау үшін, Отанын қорғап, жан беріп, жан алған адамның ерлігі мәңгілік!


Біздің бүгінгі мақсатымыз Қайыр хандай өшпес ерлік иесін мәңгі ұрпаққа өнеге ету. Оның атын тарихта ер тұлға ретінде мәңгі халықтың жадында қалдыру. Халқымыздың ұлы батырларының бірі екенін тану. Тарихшылар қалай де Қайыр хандай батырға үлкен ескерткіш орнатып, оның ерлігін бүгінгі ұрпаққа өнеге ету аса маңызды. Қалаларымыздың көшелеріне оның атын беру де күн тәртібінде тұрған мәселе. Заманына қарай «екі кеменің құйрығын ұстағандарды» құрметтеп, елді мекеннің, көшенің атын бергенде Қайыр хандай тұлғаның ұмыт бола беретіндігі немесе ерлігін тәлкекке түсуі түсініксіз. Қазір кейбір жерлерде жаман әдет пайда болды. Бүкіл қазаққа ортақ батыр мен көсемді сол рудың ұрпақтары ғана дәріптеуді жеке меншігіне айналдырып алғандай әрекеттер жасауда. Ұрпақтары жоқ батырыңыздың да, ұлы тұлғалардың да аты өше берсе, қазақтың тарихы тұтас болатындығына сенім жоғалады.Тарихты бір адам немесе бірнеше адам жасамайды. Тарихты бүкіл халық жасайды. Ал сол халықты ұлы істерге бастаған ұландарына іс-әрекетіне қарай құрмет көрсетіледі. Қазақ жерін, елін қорғауда жанын аямаған, ерлік біздің қанымызға сіңген қасиет екенін әлемге танытқан Қайыр ханды бір рудың, тайпаның ұлы деп қарауға болмайды. Қажет десеңіз, бүркілердің қайыспас, қайсар, ержүрек ер, елі үшін жанын беруге дайын ұл көп екенін сол кезде батысқа да, шығысқа да танытты емес пе?! Сондықтан да оның ерлігін ұрпаққа үлгі ету елдігімізге сын. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні Қайыр хан қазақ халқы қандай құрмет көрсетсе де лайық.



57История Канглы - Page 3 Empty Re: История Канглы Tue 20 May 2014 - 10:14

Kangit

Kangit
Buyruq
Buyruq

Насчет время от времени появляющемуся информации о основании Османской Империи Канглами думаю имеют обоснованную на это почву. Слышал что турки рассказывают туристам что основателями Османской Империи и современной Турции были именно Канглы, и что они считают своими предками Канглов. Но к сожаленью из за скудости турецких источников и ввиду их недоступности не могу полностью ознакомиться с этими данными. И в связи с этим меня заинтересовала одна книга некоего Османа Ерулмаза Кангли Турклери, или прошлое Тюрков-Канглы. К сожаленью пока не имею возможности ознакомиться с содержанием книги. Но все же ознакомлю с самой книгой.


Краткое описание:

Türk tarihini anlamak ve hala çözüm bulunamamış meselelerine nüfuz etmek, Türk siyasi teşekküllerinin boy yapıları ve bünyelerindeki unsurların bilinmesinden geçmektedir. Boylardan meydana gelen siyasi yapının anlaşılması, genel manada Türk tarihinin anlaşılmasını sağlayacağından, boy araştırmaları tarihimiz açısından özel önem arz etmektedir. Zira Türk tarihi, boylar üzerinde gelişmiş ve temel karakteristik yapısını boylardan almıştır. Boyların önemi bilinmesine rağmen, günümüze kadar birkaçı hariç (Kıpçaklar, Oğuzlar) boy araştırmaları önemli oranda ihmal edilmiştir. Bunlardan biri de Türk tarihinin ana yapılarından biri olmakla birlikte pek bilinmeyen Kanglılardır.

Çin'in kuzeybatısında ortaya çıkıp daha sonra Avrasya ve yakın doğuya dağılan, tarihteki Türk devlet ve topluluklarının pek çoğunda yer alan Kanglıların; Kazaklar, Kırgızlar, Özbekler, Karakalpaklar, Başkurtlar, Nogaylar ve Türkiye Türkleri arasında günümüze kadar süren serüvenini siyasi ve kültürel yapılarını dikkate alarak kültür tarihi ve sosyolojisi bağlamında değerlendiren bu eser sahasında ilk ilmi çalışmadır.

Kanglılar hakkında uzun yıllardır devam eden araştırmaların sonucunda ortaya çıkan bu eser, pek çok noktası karanlıkta olan derin bir tarihin varlığını ortaya çıkarmakla kalmamış, aynı zamanda yeni araştırmaların gerekliliğini de göstermiştir. Eserin ayrıca Türk tarihinde ve Türk kültür sosyolojisinde yerleşmiş bazı kanaatlerin değişmesine vesile olacağı muhakkaktır.


История Канглы - Page 3 41vuda10

58История Канглы - Page 3 Empty Re: История Канглы Mon 9 Jun 2014 - 23:25

Kangit

Kangit
Buyruq
Buyruq

Интересный момент из книги российского фантаста и писателя Льва Прозорова, который смешивает в своих книгах историю с некоторыми элементами фэнтези. Исторического значения конечно не имеет, но очень примечателен.

– Пришёл напомнить о моих клятвах? – Куркуте поднял вспыхнувшие глаза на Бояна. – Тот тёмник, что клялся Ингуру Сыну Сокола, мёртв. Остался бхакши Куря. И сам Ингур мёртв. Мы кангары. Мы хищники. Мы не заключаем союзов с ковырятелями земли, с обитателями нор.
– Вы не всегда были только хищниками, – негромко ответил Боян, глядя в глаза старому кочевнику. – По сей день главная еда кангаров – просо, пусть и с мясом баранов. И мне ведомы ваши песни о том, как возводили в стране Канг сияющие крепкостенные города. Как превращали пустоши в поля, прокладывая каналы – само слово Канг разве не значит «канал»?
– Это было давно, – глухим эхом отозвался Куркуте. – Города стали руинами, и имена их забыты. Рухнули плотины, песком занесло каналы. Те, кто падал лицом в грязь перед своими вожаками, пока лица эти не стали плоскими и не обрели цвет грязи, разрушили страну Канг. Остались только мы. Только кангары. И мы запомнили – сила важнее умения. Тот, кто грабит, сильнее того, кто строит.


История Канглы - Page 3 810


История Канглы - Page 3 610

59История Канглы - Page 3 Empty Re: История Канглы Sun 15 Jun 2014 - 7:52

Kangit

Kangit
Buyruq
Buyruq

В начале XVII века канлами и катаганами, проживавшими в Ташкентском уезде управлял удельный казахский хан Турсун.

В 1629 году Есымхан Храбрый убил Турсуна и разорил подвластных ему канлы и катаганов; большая часть последних бежала за Сыр-Дарью на запад, а оставшиеся под именем шанышклы присоединились к канлы.


История Канглы - Page 3 Ddundu11

60История Канглы - Page 3 Empty Re: История Канглы Wed 25 Jun 2014 - 10:16

Roflbou

Roflbou
Börü
Börü

Салем. Хорошая информация, познавательная про ру Канглы, рахмет. Помимо Кыпшаков доказана до монгольское автохтонное происхождение рода Канглы, если опиратся на данные генетика  Жаксылыка Сабитова. Вы не могли бы разместить, вот этот ваш материал собранный на этом сайте, на Евразийке, там есть тема про род Канглы, но он почти пустует http://forum-eurasica.ru/index.php?/topic/4177-plemia-khangin-kanglykanlykangiui/  я бы сам разместил, но пока времени нету...

61История Канглы - Page 3 Empty Re: История Канглы Sun 23 Nov 2014 - 7:10

Kangit

Kangit
Buyruq
Buyruq

Из трилогии Ильяса Есенберлина "Кочевники"



История Канглы - Page 3 Kang110

62История Канглы - Page 3 Empty Re: История Канглы Sun 23 Nov 2014 - 7:27

Kangit

Kangit
Buyruq
Buyruq

Территория расселения канглов


История Канглы - Page 3 Kazygu10

63История Канглы - Page 3 Empty Re: История Канглы Sun 23 Nov 2014 - 7:35

Kangit

Kangit
Buyruq
Buyruq

Канглы в Капальском уезде



История Канглы - Page 3 Aia_de10

64История Канглы - Page 3 Empty Re: История Канглы Sun 21 Dec 2014 - 4:54

Kangit

Kangit
Buyruq
Buyruq

История Канглы - Page 3 210

65История Канглы - Page 3 Empty Re: История Канглы Thu 1 Jan 2015 - 1:48

Kangit

Kangit
Buyruq
Buyruq

История Канглы - Page 3 310

66История Канглы - Page 3 Empty Re: История Канглы Thu 1 Jan 2015 - 1:49

Kangit

Kangit
Buyruq
Buyruq

История Канглы - Page 3 110

67История Канглы - Page 3 Empty Re: История Канглы Thu 22 Jan 2015 - 23:34

Kangit

Kangit
Buyruq
Buyruq

Из истории Ташкента правления времен Юнус-Ходжи.

Йунус-ходжа (Юнус-ходжа) (ок. 1756/1757-1805/1806) – сын Инайат-ходжи, потомок Шейхантаура, сына Шейха Умара Багистани. Независимый правитель Ташкента (1794/1795-1804/1805). Пришел к власти, жестоко расправившись со своими соперниками, при поддержке казахских племен чанышклы и канглы, которые считались его мюридами. Вел активную борьбу с кокандскими правителями, помогал их противникам в Фергане. В 1803 г., опираясь на казахов племени чанышклы, вторгся в Фергану, но был разгромлен кокандцами под Гурум-сараем (на берегу Сырдарьи). После его смерти, при сыновьях Султан-ходже и Хамид-ходже Ташкентское владение пришло в полный упадок, было подчинено, а в 1809 г. окончательно завоевано Кокандом.

68История Канглы - Page 3 Empty Re: История Канглы Thu 22 Jan 2015 - 23:38

Kangit

Kangit
Buyruq
Buyruq

История Канглы - Page 3 113 История Канглы - Page 3 211


История Канглы - Page 3 312

69История Канглы - Page 3 Empty Re: История Канглы Wed 28 Jan 2015 - 0:17

Bek

Bek
Buyruq
Buyruq

Kangit, из какой книги последние выдержки? кто автор?

70История Канглы - Page 3 Empty Re: История Канглы Mon 9 Mar 2015 - 23:12

Kangit

Kangit
Buyruq
Buyruq

Из Чокана Валиханова


История Канглы - Page 3 1110

71История Канглы - Page 3 Empty Re: История Канглы Mon 23 Mar 2015 - 2:23

Kangit

Kangit
Buyruq
Buyruq

Канглы в Верненском уезде (современный Алматы и близлежащие районы)


История Канглы - Page 3 Eezezi10






Канглы в Аулиеатинском уезде (Часть современной Джамбульской области)

История Канглы - Page 3 Idaeia10

72История Канглы - Page 3 Empty Re: История Канглы Tue 7 Apr 2015 - 5:12

Kangit

Kangit
Buyruq
Buyruq

Очевидно, под родами Большой орды, здесь речь идет о Канглы и Чанышкылы




История Канглы - Page 3 Y10

73История Канглы - Page 3 Empty Re: История Канглы Tue 7 Apr 2015 - 5:35

Kangit

Kangit
Buyruq
Buyruq

Слова Алимкула перед смертью в защите Ташкента. Примечание: Алимкул - фактический правитель Кокандского ханства, по происхождению ферганский кипчак.


Под кипчаками имеются ввиду его собственные соплеменники, а под киргизами очевидно ферганские кыргызы.




История Канглы - Page 3 K110

74История Канглы - Page 3 Empty Re: История Канглы Sun 19 Apr 2015 - 4:04

Kangit

Kangit
Buyruq
Buyruq

Bek wrote:Kangit, из какой книги последние выдержки? кто автор?

Хоть и поздновато ответил, все же лучше поздно чем никогда. Если про отрывок о Ташкенте и Юнус-ходже. То вот источник.



История Канглы - Page 3 Zdi_oa10



История Канглы - Page 3 Zdi_oa11

75История Канглы - Page 3 Empty Re: История Канглы Sun 19 Apr 2015 - 4:25

Kangit

Kangit
Buyruq
Buyruq

Свидетельство о канглы-тюленгутах:

Между султанами на этой почве неоднократно вспыхивали споры из-за тюленгутов. В XIX веке султаны часто обращались к пограничным властям за разрешением взаимных споров о тюленгутах.

В 1864 году тюленгуты из туркменов султана Большой орды Али Аблайханова в количестве 16 семей откочевали от него к султану Тезеку Аблайханову. Откочевали они потому, что не желали отдать девочку — дочь одного из тюленгутов замуж за какого-то казаха...

Султан Али обратился к начальнику Алатавского округа с просьбой о возвращении этих тюленгутов.

На запрос округа султан Тезек ответил, что эти тюленгуты являются издавна его тюленгутами и никогда султану Али не принадлежали, и в свою очередь просил возвратить ему от султана Али всех тюленгутов рода канглы:

«Если говорить правду, то все находящиеся при Али тюленгуты канглы есть мои... Канглы прежде постоянно кочевали при нас, когда мы еще не состояли в подданстве России, султан Али уходил к сартам и насильно увлек с собой канглов, когда я еще был небольшим мальчиком. Поэтому прошу Вас всех канглов возвратить ко мне».

Sponsored content



Back to top  Message [Page 3 of 4]

Go to page : Previous  1, 2, 3, 4  Next

Permissions in this forum:
You cannot reply to topics in this forum